Жемқорлық – жегі құрт

Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 106 рет

 

Бүгінгі қоғамның жегі құртына айналған сыбайлас жемқорлықты ауыздықтасақ, өңірімізде өркениетті елдердегідей қоғам қалыптасады.

Әрбір өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес – өзекті мәселелердің бірі. Жемқорлық – қазақ елінің бәсекеге қабілеттілігіне нұқсан келтіріп, халықаралық беделіне сызат түсіреді. «Жемқорлық – індет, жою – міндет» дегендей, онымен күресуді әр азамат өзінің борышы санауы керек.

Оған қарсы пәрменді күрес жүру үшін бірінші кезекте санаңыз сау болуы тиіс. Салауатты сана қалыптасқан жағдайда кез келген адам адамгершілікке жат қылықтардан бойын аулақ ұстап, заңға қайшы әрекеттерді жасауға жол бермейді.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстан Республикасы Президентінің назарынан ешқашан тыс қалған емес. Елбасы өз халқына арнаған Жолдауында «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді. Сондықтан, онымен күрес жүргізу жалпыұлттық міндет» деген болатын.

Біздің де айтарымыз Заңға сәйкес қылмыстың бұл түрімен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын кез келген тұлғалар жүргізуі тиіс. Себебі, құқық бұзушылыққа немқұрайдылық танытып, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне ықпалын тигізуде.

Ғасыр дертіне айналған «жемқорлыққа» қарсы күресте оның тамырына балта шабуда баршамыз табандылық танытып, аяусыз күрессек қана нәтижеге жетеміз.

Ө.ШАЛҒЫНБАЕВ,

С.Рақымов ауыл округі.