Жастар арасында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру керек

Сәрсенбі, 20 Наурыз 2019 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 474 рет

 

Қазіргі уақытта сыбайлас-жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да тамырын жайып отыр. Сыбайлас-жемқорлық әлеуметтік экономикалық даму үрдісіне, рыноктық экономиканың құрылысына, инвестицияларды тартуға залалын келтіруде. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына да кері әсерін тигізуде, болашақтағы еліміздің дамуына үлкен қатер төндіруде.

Сыбайлас жемқорлық мәселесі мемлекет пен қоғамның бүкіл саласына қатысты өткір сипат алып, өзектілене түсуде. Жемқорлық дерті мемлекеттік қызметке баратын жастардың және пара алатын лауазымды тұлғалардың беделін түсіріп қана қоймай, билік жүйесінің, сонымен қоса бүкіл әлеуметтік жүйенің құлдырауына әкеп соғуымен қауіпті.

Бүгінгі заманда жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың таралуына жастардың жұмыссыздығы, баспана мәселесі, елдегі әлеуметтік ахуалдың әлі де төмендігі, билік құрылымдарының жауапсыз іс-әрекеттері, осы саладағы тиісті заңнаманың өз деңгейінде орындалмауы, жастардың құқықтық санасы мен білімінің төмен болуы, қоғамда демокартиялық дәстүрлердің сақталмауы, сот жүйесіндегі әділетсіздіктер және т.с.с. көптеген себептер әсер етеді. Жастардың сыбайластық көріністеріне көз жұмып қарауы мен пара берушілікке бой алдыруы үрдіске айналмауы тиіс.

Жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Азаматтар өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты білулері қажет. Әсіресе, жастар осы тұрғыда сауатты болуы керек.

П.ЫРСАЛЫ,

«Жастар ресурстық орталығының»

басшысы.