Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Жұма, 12 Сәуір 2019 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 55 рет

                     

Еліміздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардық, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып, не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «Сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады. Сыбайлас жемқорлық – бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі, дамушы елдердегідей біздің мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күрес барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Сонда ғана ел мүддесі үшін үлес қосып, халық сенімінен шығатынымыз анық.

Б.ШӘКІР,

аудандық ветеринария

бөлімінің бас маманы.

Тағыда осы категорияда: « Нашақорлық пен есірткіге жол жоқ!