Сыбайлас жемқорлықпен күресте қарқынды шаралар жүргізілуде

Жұма, 28 Маусым 2019 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 227 рет

 

    

Қазығұрт ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне «нөлдік» төзімділік атмосферасын қалыптастыру және алдын алу Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметінде негізге алынатын бағыттардың бірі болып табылады. Қызметінің тиімділігін көтеру, көрсетілетін қызметтердің сапасына бағытталған тұрақты, тиімді жүйені қалыптастыру, сондай-ақ, заң бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында консультативтік кеңестің және «дөңгелек үстел» мәжілістерін өткізу   тұрақты түрде жүргізілуде.

2019-жылдың 5-айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әр түрлі 5 шаралар («дөңгелек үстелдер», семинарлар, БАҚ-та жариялымдар) өткізілген.

   Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарымен қарастырылған «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мынадай ақпараттық жүйелерді ендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде:

1)  Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе»; 2)   «Электрондық шот фактуралар» ақпараттық жүйесі; 3)  «Тауарларды таңбалау» ақпараттық жүйесі;  4)   Блокчейн технологиясын қолдана отырып, ҚҚС әкімшілендіру; 5)  Кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесі (АСТАНА-1 АЖ).

   Бүгінгі таңға осы жүйелер кезең-кезеңімен іске асырылып, ақпараттық жүйелерді енгізу кедендік-салықтық әкімшілендіру, электрондық шот фактура, экспорттық-импорттық операциялар бойынша «біріңғай терезе» жүйелері іске асырылып, адам факторларының әсерін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік берсе және сыбайлас жемқорлық тәуекелін төмендетуіне ықпал етіп отыр.

   Сыбайлас – жемқорлықтың алдын алу, оны болдырмау бойынша кірістер басқармасында қашықтан бақылау, кез-келген қызмет түрлерін онлайн режимде көрсету, салық төлеушілерге көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын артыру бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп отыр.

Н.МУСИРАЛИЕВ,

Қазығұрт ауданы бойынша

Мемлекеттік кірістер басқармасының

басшысының орынбасары.