Жемқорлық – қоғам дерті

Жұма, 28 Маусым 2019 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 94 рет

                     

Жемқорлық қоғамның барлық саласына – экономикаға, әлеуметтік салаға, саясатқа іріткі салуға ықпал етеді, ал, оның осы көріністерден туындайтын жағымсыз зардаптары алға басқан қоғамның дамуына бөгет болады, сонымен бірге, ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне де нақты қатер төндіреді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асыруда барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар  өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті екендігі айтылған. Осы талаптарды білсе де  кейбір мемлекеттік қызметкерлер жемқорлыққа жол береді. Мүмкін, заңды білмегеннен, әлде бір жолға ештеме болмас деп, қаншама адамдар өзінің көп жыл атқарған жұмыстарын, көп жыл бойы жинаған тәжірибелерін жоққа шығарып жатады.

Сыбайлас жемқорлық жасау фактісі туралы хабарлау үшін әр бір мемлекеттік мекемеде сенім телефондар орналастырылған. Барлық азаматтар қоғамды осы індеттен арылту үшін аянбай атсалысса, сыбайлас жемқорлықтың деңгейі төмендеген болар еді.

Қазіргі кезеңде көптеген қалыптасып кеткен көзқарастарды өзгерту қажеттілігі, оның ішінде жаңа тарихи жолдағы кедергілермен күресу әдістерін, қоғамға жат құбылыстармен, соның ішінде, әсіресе, қылмыстылықпен күресу әдістерін жаңарту қажеттілігі, жинақталған өмірлік тәжірибемізді жоғалтпау үшін қоғамға, адамға тиімді болған, өткен тарихи сара жолымызды қайта саралауымыз қажет.

Ержан ҚАҢЛЫБАЕВ,

Жігерген ауыл округі әкімдігі

аппаратының бас маманы.