Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алайық!

Дүйсенбі, 03 Ақпан 2020 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 128 рет

 

Өркениеттің алғашқы нышанының бірі – әйел теңдігі екенін ескерсек, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Гендерлік теңдікке үлкен мән беріліп, еліміздің БҰҰ конвенциясына қосылғаны тегін емес. Ал, ата-бабаларымыздың ертеден «қыз – елдің көркі», «жұмақтың кілті – аналардың табанының астында» деп ерекше дәріптеуі – халқымыздың әйел баласын ерекше бөліп, қоғамда айрықша орын бергенін көрсетеді. Бірақ та, бүгінде қыз баласына, әйеліне, бала-шағасына қол көтеретін азаматтар саны күн санап артып келеді.

Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Мектептерде, мекемелерде, ұжымдарда психологтар, медицина және мешіт қызметкерлерімен бірлесіп суицидті болдырмау және оның алдын алу жолдары бойынша кездесулер ұйымдастырылып, проблеманың шешілу жолдары талқыға салынып, лекциялар оқылды.
Халқымыз қашан да нәзік жанды әйелдерді қастерлеп, шаңырақтың ұйытқысына, ырыс пен бірліктің символына балаған емес пе?! Үйдің киесі, жақсылық біткеннің діңгегі санап, нәзік жандыларды төріне шығарып, жоғары бағалаған.

Бірімізге – ардақты ана, бірімізге – сүйікті жар, бірімізге – аяулы апа-қарындас бола білген қыз-келіншектерімізді құрметтейік, қастерлейік, алақанымызға салып аялай білейік. Ана – өмірдің бастауы, әдемелік пен мейірімділіктің діңгегі, мемлекеттің тірегі екендігін ұмытпайық!

 

  1. Перизат ИМАНОВА,
  2. Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің ЖПҚ әйелдерді
  3. зорлық-зомбылықтан қорғау тобының
  4. инспекторы, полиция капитаны.
Тағыда осы категорияда: « Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ