ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ТУРАЛЫ БІЛЕ ЖҮРІҢІЗ!

Дүйсенбі, 15 Ақпан 2021 00:00 Жарияланды Заң Оқылды 398 рет

 

            Біздің дамыған қоғамда тұратынымызға қарамастан, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары өте жиі кездеседі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айтпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, әркімнің ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар деп анық жазылған.

            Тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 73 бабы бойынша жауапкершілікке тартылуы мүмкін, ал олардың әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамы бар болған жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 109 (ұрып-соғу), 110 (қинау), 131 (қорлау) баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

            Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелер қызметінің құқықтық негізін БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенциясы, Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсанындағы №214 – IV Заңы, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексі, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдары туралы» Заңы және басқа нормативтік құқықтық актілер құрайды.

            Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мынадай принциптерге сүйенеді:

1)         Заңдылыққа;

2)         Адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кепілдігін сақтауға;

3)         Адам мен азаматтың тәніне және психикасына азап әкелуге жол бермеуге;

4)         Отбасын қолдау және сақтауға;

5)         Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсету кезінде құпиялылықты сақтауға;

6)         Өмірде қиын жағдайға дұшар болған адамдармен жеке жұмыс жүргізуге негізделеді.

            Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жүзеге асыратын субъектілер:

1)         Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2)         Жергілікті атқарушы органдар;

3)         Отбасы және гендерлік саясат істері жөніндегі комиссия;

4)         Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялар;

5)         Ішкі істер органдары;

6)         Қамқоршылық және қорғаншылық органдары;

7)         Білім беру органдары;

8)         Көмек көрсету ұйымдары;

9)         Дағдарыс орталықтары болып табылатынын біле жүріңіздер.

           

            Қымбатты аудан тұрғындары, зорлық-зомбылықсыз болашақ, біздің болашағымыз үшін, кейінгі ұрпақ үшін қажет, сол себепті барлығымыз бірігіп жұмыс атқаруға шақырамын.

Алпамыс САПАРБЕКҰЛЫ,

«Жастар ресурстық орталығының» Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының меңгерушісі.