ҚР-ның «Салық және міндетті төлемдер туралы» кодексінің 186-бабына және ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» Заңының 11-бабына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер жеке табыс салығы бойынша есепті 31-наурызынан кешіктірмей ұсынуы тиіс.

Жануарлар дүниесін пайдаланудың бірден-бір бөлігі аңшылық құру болып табылады. Қазіргі таңда аңшылық құру, азық табу үшін емес, адамның эстетикалық қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы Қазақстан Республикасының 2016-жылы 13-желтоқсанда №27-VІ заңы ізгілік қағидатын басшылыққа алына отырып қабылданды. Осы Заң қолданысқа 14.12.2016 жылы енгізілді.

Өтініштерді қарау тәртібі

Жұма, 10 Наурыз 2017 09:52

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүделері Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады. Жеке және заңды тұлғалардың өздерінің құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін іске асырудың және қорғаудың бір механизмі  өтініш беру болып табылады.  Бұл ретте Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтарда қабылданған “Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы” Заңының маңызы зор.  Аталған заң жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін беру мен оны қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

2016-жылдың 22-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев терроризмге қарсы күрес шараларын күшейтуді қарастыратын заңға қол қойған болатын. Заңға сәйкес, жалға берушілер өз жылжымайтын мүліктерінде тұрып жатқан адамдарды тіркеуге міндетті. Бұл заң Ақтөбе мен Алматыдағы терактілерге байланысты қабылданған.

Қазақстан Республикасының «2016-2018-жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы Заңына сәйкес, 2017-жылдың 1-қаңтарынан бастап, жердемақыларды және өзге әлеуметтік төлемдерді  есептеу үшін, сондай-ақ, айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдерді қолдану үшін, айлық есептік көрсеткіш 2269 теңге болып белгіленді.

photo 47218

Небәрі 1 штат бірлігі, жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін 2 қызметкері бар Қазығұрт ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімінде жалпы орындауда болған атқару өндірістері жыл басынан 964 құжатты, 512 406 858 теңгені құрады. Жалпы аяқталғаны – 640 құжат, 410 863 705 теңге, қалдық ретінде – 325 құжат, 101 543 153 теңге қалды. Оның ішінде мемлекет пайдасына сомма өндіру бойынша 176 құжат, 42 877 423 теңге, аяқталғаны – 117 құжат, 18 419 301 теңге. Қалдық болып қалғаны – 59 құжат, 24 458 122 теңге.

Баспана үшін қажет құжаттар

Жұма, 03 Наурыз 2017 09:53

Қазығұрт ауданы көлемінде тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған азаматтар (азаматшалар) НАЗАРЫНА

photo 11323

Аңшылық мерзімі аяқталды

Жұма, 24 Ақпан 2017 09:30

Қазығұрт ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 25-2 бабын басшылыққа ала отырып, Сіздерді табиғаттағы аң-құстар әлемін сақтауға шақырады.

Аң аулау – еліміздегі жануарлар дүниесін пайдаланудың бір түрі болып саналады және көне кәсіп ретінде танылады. Ертеде адам қоректеніп, аман қалу үшін аң ауласа, қазіргі кезде адам эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін аң аулайды, яғни, өзгеше әуестік болып табылады. Соңғы 5 жылда өңіріміздегі аңшылардың саны 20 пайызға өсіп, 7 мыңнан астам адамды құраған.
Кез келген саладағы қызмет сияқты, аң аулау да тиісті ережелермен реттеледі және аталған ережеде аңдардың түрі, аң аулау тәсілі мен аңның әр түріне аулау мерзімі белгіленген. Ереже Ауыл шаруашылық министрінің міндетін уақытша атқарушының 2015-жылдың 27-ақпанындағы бұйрығымен бекітіліп, ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жарық қөрген.
Мысалы, аңшыда келесідей құжаттар болуы қажет: аңшы куәлігі, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат, аңшылық шаруашылық субъектісінің жолдамасы. Ал, аң аулау қару қолдану арқылы жүргізілсе, азаматтық қаруды, оның оқ-дәрілерін сақтауға және алып жүруге рұқсат қажет. Аң аулау тек ережеде көрсетілген мерзімде және онда көрсетілген аңдарға ғана жүргізіледі.
Өкінішке қарай, кейбір аңшылардың аң аулау ережесінің талаптарын сақтамауы да кездеседі. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл сайын уәкілетті мемлекеттік органдары 100-ге жуық тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартса, 2-3 тұлға қызыл кітапқа енгізілген аңға аңшылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктерге тартылуда. Аталған ереженің талаптары сақталмаған жағдайда жеке тұлғаларға салынатын әкімшілік айыппұлдың көлемі 160 мың теңгені құрайды. Ал, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Айтылған көрсеткіштер заңсыз аң аулаудың шынайы көрінісі деп айта алмаймыз. Барлығымыз білеміз, заңсыз аң аулауды жүзеге асыратын тұлғалардың саны әлдеқайда көп. Бұған мысал ретінде бір ғана мәселені айтуға болады.
Атап айтсақ, соңғы 5 жылда арнайы ұйымдар ойық ұңғылы қарудың 312 мың оғын сатқан. Ал, атуға ұсынылған аңның шекті нормасының өлшемі 830-ды құраған. Сонда 1 аңға 376 оқ сатып алынған деп айтуға болады.
Аңшылықтың адамгершілік жағы да болуы керек, бейберекет аңшылық жасаудың салдарынан көптеген аңдардың түрлерін жоғалтып алуымыз мүмкін. Мысалы, қазіргі таңда браконьерлердің аңшылық нысанына айналған, тек біздің өңірде кездесетін Қаратау архарының саны небәрі 370-ті құрайды.Аудан тұрғындарының назарын ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аң аулау мерзімі 15-ақпаннан тоқтатылғанына аударғымыз келеді. Бұл мерзімге дейін тек ондатраға, қарсаққа, түлкіге, бұлғынға, құнуға, сарғыш күзенге, ақкіске және қоянға ғана аңшылық жасауға болады. Ал, 16-ақпаннан бастап, 14-маусымға дейін аң аулауға толықтай тыйым салынады. Яғни, көктемгі аңшылық болмайды.

Мұндай тыйым салу Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің өткен жылдың қараша айында қабылдаған №265 санды бұйрығына сәйкес, жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту мақсатында қойылған. Бұдан бөлек, аталған бұйрықпен аң аулауға рұқсат берілген мерзімде, кәсіпшілік аңшылықты қоспағанда, құстар мен терісі бағалы аңдардың әр түріне тәуліктік алып қою мөлшеріне де шектеу қойылған. 

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді аталған талаптар мен шектеулерді сақтауға шақырамыз.
Бұл шектеулердің қойылуына мемлекет тарапынан жануарлар дүниесін қорғау бағытында жүргізілген терең талдаулар себеп болған. Келер ұрпақ тек суреттерден ғана емес, өз көзімен көру үшін жануарлар дүниесін сақтап қалып, көбеюін қолға алуымыз қажет.
Құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдарға жануарлар дүниесін қорғау бағытындағы бақылау жұмыстарын одан әрі жандандырып, заңсыз аң аулау деректерін жою мен жауапкершілікке тарту үшін заңмен көзделген барлық шараларды қолдануды ұсынамыз.

Қазығұрт ауданының прокуратурасы.

ЖСН үшін жауапкершілік

Жұма, 17 Ақпан 2017 09:35

Қазақстан Республикасының «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» № 223 Заңына 2007-жылдың 12-қаңтарында қол қойылды. Осы Заң жеке, заңды тұлға (филиал мен өкілдік) үшін сәйкестендіру нөмірін қалыптастырудың негізінде сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерін жасау мен жүргізудің мақсаттарын, міндеттерін, принциптері мен құқықтық негіздерін айқындайды.
Аталған Заңда мынандай ұғымдар пайдалынады:
- Жеке сәйкестендіру нөмірі – жеке тұлға, соның ішінде өзіндік кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмер.