Қылмыстық-атқару инспекциясы атауы 2015-жылы пробация қызметі мәртебесіне ие болып өз қызметін атқарып келеді. Пробация терминінің мағынасын бірі білсе, бірі білмейтіндігі жасырын емес. Пробация термині латын тілінен аударғанда «сынақ» деген мағынаны білдіреді, бұл қызмет әлемнің дамыған бірнеше елдерінде қолданылады. Сот қылмыс жасап істі болған адамдарды бірден түзеу мекемесіне жазасын өтеуге жіберместен олардың түзелуіне, өзінің жасаған қылмыстық іс-әрекетінен сабақ алып, қайтадан қылмыс жасамауына, өзінің жүріс-тұрысымен өзінің түзелгенін дәлелдеуге мүмкіндік беріп сотталушыға міндеттер жүктей отырып сынақ, шектеу, қоғамдық жұмыстарға тартылу түріндегі жазалар тағайындайды.

     Пробация қызметі сот үкімі мен қаулысын басшылыққа алып, түзеу мекемелерінен қамау түріндегі жазасының өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңілірек бас бостандығынан шектеу түріндегі жазаға ауысып шыққан және соттан түзеу мекемесіне жібермей бірден пробация қызметіне жіберілген сотталған адамды есепке қою арқылы оларға бостандықта жазасын өтеп жүргенінде қайталап қылмыс жасауының алдын алу үшін бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізеді.

     Сонымен қатар, олардың жеке бастары зерделеніп, қиын өмірлік жағдайлардан шығулары үшін жеке бағдарламаға сәйкес көмекке мұқтаж болған жағдайда  әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, білім алуына көмек көрсету, медициналық көмек алуларына, заңнамада белгіленген құқықтарымен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беру, өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу, кәсіпті меңгеруіне және жұмысқа орналастыруға және қажет болған жағдайда оларға өзге де көмек алуына көмек көрсету жұмыстарын жүргізеді.

     Осы бағытта аудандық Жұмыспен қамту орталығы арқылы №11 колледжде 1 адам аспазшы, "Лидер Про" ЖШС-нде 2 адам авто электрик, «Профессионал» оқу орталығына қысқа мерзімге тігінші мамандықтары бойынша тегін кәсіптік біліп алуға оқуға қабылданып, оларға степендия тағайындалды. «Ырыс» микорқаржы ұйымы ЖШС-1 адамға мал басын көбейтуге – 7 000 000теңге, «Өрлеу» бағдарламасымен – 1 адамға 170.000 теңге берілсе, Атаулы әлеуметтік көмек – 2 адамға беріліп, бір отбасыға – 159.408 теңге, екінші отбасыға – 295.440 теңге қаржылай көмек көрсетілді. Жұмыспен қамту бөлімі 2-адамға 20.000 теңге мен 40.000 теңгеге қаржылай көмек көрсетсе, бір реттік материалдық жәрдем берілгендер саны – 2, оларға жеке-жеке 30.000 теңгеден берілді. Аудандық орталық мешіттен 1 адамға 7.000 теңге ақшалай және азық-түлік түріндегі көмек көрсетілді. Жыл басынан Бадамның 6 ақылы қоғамдық жұмысқа, 12 адамның түрлі мекемелерге тұрақты жұмыс орындарына орналасуына көмек көрсетілді.

     Егер сотталушы өзіне міндеттелген заңның талаптарын бұзбай толық сақтаған жағдайда жазасының жартысын толық өтегеннен кейін пробация қызметі сотталғанды жазадан босату жайлы сотқа ұсыныс енгізеді. Сот ұсынысты қанағаттандырған жағдайда сотталушы жазасын әрі қарай өтеуден босатылады.

     Егер соттаушы өзіне міндеттелген міндеттерін сақтамай жазаны өтеудің ережесі мен талабын бұзған жағдайда оған ескерту беріледі. Екінші рет бұзса пробация қызметі оның жазасын түзеу мекемесіне өтеуге сотқа ұсыныс береді. Ұсыныс сотпен қанағаттандырылған жағдайда сотталған жазасын бостандықта емес, түзеу мекемесінде өтейтін болады.         

                                                                            Бейбіт БЕРДІБЕКОВ,

әділет капитаны,

Қазығұрт аудандық пробация қызметінің аға инспекторы.

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы құқық бұзушылықтың негізгі ұғымдарын, субъектілері мен түрлерін, қағидаларын және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларын айқындайды. Азаматтар мен қоғамның құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғайды. Сыбайлас жемқорлық – өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көрініс. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді.

 

2017102510362951642 1493384881 dal

 

Әсіресе, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік орындарында қауіпті. Бұл жағдайда мемлекеттік қызметкерлердің шешімін қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп беруінің, шенеуніктерді қадағалауының жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекеленген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.

Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Сондықтан, бұл міндетті абыроймен орындайық.

П.ҚЫСТАУБАЕВ,

       Қазығұрт ауданының төтенше

жағдайлар бөлімінің бас маманы,

азаматтық қорғау подполковнигі.

 

Қазір әлем елдерінің алдында тұрған өзектімәселенің бірі – жастардың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалай сіңіреміз? Алдымен, жас буынға жемқорлықтың орасан зор салдары туралы ақпаратты дұрыс жеткізіп, ағарту шараларын қолға алып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетінің қалыптасуына, өз құқықтары мен міндеттерін терең ұғынуына және орындауына көмектесуіміз керек.

 

Осы тұрғыда ең алдымен «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет» деген ұғымның мән-мазмұнына бойлау қажет. Жалпы, «сыбайлас жемқорлық» немесе «коррупция» ұғымы әр елде әртүрлі түсіндіріледі. Батыс құқықтанушылары саяси элитаның девиантты мінез-құлқының, яғни, моральдық және этикалық нормалардың бұзылуы туралы айтса, ресейлік ғалымдар сыбайлас жемқорлықты құқықтық нормалардың бұзылуы туралы айтса, ресейлік ғалымдар сыбайлас жемқорлықты құқықтық нормалардың талаптарына қайшы, қоғамға зиянды әрекет саналатын құқық бұзушылық деп сипаттайды.

Жалпы, «мәдениет» ұғымының мағынасы өте кең және бұл құбылыс ең маңызды әлеуметтік үдерістермен тығыз байланысты болады. «Мәдениет» түсінігі адамның қоғам мүшесі ретінде меңгерген білімдерін, білік-дағдыларын, қабілеттерінің жиынтығын білдіреді және мәдениет ұғымының қолданыс ауқымы өте кең, рухани және материалдық мәдениет және т.б. түрлері бар, дегенмен, барлық жағдайда оның қандай да бір нормалар мен ережелерге сүйене отырып, қоғамның маңызды элементі ретінде дамуын қамтамасыз етуге бағытталатынын көреміз. Осылайша, «Мәдениет» түсінігі адамның өзін қоршаған дүниеге, әлемге, қоғамға көзқарасын білдіре отырып, оның болмыс-бітімін айқындайды. Мысалы, кез келген адам өзінің сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасының мән-мағынасын анық та айқын ұғынуы тиіс. Соған сәйкес тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы, болмысы, іс-әрекеті қалыптасады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптасқан адам жемқорлықтың қоғам мен мемлекет, әрбір адам үшін қаншалықты қауіпті екенін сезініп, жемқорлық құбылысына қарсы тұратын болады. Яғни, осындай келеңсіз көріністерге мүлдем төзе алмайды. Сөйтіп, осы дерттің жойылуына үлес қосуына алып келеді. Мұның өзі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің азаматтардың саяси белсенділігін көтеруге ықпал ететінін көрсетеді.

Б.КУЛИМОВА,

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы.

 

Сыбайлас жемқорлық  – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық  қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайдылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың  дендеуіне септігін тигізуде.

Әрине, сыбайлас жемқорлық дәрі беріп емдейтін сырқат емес. Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, дара кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Оның алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін баршамыз атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет.

Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

Е. ШАЛДЫБАЕВ,

Қазығұрт ауданындағы № 13 өрт

сөндіру бөлімі бастығы, азаматтық

қорғау подполковнигі. 

 

Сыбайлас жемқорлық – қоғамда бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

 

 

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған, ең алдымен, қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайдылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. Сондай-ақ, кейбір мемлекеттік орган басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң талаптарын атқаруда ынта танытпай, жұмыс жүргізбеуі де жемқорлықтың тамырын тереңдете түсуде. Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние – байлық неге керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да, біз, әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.

Елбасы Жолдауында «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң, солай бұралатын тәртенің» керін қайталайтын боламыз», – деп атап көрсеткен. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де жолдауда берілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті санайды.

Алтынтөбе ауылы округі әкімінің аппараты.

Жемқорлыққа жол жоқ!

Дүйсенбі, 25 Маусым 2018 00:00

 

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана және лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып, мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар.

 

Жемқорлық қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік пен жазалау, әкімшілік жауапқа тарту және шара қолдану Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі және Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес қарастырылады.

Жемқорлық құқық бұзуды әшкерелеу, бұлтартпау, ескерту және оны жасаған тұлғалардың өз құзыры аясында жауапқа тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекара қызметтері, қаржы және әскери полиция арқылы жүзеге асырылады.

Жемқорлық заң бұзушылық фактілер болған жағдайда азаматтар мемлекетке 1424 тегін саll-центр арқылы хабарлай алады. Жемқорлық заң бұзу фактілерін хабарлаған, немесе қандайда болмасын басқа әдіспен мемлекетке жемқорлықпен күресуге үлесін қосқан тұлғалар 30 АЕК-тен 100 АЕК-ке дейін мөлшерде материалды ынталандырылатын болады.

Жергілікті мал дәрігерлері тарапынан ақшалай қызмет немесе басқа да қаржы көздері талап етілгенде аудандық ветеринария бөлімінің 2-40-14 нөміріне қоңырау шалып анықтауға, бөлім басшысының жеке қабылдауына келуге болады.

Б. ЕРІШ,

ветеринария бөлімінің бас маманы.

 

       Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы қылмыстың алдын алудың аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу қажет.

     Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алуды тікелей не жанама көздейтін құқықтың қайнар көздерінің көп болуы қоғамдық қатынастардың кез келген саласында кәмелетке толмағандар тұлғасының дамуын қамтамасыз ететін қолдау жүйесіннің көзделгендігін көрсетеді. Әсіресе, бұл қауіпті жағдайда тұрған және ерекше қорғау мен қолдауға мұқтаж жасөспірімдерге қажет. Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен оқытуда отбасының маңызы зор. Осыған орай мемлекетіміз отбасының, соның ішінде кеңейтілген отбасының тұтастығын сақтауға аса назар аударып отыр.

     Отбасында тұрақтылық пен береке болмаса, осыған байланысты қоғам тарапынан көмек көрсету әрекеттері сәтсіз болған жағдайда, тіршілік етудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет.

   Ол дегеніміз, балаларды тұрақтылығы бар, әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған мекемелерге тәрбиелеуге берілуі тиіс.

   Баланың келешегіне кері әсер ететін жағдайларды айтпағанда, олардың ата-анасынан айыруға жол бермейтін ұлттық бағдарлама жасаудың және оны іс жүзіне асыру қажеттігінің мәні зор.

   Кәмелетке толмағандар құқық бұзушылығының алдын алудың ең маңызды алғы шарты болып табылатын, отбасындағы берекені сақтаудың негізінде, субъективтік себептерден басқа, өтпелі кезеңнің әлеуметтік-экономикалық жағымсыз құбылыстары жатыр. Ол ата-анасының материалдық жағдайының нашар болуына байланысты балабақша мен мектептерге бара алмауы нәтижесінде, соңғы жылдары қараусыз, тастанды, үй-жайы жоқ, сөйтіп құқық бұзушылық жасауға баратын балалар саны көбейіп отыр.

Гаухар ҚИЛЫБАЕВА, «Сенбі» дәрігерлік амбулаториясының психологы.

Жемқорлық – ауыр індет

Дүйсенбі, 11 Маусым 2018 00:00

 

Сыбайлас жемқорлық – қоғамда тамыр жайып келе жатқан кеселдің бірі. Бұл дерт дамушы елімізге орасан зор нұқсан келтіріп отыр. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" ҚР-ның Заң талабы аясында іс-әрекеттерді жүзеге асырудағы міндеттерді орындау әрбір азаматтың парызы. Жемқорлыққа қарсы күресті мемлекеттік жерлерде қоғамдық орындарда, қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар атқаруы тиіс. Олар құқық бұзушылықтың алдын ала отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа бой алдыруларының себептері көп. Оған әдептілік ұстанымының төмен болуы да әсер етуі мүмкін. Кейбір қызметкерлер қара басының қамын ойлап, сыбайластыққа жол береді. Ел болып бұл дертке қарсы тұруымыз керек. Мемлекетіміздің әрбір азаматы жең ұшынан жалғасуға жол бермеуі тиіс.

Бақыт ЖАМАЛБЕКОВ,

аудандық құрылыс, сәулет және

қала құрылысы бөлімінің бас маманы.

Өз-өзіңе сақ бол

Дүйсенбі, 11 Маусым 2018 00:00

Қылмыс

загруженное 1

Қазығұрт ауданы, Қазығұрт елдімекенінде 2018-жылы орын алған 10 қылмыс пәтер ұрлығы ашылды. Қазығұрт елдімекеніндегі М.Әуезов көшесінде пәтер ұрлығын жасап, өздері тізгіндеген «Мерседес» автокөлігінің маркасы және нөмері көршінің үйіндегі бейне бақылауға түсіп қалғанның арқасында 10 пәтер ұрлығы ашылды. Ұрылар ұрлыққа түскен үйлердің сыртында «аспалы құлып» болған. Сол себепті аспалы құлыпты көріп, үйде ешкім жоқтығын пайдаланып ойларын емін-еркін жүзеге асырған.

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздер де, өз қауіпсіздіктеріңізді ойласаңыздар бейне бақылау камерасын орнатуларыңызға болады. Үйден шығар кезіңізде көршіңізге үйіңізді қадағалап, қарайлап тұруын өтініңіз. Қазіргі таңда Қазығұрт аудандық ішкі істер бөлімінің жедел патрульдік қызметінің қызметкерлерімен аталған 10 қылмыстық іс анықталып, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық Кодекстің 188-бабының 2-бөлімімен қозғалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

«Өз-өзіңе сақ бол, көршіңді ұры тұтпа» – дегендей өз-өзімізге сақ болайық!

П.ИМАНОВА,

Қазығұрт АІІБ ЖПҚ ӘЗЗҚ тобының инспекторы,

полиция капитаны.

 

Осыдан 20 жыл бұрын 1998-жылы мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі құрылды. Ал, 1999-жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданды. Аталған заң азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізу теңдігіне арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда шешуші рөл атқарады және Қазақстанның қазіргі заманғы мемлекеттік қызметтің берік іргетасын қалыптастырады. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан бері аталған салада бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Жаңа кәсіби мемлекеттік аппарат құрылды. Мемлекеттік қызметшілерге саяси реформалармен жүктелген міндеттерін кәсіби деңгейде орындап, еліміздің тәуелсіз, демократиялық егеменді мемлекетке айналуына өз үлестерін қосты.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» стратегиялық құжатында елімізде кәсіби мемлекеттік аппарат құру қажеттігін атап өтті. Аталған жұмысты жалғастыру үшін ең біріншіден барлық мемлекеттік органдарда қызмет істейтін мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігін арттыру қажет. Өйткені, еліміздің өркендеуі, дамуы, мемлекеттік қызметшілердің отансүйгіштігіне, білімі мен біліктілігіне байланысты. Сонымен қатар, үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Себебі, мемлекеттің саясатын іске асыратын мемлекеттік қызметкер, ал мемлекеттік қызметтің мәртебесі мен беделі мемлекеттік қызметшілерге тікелей байланысты екені айдан анық.

Мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті – халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы ешуақытта ұмытпауы тиіс. Халыққа жақын болып, кезкелген жағдайда «қара қылды қақ жаратын» әділ болулары қажет. Олар елдің мүддесін бірінші орынға қоятын, тез әрі дұрыс шешім қабылдай алуы міндетті. Себебі, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы тікелей мемлекеттік қызметке байланысты. Мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытынан бөлек, бос уақытында да Әдеп кодексін қатаң ұстауы міндетті. Оның ішінде қызметкер сыпайы, өзінің лауазымдық артықшылығын алға тартпайтын және жеке басының пайдасы үшін қолданбайтын адал, баршаға ортақ қабылданған іскери стильге сай өзін ресми түрде ұстап, сабырлы, салмақты, ұқыпты болу тапсырылған. Ал, ең бастысы, мемлекеттік қызметшілердің жеке өміріне байланысты талаптар тіпті күшейген. Мемлекеттік қызметкерге жалпы қабылданған этикет сақтау өте маңызды, себебі, ол тікелей адаммен жұмыс жасайды және әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы қызмет атқарады.

Мемлекеттік қызметші болу – зор мәртебе, сондықтан, мемлекеттік қызметші кәсіби біліктілікпен қатар, адамгершілік қасиеттерге де ие болуы тиіс.

М.ДӘУРЕНБЕКОВ,

Қ.Әбдәлиев ауылдық округі әкімі

аппаратының бас маман салық инспекторы.