Жасыратыны жоқ бүгінде көпшілігіміз салынатын нысанның әуелі қаншалықты заңды екенін есерместен алдымен құрылыс жұмыстарын жүргізіп, жұмыс біткен соң ғана құжат дайындауға кірісеміз. Яғни, алдымен құрылыс, сосын құжат. Осындай мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерін, талаптарын анықтау, түсіндіру, алдын алу жұмыстары сәулет-құрылыс бақылауы басқармасытарапынан тұрғындарға қаншалықты түсіндірме жұмыстары жүргізілсе де азаматтар сөзімізге құлақ салмастан әлі де сол баяғы қазақылыққа салынып құжатсыз құрылыс жұмыстарын жүргізуді доғарар емес. Мұнан өзге кәсіпкерлік нысан иелеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 316, 317, 318, 319 баптарына сәйкес объектілерді жобалау құжаттамасынсыз салғаны үшін айыппұл көзделгендігі туралы, құрылысты рәсімдеу тәртібі түсіндіріліп, жадынамалар таратылуда.

   Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде құрылысқа рұқсат қағазын алмай салынған, қайта құрылымдалған, күрделі құрылысқа жөндеу жұмыстарын жүргізген нысан иелерінің жұмыстары заңсыз болып есептеледі. Және оларға әкімшілік шара ретінде айыппұлдар салынады, немесе құрылыс нысаны ысырылып тасталады. Айтуға оңай болғанымен, құрылыс жұмыстарына дайындық мәселесі, оны жүргізу және пайдалануға қабылдау орасан еңбектің нәтижесінде жүзеге асырылады. Осынау еңбектің бәрі заңсыз жолмен іске асырылып жатса, оған мемлекеттік қызметкерлер көзжұма қараса, нәтижесінде мемлекет үшін келешекте айтарлықтай залал әкелуі мүмкін.

Мысалы, күнде өзіміз көзбен көріп жүрген аудан орталығындағы, тағы басқа да ірі елдімекендер аумағындағы ерекше қарқынмен салынып жатқан жеке меншік үйлерді алып қарайық. Өкінішке орай, салынып жатқан тұрғын үйлердің 60-70 пайызы заңсыз тұрғызылуда. Оған дәлелдер жетіп артылады. Нақтырақ айтар болсақ, елдімекендер мен ауылдар да, орталықта көшелердің бойындағы құрылыс насындары сын көтермейді. Кейбір облыстық маңызы бар жолдың бойындағы ғимараттардың басым бөлігі «қызыл сызыққа» түскен. Көп жағдайда, құрылыс салушылар тарапынан кететін қателік, сәулет бөлімі бекіткен жобаға сәйкес құрылыс салу сызығын анықтап барып құрылыс жүргізбеуінде. Осыдан келіп, рұқсат етілмеген «қызыл сызықтарға» тап болып, заң бұзылушылықтарға жол беріледі.

   Жалпы, құрылыс жүргізуге рұқсат берілетін құжаттарға мыналар жатады, және тұрғындар осыны әрдайым есте сақтаса екен дейміз.

  1. 1.Сәулет жоспарлау тапсырмасы.
  2. 2.Ауданның бас сәулетшісі бекіткен жер телімін жоспарлау жобасы, эскиздік жобасы, жұмыс жобасы (топотүсірілім негізінде)
  3. 3.Жобаның сараптама қорытындысы.
  4. 4.Сәулет, құрылыс бақылау басқармасы (ГАСК) арқылы берілетін құрылыс жүргізуге рұқсат қағазы, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014-жылғы 29-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңымен объектілерді пайдалануға қабылдау және беру тәртібіне біршама өзгерістер енгізілді.

Құрылысы аяқталмаған нысандарды пайдалануға қабылдау актісіне сәйкестік туралы декларацияның және орындалған жұмыстардың жобаға сәйкестігі мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы туралы қорытындылардың негізінде тапсырыс беруші, мердігер (бас мердігер), техникалық және авторлық қадағалауларды жүзеге асыратын адамдар қол қояды. Яғни, объектіні пайдалануға қабылдау мердігерден, техникалық және авторлық қадағалаулармен бірлесіп, тапсырыс беруші жүзеге асырады. Объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісі тиісті жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы бөлімінде тіркеледі.

Сәулет, қала құрылысы, құрылыс қызметі және тұрғын үй қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар.

316-бап. Объектілерді және олардың кешендерін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізілмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу)

  1. Объектілерді және олардың кешендерін, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасынсыз не сараптама жүргізу талап етілетін, белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізілмеген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша салу (реконструкциялау, реставрациялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту, күрделі жөндеу) – жеке тұлғаларға – бір жүз жиырма, лауазымды адамдарға – бір жүз алпыс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
  2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет, сол сияқты осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соққан бұзушылықты жоймау – жұмыстарды тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бір жүз алпыс, лауазымды адамдарға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

317-бап. Сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу.

  1. Авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалық шешімдерге сәйкес келмеуіне жол беруі – авторлық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
    1. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес

келмейтін және тұрғызылып жатқан не тұрғызылған объектілердің орнықтылығын, сенімділігін және беріктігін қамтамасыз етпейтін жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сараптаманың (сараптамалық бағалаудың) оң қорытындысын беруі – жобаларға сараптаманы жүзеге асыру құқығына сарапшы аттестатының қолданылуын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Техникалық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың орындалған жұмыстардың сапасын, мерзімдерін, қабылдануын және объектінің пайдалануға тапсырылуын қоса алғанда, жобаны іске асыру сатысында бұзушылықтарға жол беруі –Техникалық қадағалау жүргізу құқығына сарапшы аттестатының қолданысын алты ай мерзімге тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

318-бап. Объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу.

Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып, объектілер мен кешендерді қабылдаудың және пайдалануға берудің белгіленген тәртібін бұзу жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – алты жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

319-бап. Заңсыз құрылыс өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су шаруашылығы) немесе тұрмыстық объектілерді жерге тиісті құқықсыз заңсыз салу – заңсыз тұрғызылған немесе тұрғызылып жатқан құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

   «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 25, 26 және 27 баптарына сәйкес, барлық аудан, қала әкімдеріне Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 244 бабының негізінде заңсыз және өз бетінше салынған құрылыс нысандарын бұзу туралы талап арыздар сот органдарына жіберілуде.

Аудан әкімінің шешімінсіз, келісім беруші сәулет және қала құрылысы мекемесінің рұқсатынсыз, мемлекеттік актысыз өз бетінше құрлыс жұмыстары салынған аймақ заңсыз деп есептелінеді. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстарын жүргізгенде лицензиясы бар кәсіпкерлермен жұмыс жасаған тиімді екендіктерін ескерткіміз келеді.

Н.ТАСТАНБЕКОВ,

Оңтүстік Қазақстан облысы сәулет құрылысын бақылау басқармасының бас маманы.

МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ

Жұма, 25 Мамыр 2018 00:00

 

Соңғы кездері облыс көлемінде мал ұрлығының көбеюіне байланысты мал сатып алғанда, немесе басқа да себептерге байланысты төмендегі мәселені үнемі назарға алуларыңызды ескерткіміз келеді.

Өзіңізге тиесілі малды ауылдық, қалалық әкімшіліктен тіркеуден өткізуге және малды қорада ұстауға, жайылымға жіберген жағдайда қараусыз қалдырмай бақташы жалдауға;

Базардан мал сатып алғанда міндетті түрде сол заматта сатушының жеке куәлігін, ауылдық, қалалық әкімшілік және аумақтық мал дәрігерлер тарапынан берген анықтамасын талап етуге;

Мал ұрлығы қылмысын жасаған адамдарды көрген немесе күдіктенген жағдайда тез арада полиция қызметкерлеріне хабарлауға;

Сондай-ақ, қылмыскерлерді әшкерелеуге көмектескен азаматтарға қомақты сыйақы беріліп, олардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілетіндігін ескертеміз.

Қазіргі таңда АІІБ ЖПҚ-нің учаскелік полиция инспекторлары тарапынан өздерінің қызмет атқаратын ауыл әкімшіліктерінде халық арасында жайылымдағы қараусыз жүрген мал ұрлығын алдын алуда мақсатында мал бағытын падашыларды жалдау немесе өздері малдарын бағулары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы заңының» 1-тармағы 32-бабына сәйкес ауылшаруашылығы жануарлары міндетті түрде бірдейлендіруге жатады. «Жануарларды облыс аумағындағы елдімекендерде ұстау» Ережесінің 5 тармағына сәйкес (Оңтүстік Қазақстан облыстық маслихатымен 29.06.2016 жылы №/31-VІ бекітілген), жануарларды ұстаумен айналысатын жеке және заңды тұлғалар уақтылы бірдейлендірумен, жануарларды вакцинациялаумен, сонымен қатар, санитариялық-гигеналық және ветеринариялық нормалар мен ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді.

Бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар туылған күнінен жеті күн өткен соң, құлындар төрт айлық жасынан 14 жұмыс күнінен кешіктірілмей бірдейлендіруге жатады. (ҚР АШМ 30.01.2015 жылғы №7-1/68 бұйрығымен «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидалары»).

Бірдейлендіру рәсімі орындалған соң жануар иелеріне ветеринариялық куәлік беріледі, ал жануарларға құлақтарын сырғалау (ірі қара малдарға, уақ малдарға, түйелерге) және ен салу (жылқыларға) жүргізіледі.

Жануарларды ұстау кезінде ветеринариялық ережелерді, талаптарды және ветеринариялық нормативтерді сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-ң 406-бабы 1- бөлімі, 2-тармағы бойынша жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Е. ЕСІМХАНҰЛЫ,

Қазығұрт АІІБ ЖПҚ бастығы, полиция майоры.

Қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы

Дүйсенбі, 21 Мамыр 2018 00:00

     Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен қолға алынып жатқан «Адал жол» марафоны аясында Қазығұрт ауданында мемлекеттік қызметшілер мен жастардың қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында автошеру болып өтті. Ондағы мақсат-қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру және қоғамның барлық өкілдерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға тарту болып табылады.

     «Адал жол» марафоны аясында Қазығұрт ауданында мекемелер арасында кіші футболдан аудандық жарыс өткізілді.

       Жарысқа аудан әкімдігінің дербес бөлімдері мен ауыл округі әкімі аппараттарынан құралған 15 команда қатысты. Командалар 3 топқа бөлініп, өзара ойындар өткізді.

«Қазығұрт – ақпарат»

ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛҒАН АБЗАЛ

Дүйсенбі, 30 Қазан 2017 00:00

Біз мүлде жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес. Ал, шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол – әлеуметтік мәселе. Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елімізде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бірақ, бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ.

987456321

«Қылмыс картасы» қолданыста

Дүйсенбі, 16 Қазан 2017 00:00

Ауданымызда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың қоғамдық жерлерде, көшелерде қауіпсіз жүруіне және балалар мен жасөспірімдердің зорлық-зомбылыққа шалдықпауы үшін ішкі істер органдары жүйелі түрде жұмыс атқарып келеді. Қылмыстың алдын алуға және қылмысты ашуға бағытталған Комитеттің инновациялық жобаларының бірі – «Қылмыс картасы» қолданысқа енгізілді.

«100 нақты қадам» Ұлттық жоспарының 27-қадамында көрсетілген жеке сот орындаушылар институтын бұдан әрі дамытуды іске асыру мақсатында талапкерлерге алимент өндіру туралы атқару парақтарын жеке сот орындаушыларына өткізу туралы түсіндіріп, жұмысты толығымен аяқтау барысында іс-шаралар жасалынды. Бүгінгі таңда аудан көлемінде 5 жеке сот орындаушы жұмыс жүргізуде. Жеке сот орындаушылардың жетекшісі Әбдіхан Бекмырзаев, Бексейіт Алтынбеков, Қанат Жанысбаев, Тоқсанбай Балабеков, Сапархан Қалымбетов сынды азаматтар аудан халқына қызмет көрсетуде. Алимент өндіру бойынша атқару өндірістері толық жеке сот орындаушылардың өндірісіне өткен.
2017-жылдың тамыз айын қосқанда, ауданда жалпы мемлекеттік сот орындаушысының хаттамасы негізінде аудандық сотта 35 /орындау барысында қиындық туындатып, талапкер тарапынан арыз-шағымдар туындатып жүрген/ атқару өндірістері бойынша ҚР ӘҚБтК 665, 670 және 669-бабтарымен/ сот және басқа органдарының лауазымды адамдарының қаулыларын орындамау, прокурорға, тергеушіге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келмеу, сот орындаушысының, сот приставының қаулысын және өзге де заңды талабын орындамау, яғни, дер кезінде өз перзенттеріне тиесілі алиментті төлеуден, мемлекет пайдасына төленетін әкімшілік айыппұлдардан және адамнан адамға өндірілетін соммалардан бас тартып жүрген борышкерлер бойынша іс қаралған. Олардың әрқайсысына тиесілі заң аясында жазалар берілді.
Айта кету керек, 35 өндірістік істе алимент бойынша 18, және ҚР ӘҚБтК 665-ші бабы бойынша 6 іс қаралды.
Мемлекет пайдасына айыппұлдарды өндіру үшін аудандық прокуратура, аудандық ішкі істер бөлімі және сот орындаушылар арасында айлық график түзіліп, ауыл аралап, ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аталмыш бағытта жұмысты тиянақты жүргізу мақсатында ауыл округі қызметкерлерімен бірлесе, мемлекет пайдасына өндірілетін айыппұлдарды өндіруге ықпал етіп, ескерту жұмыстары жасалды. Жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамту мәселелері бойынша мекеме аралық жиналыс өткізіліп, борышкерлерді жұмысқа тарту мәселесі қаралуда.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өзінің құқықтары мен міндеттерін дұрыс бағалай білсе, яғни, құқықтарын дұрыс пайдаланып, міндеттерін орындау барысында жауапкершілік болса, мұндай кемшіліктер орын алмас еді.

Т. ПИНЖЕБАЕВА,
Аудандық мемлекеттік сот орындаушылар бөлімінің басшысы-аға сот орындаушы,
Заңгерлер одағының мүшесі.

Қазығұрт АІІБ қызметкерлерімен атқарылған жұмыстар нәтижесінде мал ұрлығы бойынша 2 – 3 адамнан құралған 9 қылмыстық топ құрықталып, олармен жасалған 43 қылмыс анықталған. Орын алған қылмыстардың 31 дерегі жайылымнан ұрланған. АІІБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары мал иелерін бірнеше рет ескертуіне қарамастан, қора – жайларын осы күнге дейінгі уақытта бекемдемей, мал орындарындағы қоршауларын ашық – шашық етіп қалдыруда. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары аудан көлеміндегі әкімшілік аймақтардағы тұрғылықты халыққа малдарын сырғалау жөнінде бірнеше рет хабарлама берген. Алайда, берілген хабарламаларға мал егелері бей – жәй, салғырттықпен қарауының салдарынан мал жоғалу дерегі толастамай отыр. Түнгі топ қызметкерлерімен сырғаланбаған малды тасымалдағаны үшін 2017 жылы 39 азаматтың үстінен ҚР ӘҚБтК – нің 406 бабына сай құжаттар толтырылып, малдарын сырғалаймай және құжатандырмай жүргендері үшін анықтап аудандық ветеринариялық инспекцияға әр қайсысына 45 380 теңге айыппұл салып өндіру үшін жолданды. Сонымен қатар, қазіргі таңда жайылымнан орын алып жатқан мал ұрлығы және жоғалу деректері бойынша АІІБ қызметкерлері мал иелеріне мал ұрлықшылардың құрбаны болмау үшін өздерінің малдарын қараусыз қалдырмауды, сондай-ақ таңба мен ен салуды және мал ұрлығы орын алса ішкі істер органына хабар берулеріне кеңес береді. Егер де Сіз, мал ұрлығына қатысты қылмыстың құрбаны немесе куәгері болсаңыз дереу «102» нөмірі полицияға хабарласыңыз. Сіздің хабарламаңыз қылмыскерді «ізін суытпай» ұстауға көмегін тигізетіндігін хабарлаймыз.

Ж.Хманова,
Қазығұрт АІІБ Штаб тобының аға инспекторы, полиция капитаны.

ЫСыРАПШЫЛДЫҚҚА ШЕКТЕУ ҚОЯЙЫҚ

Дүйсенбі, 31 Шілде 2017 10:25

Газетіміздің №23 31.V.2017 жылғы санында тілші Т. Бердіқұлдың «Даңғазалық пен дарақылықтың құны қымбатқа түсіп барады» деген мақаласы жарияланды. Бұл өзекті тақырып тойлар науқаны қарсаңында өте орынды көтерілген.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті тарапынан қылмыстар туралы хабарламалар мен арыз-шағымдарды қабылдау, тіркеу, есепке алу және қарау жүйесін дамытуға ерекше назар аударылып, осы саланы дамытудың жаңа кезеңін бастады. Осы мақсатта қылмыстар туралы хабарламалар мен арыз-шағымдарды электронды тіркеу енгізілді.
Электронды арыздарды есепке алу кітабы қазіргі уақытта өзінің тиімділігін дәлелдеуде. Қылмыстар туралы хабарламалар мен арыз-шағымдарды қабылдау және қарау жүйесін жетілдіруде жүзеге асырылған шаралардың бірі ол – арызданушыға электронды талон-хабарлама беру.

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеуріңді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Басқа дамушы елдер сияқты, біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай кесел айналып өткен жоқ.