Мал ұрлығына тосқауыл қояйық!

Сейсенбі, 11 Шілде 2017 11:29

Мал өсіру – ата-бабамыздан қалған берекелі кәсіп. Малды өсіріп-күтуге де аялы қамқорлық керек. Жаз шығысымен кейбір елді мекендерде мал ұрлығы басталады. Кейде ізім-қайым табылмайтын кезі болады. Бұл мәселе ауылда әлі өзекті күйінде қалуда. Мал ұрлығы – арам ниетті қылмыскерлер үшін ұтымды да, пайдалы «табыс көзі». Дәл осы қылмыс түрінің тым қарқын алып кетуінің басты себептерінің бірі – жайылымдағы малдарды бақылаусыз, қараусыз қалдыру. Оған иелерінің немқұрайдылығын, қауіпсіздік шараларына жүрдім-бардым қарауын қосыңыз. Сол себепті, ұрлануға ең бірінші мал қожайындарының өздері кінәлі болып жатады. Өйткені, ірі қара малдар, оның ішінде жылқылар көбінде өрісте жүріп жоғалады және ауылдарда мал күндіз-түні көшенің ортасында жайылып жүреді. Кейбір ауыл тұрғындары, кешкісін жайылымнан келген малды сауып, қайтадан жайылымға шығарып жібереді, ал, кейбіреулер жазғы уақытта өріске жіберген малдарын айлап қарамайды. Малды базарға сатуға апарғанда қажетті құжаттар мен малдың сырға, ен, чиптері міндетті түрде болғаны жөн. Егер мал сатып алсаңыз, малдың құжаты мен сырғасының болуын талап етіңіз. Сатылған және сатып алған малдың есебін жергілікті жердегі мал дәрігерлеріне хабарлау қажет. Егер базарға әкелінген малда құжат, сырға болмаса, сол мал тәркіленеді. Мүмкін ол ұрлық жолмен келген немесе ауру мал шығар? Осыны үнемі есте ұстаған абзал.

Б. АБДРАХМАНОВ,
Қақпақ ауыл округі әкімі
аппаратының бас маман-заңгері.

Адам – табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Халқымызда «Жер-Ана» деген егіз ұғым қалыптасқан. Жерді өз анасындай қастерлеу – атадан қалған ежелгі салтымыз. Ата-бабаларымыз табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен ыстық махаббатын әрдәйім білдіріп келген. Табиғат туралы жырлап, әнге қосқан. Сонымен қатар, орман мен тоғайларды сақтап, қоршаған ортаның, өзен мен көлдердің ластанбауына ерекше мән берген. «Су ішкен құдығыңа түкірме, бұлақ көрсең, көзін аш», – деп, жас ұрпақтың бойына табиғатты қорғаудың тәрбиесін жастайынан сіңіріп келген.

Нашақорлық – ғасыр дерті

Сейсенбі, 11 Шілде 2017 11:25

Есірткі орталық жүйке жүйесіне тежеу арқылы әсер ете отырып, мидың нейрондарының арасындағы байланыстарды үзеді, нерв жүйесінің электр сигналдарын өткізу қабілетін бұзады. Нәтижесінде дененің физикалық қабілеті бұзылады, қозғалыс координациясы шаршайды, уақыт пен кеңістікті қабылдау сезімдері өзгереді, ой-сана тұманданып, нақтылықты қабылдау нашарлайды. Түрлі елестер, галлюцинациялар пайда болады, адам түрлі эмоциялық қалыпты бастан кешіреді. Қабылданған есірткінің түрі мен көлеміне қарай масаң адам өте қозғыш немесе тежелу жағдайында болады.

Соңғы кездері тұрғындардың өзгенің егістік алқабына малдарын жаюы, өз кезегінде егістік иелерінің сол малдарды қамап қоюы әдетке айналуда.
2015-2016 жылдары және 2017-жылдың өткен мерзімінде өздерінің егістік алқабында жайылып жүрген бөтен малдарды, өзінше билік ету арқылы қора-жайларға қамап қоюға (келтірілген шығын есесін толтыру мақсатында) байланысты 31 тұлға қылмыстық жауапқа тартылған.

жемқорлық – індет, жою – міндет

Сейсенбі, 04 Шілде 2017 15:09

Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Жемқорлық пен парақорлық қоғамымыздың дамуына кедергі келтіріп, ұлттық қадір қасиетімізге көлеңкесін түсіреді. Мұндай келеңсіз іс-әрекеттермен күрес жүргізу тек сот, құқық қорғау немесе мемлекеттік органдардың ғана міндеті емес, кез-келген ұлтжанды азаматтың парызы болуы тиіс. Әдетте кейбір мемлекеттік органдарда жұмыс жасайтындардың өзгенің өмірі мен тағдырына жауапсыз, немқұрайлы қарап, қызметі мен міндетін дұрыс атқармай, өзінің мүддесіне заңсыз пайдаланып, өзіне жүктелген міндеттерін абыроймен атқармай, қарапайым азаматтарды амалы жоқтығынан шенеуніктерге пара беруге мәжбүрлейді. Өйткені көптеген азаматтардың өздерінің құқығы үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге батылы мен сауаттары жете бермейді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі басты әрі тиімді бағыттардың бірі – оның алдын алу, заңсыз іс-әрекеттерге жол бермеу мен әрбір азаматтың сауатын арттыру болып табылады. Осы мақсатта Қазығұрт аудандық пробация қызметі қызметкерлерімен және қоғамнан оқшаулаусыз жазаға сотталғандардың арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу және болдырмау бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015-жылғы 18-қарашадағы №410-V Заңының талаптарын толық түсіндіру жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Осыған байланысты жемқорлық қылмысы немесе құқық бұзушылық әрекетіне жол берілген жағдайда жұмыстан босатылып, теріс қылық жасаған тұлғалардың өз қызметтеріне қайта орналаса алмайтындығы жеке құрамның санасына үнемі сіңіріліп отырады. Сонымен қатар, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың қызметі мен абыройына және қадір-қасиетіне нұқсан келтірмеу үшін жеке тұлғаның немесе сотталғанның өз мүддесін заңсыз шешу мақсатында заңсыз пробация қызметі инспекторларына ақшалай немесе заттай сыйақы беру іс-әрекеті үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 367-бабы «Пара беру» бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікте тартылатындығы жайлы түсіндірме жұмыстары күшейтілген.

Нұрлан ҚАЗЫБЕКОВ,
Қазығұрт аудандық
пробация қызметі
бөлімшесінің бастығы,
әділет капитаны.

Заңды да, этиканы да сақтаймыз

Дүйсенбі, 26 Маусым 2017 10:17

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің позитивті имиджін қалыптастыру және нығайту мемлекеттік жүйені дамытудың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық мән-маңызын сезінуі, бар жауапкершілігімен халыққа қызмет ету жолына түскенін қабылдауы және түсінуі тиіс. Өз елінің шынайы патриоты, әділ әрі өз ісіне адал болуы тиіс.

Сыбайлас жемқорлық болмауға тиіс

Дүйсенбі, 26 Маусым 2017 10:16


Мемлекеттік міндеттерді атқаратын, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың өздерінің лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу сыбайлас жемқорлық болып есептелінеді.

f5953f49dcdaa006c521ebfcd7d587cb

Бiз мүлде жаңа қоғамда өмiр сүрiп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты iскерлiк болса, бұл жолда жетiстiктерiмiз де аз емес. Ал, шешiмi күрделi мәселелер де бар. Ол – әлеуметтiлiк мәселе. Бұл салада қоғам өмiрiнде түбегейлi шешiмi табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция. Елiмiзде осы тұрғыда арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық. Дегенмен, әлi толық шешiмiн таппағаны да рас

Мал ұрлығына тосқауыл қояйық

Дүйсенбі, 19 Маусым 2017 09:52

«Мал ұрлығына нәтижелі тосқауыл» жобасы аясында Қазығұрт ауданы бойынша мал ұрлығы қылмысының алдын алу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, сырғалау жайында ҚР ІІМ-нің 2015-жылғы 14-тамыздағы №696 және Қазақстан Республикасы АШМ-нің 2015-жылғы 12-тамыздағы №16-03/738 бірлескен бұйрығына сай, тұрақты түрде құзырлы органдармен бірлесіп іс-шаралар атқарылуда. Аудан тұрғындарының арасында сырғасыз, ветеринариялық құжаттарсыз ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдауға заң шеңбері аясында тиым салынатыны жөнінде түсіндірме жұмыстары, хабарламалар, түсіндіру парақшалары таратылуда.

mal
Сырғасыз, ветеринариялық құжаттарсыз (ветеринариялық паспорт, ветеринариялық анықтама) тасымалданған жануарларды анықтау, мал ұрлығының алдын алу мақсатында әр аптада жергілікті полиция қызметімен біргелікте рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жыл басынан қазіргі таңға дейін заңсыз мал тасымалдаған 27 жеке тұлғаға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 406-бабы бойынша әкімшілік шара көру үшін аудандық аумақтық инспекцияға ұсыныс жолданды. Заң бұзушылыққа жол берген жеке тұлғаларға 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіштен (45380 теңге) айыппұл салынады.
2017-жылы іс-шаралар барысында осы құқық бұзушылық жасаған 27 жеке тұлғаның 19-на 862220 мың теңге айыппұл салынды. Айыппұл салу үшін қалған 8 тұлғаның іс-қағаздары әзірленуде.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015-жылғы 30-қаңтардағы №7-1/68 бұйрығына сай, ауыл шаруашылығы жануарларының төлі:
-бұзаулар, қозылар, лақтар, боталар – туған күнінен бастап жеті күн өткеннен кейін;
-құлындар – төрт айлық жасынан бастап он төрт жұмыс күнінен кешіктірмей мал иесінің жазбаша өтінішіне сәйкес бірдейлендіріледі.
Көптеген төлдер өз уақытында бірдейлендірілмей, тасымалдау, өткізу кезінде заң бұзушылықтарға жол берілуде.
Ауыл шаруашылығы жануарларының құлағынан сырғалары түсіп қалған жағдайда, жергілікті ветеринариялық дәрігерлерге өтініш жазып, қайта сырға салдыру қажет. Сойылған, сатылған және сатып алып келген жағдайда сол жердің жергілікті ветеринариялық дәрігерлерге жазбаша өтініш жасау керек, соның негізінде ветеринариялық дәрігер тиісті шаралар қолданады (ветеринариялық анықтамалар беру, карантиндеу, дерек қор базасынан шығару немес тіркеу).
Аудан тұрғындарының назарына:
-малдарды заңсыз тасымалдау мен союды жүзеге асырған азаматтар анықталған жағдайда ішкі істер органына хабарлауды;
-мал ұрлығы қылмыстарын анықтауға, алдын алуға, жолын кесуге және ашуға бағытталған жедел-іздестіру шараларына үлес қосуды;
-мал төлдеген жағдайда ветеринариялық дәрігерлерге өз мерзімінде хабарлап, өтініш жазып, малдарды бірдейлендіруді;
-ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау барысында ветеринариялық талаптарды сақтауды (ветеринариялық анықтама, ветеринариялық паспортын алып жүру);
-ауыл шаруашылығы жануарлары сойылған, сатылған және сатып алынған жағдайда және олардың сырғалары түсіп қалғанда ветеринариялық дәрігерлерге уақытында хабарланғаны мақұл.
Аудан тұрғындары осы талаптарды мүлтіксіз орындаса, мал ұрлығы қылмысының алдын алу, тоқтату мақсатына үлкен септігін тигізген болар еді.

Б.ЕРІШ,
аудандық ветеринария
бөлімінің бас маманы.