Билер жолы бізге үлгі

Сейсенбі, 02 Мамыр 2017 11:07

«Дау мұраты – біту» болса, тәуелсіз Қазақстан тарихында бабалардың осы өсиеті сан тәсілмен жалғасуда. Оны ел заңдарынан анық көруге болады.
Бүгінде медиация, татуластыру институттарының аясы кеңейеді. Судьялар тараптарға қолданыстағы заң талаптарын, бітімгершілік рәсімдерін жан-жақты түсіндіреді. Тараптардың бірі дауды тек сотпен шешкісі келсе, енді бірі сот медиациясына немесе медиаторлар көмегіне жүгінеді.

Мемлекетіміз егемендік алған жылдар кезеңінде әлеуметтік-экономикалық ахуалы тұрақты, әлем мойындаған және ұдайы даму үстіндегі елге айналып отыр. Бұл жетістіктердің барлығына Елбасымыздың салиқалы саясаты, халқымыздың осы саясатты іске асырудағы белсенділігі арқасында қол жеткізілуде.

Темір жол тасымалдаушы ұйымдар «Астана ЭКСПО» диконтты картасы арқылы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі қарсаңында жолаушыларға жаңа қызметтер ұсына бастады. Жолаушыларға «Астана-ЭКСПО» диконттық картасын қазіргі уақытта ірі темір жол билет кассаларынан сатып алуларына болады. Аталған карта «Тұлпар-Тальго» пойыздары билеттерінің құнына 2017-жылдың соңына дейін 15 пайыздық жеңілдік береді. Сонымен қатар, кез-келген демалыс күнінде «ЭКСПО» көрмесіне кіретін 1 дана премиум билеті қоса сыйға беріледі.

EXPO-2017 logo
Бұдан бөлек, кешенді қызмет (т/ж билеті+көрме билеті) арқылы жолаушының қалауы бойынша кез-келген бағытқа құны 2000 теңгеден асатын темір жол билетімен бірге «ЭКСПО» көрмесінің билетін де қоса сатып ала алады. Бұл ретте «ЭКСПО» көрмесіне билеттің үш түрі ұсынылады. Біріншісі – жұмыс күніне мерзімі көрсетілген билет. Оны алған жолаушы көрмеге баратын күнін өзі белгілейді. Екіншісі – жұмыс күніне мерзімі көрсетілмеген билет. Бұл орайда жолаушы көрмеге кез келген жұмыс күні бара алады. Ал, демалыс күніне мерзімі көрсетілмеген билет бойынша жолаушы көрмеге кез-келген демалыс күні бара алады. Кешенді қызметті пайдаланған жолаушы 1600-4000 теңге аралығында үнемдеуі мүмкін. «ЭКСПО» көрмесіне билет темір жол кассаларында бөлек сатылмайды.
Қосымша ақпаратты www.temirzholy.kz сайты, 8 (7172) 60-02-49 телефоны немесе аудандық кәсіпкерлік бөлімінен ала аласыздар.

Ғ. Төлепов,
аудан әкімінің орынбасары.

заң талабына сай қызмет көрсетеді

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 11:13

Бүгінгі күні прокуратура, азаматтарға уәкілетті органдар тарапынан салып жатқан айыппұлдар мен оны өндіру процессі кезінде мүліктерге қойылатын шектеулерге байланысты, сондай-ақ төленуге тиіс салықтар жөнінде ақпараттардан бейхабар екендігін ескеріп, осы бағытта халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында пилоттық жобаны іске қосты.

Бүгінде дүйім жұрт медиацияның не екенін, оның ерекшеліктері мен маңызын, пайдасын зерттеп біліп, қолданып та жүр. Бұған себепші болған 2011-жылдың 28-қаңтарында қабылданған «Медиация туралы» заң. Бұл заң азаматтар мен заңды тұлғалардың арасында болған дау-дамайларды ешқандай мемлекеттік органдардың көмегінсіз шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы 2017-жылғы 27-ақпандағы №49-VІ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда:

қару ТАПСЫРУ акциясы өтуде

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 10:34

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 2017-жылғы 10-сәуірден бастап, республика аумағында халықта заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция өтуде.

раларының жоспарына сәйкес, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңының іске асыру барысында, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында, 12-14 сәуір аралығында Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында «Зорлық зомбылықсыз отбасы» акциясы өткізілді.

Пилоттық жоба қолдау табуда

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 10:31

Медиация туралы заң мен Азаматтық процестік кодекстің негізінде елімізде дау-дамайларды шешудің балама жаңа формалары енгізілді. Дау-дамайларды шешудегі оңтайлы әдіс ретінде қазақ халқы бітімгершілік тәсілдерін бұрыннан қолданып келген.

1463464281 14
Ағымдағы жылдың 26-қаңтарында Жоғарғы сот даулардың жекелеген санаттары бойынша, оларды, яғни дау-дамайларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі Ережені бекітті.
Пилоттық жоба биылғы ақпан айынан шілде айына дейін жүргізіледі. Оның мақсаты – дау-дамайлардың жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу, ал оның міндеттері; татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейту; азаматтардың сот шығындарын барынша азайту; халықтың дау-шарды соттан тыс реттеу мүдделігін анықтау болып табылады.
Медиация туралы заңды кең қолдану мақсатында Қазығұрт аудандық сотында бірнеше семинарлар, брифингтер өткізілді. Сонымен қатар Қазығұрт ауданының әкімдігі соттардан шалғай орналасқан халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдау, азаматтарға тұрғылықты жерінен шықпай-ақ жанжалды шешу және татуласуға қол жеткізу, сотқа дейінгі реттеу институттарының механизмдерін жетілдіру, медиация институтын кеңінен қолдану мақсатында ауылдық округ әкімдіктері жанынан тоғыз медиация кабинетін ашты. Онда кәсіби емес қоғамдық медиаторлар өз қызметтерін көрсетуде.
Қазақ қашаннан кешірімшіл, бітімге бейім тұратын халық. Оның үстіне, қазақ еркіндікті, бас бостандығын ерекше бағалаған. Содан болар «бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде» деп дауды ушықтыруды қаламаған. Сөзге тоқтап, билер кесіміне қарсы келмеген. Яғни, бітістіру тәжірибесі қазақ тарихында ежелден бар. Сондықтан, қазіргі таңда қолданысқа енген медиация институты бізге жат емес.
Бітімгершілік арқылы екі жақты да риза ететіндей тиімді шешім қабылдауға болады. Бұл бір жағынан, соттардың жұмысын жеңілдетсе, екіншіден, дауласушы жақтардың өзара келісімге келуіне көмектесіп, қырғи-қабақ болмай тарауына мүмкіндік береді. Ал, бірліктің әрқашанда бітімнен басталатыны дәлелдеуді қажет етпейді.

Қ.ҚОҢЫРБАЕВ,
Қазығұрт ауданы сотының төрағасы.

Мемлекет басшысының Жарлығымен мемлекеттік қызметшілердің жұмыстағы, ұжым ішіндегі, тұрмыстағы қарым-қатынастарын регламенттейтін жаңа Әдеп кодексі енгізілді. Әдеп кодексінің жалпы ережелеріне мемлекеттік қызметшілердің елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға, қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен ашықтығына мемлекеттік қызметшілердің адалдығы мен әділдігі жатады.