Аудан әкімі тұрбаттық тұрғындармен жүздесті

Бейбенбі, 25 Ақпан 2021 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 405 рет

153851434 2858069001135811 5718062012087039738 o

Аудан әкімі Арман Абдуллаев Тұрбат ауыл округінің әлеуметтік нысандардын аралап, ауыл тұрғындарымен кездесті. Аудан басшысына жаңа қызметіне ауыл ақсақалдары бата беріп, жұмысына сәттілік тіледі. Аудан басшысы ауыл билерімен және жергілікті тұрғындармен кездесіп, қордаланған мәселелердің түйінін тарқатты.
Кездесу барысында ауыл округтегі ауыз су, жол, газ, электр бағаналарын ауыстыру, Тұрбат өзенінен өтетін ескі көпірге күрделі жөндеу жүргізу және әлеуметтік нысандардың қажеттілігі сынды проблемалар көтерілді. Аудан әкімі бірінші кезекте өзекті мәселелердің кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.
Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.