ӘЙЕЛ – АНА – ӨМІРДІҢ ӨЗЕГІ!

Бейбенбі, 04 Наурыз 2021 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 378 рет

Шуақты да шырайлы, мейірімді, қадірлі аналар! Жібек міне

Сіздерді құс қанатымен келіп, көктем шуағына бөлеген 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Табиғаттың мерейлі мезгілі көктемнің аналар мерекесімен басталуы, адамзаттың сіздерге деген құрметінің белгісін сездіргендей.
Аналар мерекесі – әрбір жан үшін атаулы күн. Өйткені, әрбір тіршілік иесінің өз анасы бар. Батыр да, алып та, дана да анадан туады. Сондықтан, өмірге өз ұрпағын сыйлаған аналарға қаншама жылы лебіз білдірсек те артықтық етпейді. Әр шаңырақтың шаттығы мен киесі – асыл ана, адал жар кез-келген жауапкершілікті қабырғасы қайыспай көтеретіні белгілі. Шежірені парақтасақ, ақылмен ел билеген, айбатымен жауға қарсы тұрған аналарымыздың өшпес есіміне кезігеміз. Сонау жаугершілік заманның өзінде ақ жаулықты аналарымыз елін қорғап, бір әулеттің отын сөндірмеген.
Әйел-аналар қандай қиындық болса да қайыспай жеңе білетін, табандылықтың, мейірім мен ізгіліктің, нәзіктік пен қайсарлықтың символы. Бүгінгі таңда қыз-келіншектердің қоғамдағы алатын орны ерекше. Өйткені, қай салада болмасын, қыз-келіншектердің өзіндік қосар үлесі зор. Тәуелсіз елімізде, оның ішінде біздің ауданымызда әйел-аналардың, қырмызы қыздарымыздың күш-жігерімен атқарылмайтын жұмыстар кемде-кем. Әйел-аналарымыз отбасы мен еліміздің тірегі. Сондықтан да, мемлекет аналардың ұрпақ өсіріп, алаңсыз еңбек етуі үшін барлық жағдайдың жасалуына айрықша назар аударып отыр.

Құрметті аяулы аналар, ару қыз-келіншектер!

Сіздерді шуақты мерекелеріңізбен құттықтай отырып, баршаңызға бақ-береке, шат-шадымен шаттық, шаңырақтарыңызға тыныштық, молшылық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Әрдайым көңілдеріңіз көтеріңкі, жүздеріңіз жарқын, ғұмырларыңыз ұзақ та мағыналы болсын!

А.Абдуллаев, Ө.Көпеев,
аудан әкімі. аудандық мәслихат хатшысы.

зді арулар!