мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз!

Бейбенбі, 04 Наурыз 2021 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 239 рет

Құрметті аяулы аналар, ұлағатты ұстаздар қауымы!

a9e68d4c-7799-4b1e-ac41-9c6eab5bae5e


Біздің жүрегімізді шуаққа бөлейтін ананың алақаны сияқты көктемнің алғашқы мерекесі, табиғаттың оянуы осынау шуақты мерекеден бастау алатыны тегін болмаса керек. Көктемгі күннің көзіндей жылы жүзді, тұла бойына сұлулық тұнған, қызғалдақтай алаулаған аруларымызды көктемнің күлім қаққан шұғылалы 8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз!
Бұл күн – отбасы берекесі мен ұйытқысы болып табылатын біздің аналарымыз, жарымыз, әпкелеріміз бен қыздарымызға жарқын көңіл мен жақсылық тілейтін күн. Сіздер өздеріңіздің ізеттілік, сыпайылықтарыңызбен өмірді шуақтандырып, жақындарыңыз бен туыстарыңызға жылу сыйлайсыздар.
Сіздер бір отбасын емес, бүкіл әлемді аялы алақандарыңызбен тербете алатын, адамзат баласының ары, рухы, жігерісіздер! Тәуелсіз еліміздің бейбіт тірлік пен бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік пен мейірімділіктің ұйытқысы да өздеріңіз!
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын мүшесі. Сондықтан да, біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Адамзаттың әдемі сыңарына арналған аруларымыздың жүздерінен әдеміліктің нұры таймасын, ішкі байлықтары мен жүректерінің мәрттігі сөнбесін!
Баршаңызға көктемнің шуақты мерекесінде дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге табыс тілейміз.

Ізгі ниетпен: Асан Үисимбаев,
Адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы.
Скандар Мұсақұлов,
Білім және ғылым
қызметкерлер одағының төрағасы.

Тағыда осы категорияда: « ӘЙЕЛ – АНА – ӨМІРДІҢ ӨЗЕГІ!