ЖОЛДАУ ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮКТЕЙДІ

Жұма, 23 Қырқүйек 2022 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 2219 рет

00Жылкыбаев Абылахан

Президентіміз 1 қыркүйек күнгі халыққа арнаған Жолдауында елімізде әр салада қордаланып қалған мәселелер бар екенін, оларды шешу үшін нақты қадамдар жасау керектігін тілге тиек етті. Атап айтар болсақ, шикізатқа тәуелділік, еңбек өнімділігінің төмендігі, отбасы жағдайындағы зорлық-зомбылық, ең төменгі жалақыны көтеру, ауылшаруашылығы саласындағы субсидияны беру жолдары, бизнесті дамытуға жағдай жасау, медицина саласын қаржыландыру және сол сияқты көптеген мәселелер бар. Сондай-ақ, ұлттық қордағы табысымыз халық игілігі жолында жұмсалу керегін айта келе, ел экономикасын көтерудің маңыздылығын, экономикамыз көтерілсе халықтың әл-ауқаты да жақсаратынын нақты жеткізді. Мемлекет басшысының Жолдауына бүкіл ел болып қолдау білдіріп, Жолдауда аталған нақты қадамдарды жасауға бірігіп атсалыссақ, еліміздің дамуына серпін беріп, өркениетті ел болу жолында үлкен істер атқарған болар едік.
Қазығұрт аудандық Қоғамдық кеңесі Президентіміз Қ.Ж.Тоқаевтың жүргізіп отырған саясатына келіскен түрде, барша Жолдауларында аталған бағыттар бойынша тұрақты түрде жұмыс атқарып келеді. Атап айтқанда, жылдық жоспар құрып, сол жоспарға сай, ай сайын аудан әкімдігі бөлімдерінің және мекеме басшыларының есептерін тыңдап, жұмыс барысымен танысып, талқылап-талдап, өз ұсыныстарын айтып, біраз мәселелерді шешіп жүр. Елімізде қауіпті дертке айналған сыбайлас жемқорлық бойынша Қоғамдық кеңесте арнайы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты комиссия құрылып, осы бағыт бойынша комиссия төрағасы Сманов Апбазбек бастап, мүшелері Каюпов Гаухарбек, Серікбаев Берік, Махсутов Біржан сынды азаматтар әр ауыл округінде, әр мекемелерде жиындар өткізіп, сыбайластыққа қарсы үгіт жүргізіп, үлкен істер жасап жатыр. Абуов Бекболат, Ысмайылова Бағила, Айтубай Райымбай, Сабитов Жавлон, Айбек Молдасапаров және кеңестің басқа мүшелері де қарап отырмай, аудандағы шешілмей жатқан мәселелерге араласып, әлеуметтік желіде де белсенділік танытып, қоғам арасында жақсы жұмыстар атқарып жүр.

Абылахан ЖЫЛҚЫБАЕВ,
Қазығұрт аудандық Қоғамдық
кеңесінің төрағасы.