ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРЫМЫЗ ҚОРҚЫТ АТА КЕШЕНІНДЕ

Жұма, 04 Қараша 2022 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 317 рет

100 DJI 0482

Үлкендерге құрмет көрсету қазақ халқының мәдениеттілігі мен тәрбиелігін сипаттайтын қасиет. Сондықтан халқымызда «Қартын сыйлаған елдің – қазынасы мол» деген ұлағатты сөз қалыптасқан.
Жуырда аудан әкімі Арман Айдарұлының ұйымдастыруымен және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманбай Омаровтың басшылығымен аудандық, ауыл округтік ардагерлер кеңесінің және әжелер алқасының бір топ мүшелері көршілес Қызылорда облысында орналасқан «Қорқыт ата» кешеніне зиярат жасау үшін арнайы барды.

4c84da5f-56df-48ff-82b3-b1880b61b207
«Қорқыт ата ескерткіш кешені» Қармақшы ауданына ғана емес, күллі түркі халықтарына ортақ тарихи және мәдени, рухани құндылықтар қатарында саналатын нысан, Сыр бойындағы сәулет өнері ескерткіштерінің әрі киелі орындардың бірі. 1997-жылы ескерткішті қалпына келтіру, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ­амфитеатр, қылует, қошқар мүсінінен тұратын тұтас сәулеттік ансамбль жасалған. Ал 2000-жылы кешен жанынан Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде Қорқыт ата музейі ашылды. Музей қорында Қорқыт ата туралы материалдармен қамтамасыз етілген 2500-ге жуық экспонат сақталған. Онда Қорқыт ата өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы ауқымды мәлімет қоры бар.

57852aa6-6c8d-4bc3-bcf7-52303cb4e131
Екі күнге созылған зиярат сапарында қазыналы қарттарымыз Қорқыт ата кешеніне арнайы зиярат жасап, бабалар рухына Құран бағыштады. Сондай ақ, кесене жанындағы мұражайда болып, Қорқыт ата өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтермен танысты. Ал, әжелеріміз дәстүрге сай киініп, ұлттық салт-дәстүрді насихаттап, жұртқа өнеге болар әңгімелерін айтып, барша жастарға үлгі көрсетті.

Ғалымжан ҚҰРАЛОВ.