ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ӨРКЕНДЕТУГЕ ҮЛЕС ҚОСАЙЫҚ!

Жұма, 04 Қараша 2022 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 305 рет

3232 РУСЛАН

Міне, сайлау күніне де біршама уақыт қалды. Бұл жолғы сайлауға, үміткерге артылар сенім өте зор. Сайлауға түсетін кандидаттардың тізімі бүгінде нақтыланды. Орталық сайлау комиссиясының хаттамасында кандидаттың лингвистикалық комиссияның мемлекеттік тілді меңгеруі туралы талаптың қойылуы өте орынды. Бұл мемлекетімізде қазақ тілінің деңгейін арттыруды, құжаттарды қазақ тілінде жүргізуді, ҚР азаматтарының жаппай мемлекеттік тілге құрметпен қарауын көздейді. Демек, тіл мәселесі де сайлаумен қатар оң шешімін табар ең өзекті мәселелердің бірі болғалы тұр.
Халықтың әл-ауқатын, материалдық жағдайын көтеретін, елдің бірлігі мен татулығын ойлайтын, ел еңсесін көтерер Жаңа Қазақстанды құратын президентті халық қашан да қолдайды.
Жаңа Қазақстанды бірге өркендететін, халыққа берген уәделерін міндетті түрде орындайтын, әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет болуды аңсайтын халық 20 қарашада өз таңдауын жасайды.
Биыл өтіп жатқан Президент сайлауы елімізге ерекше серпіліс әкелетіндігіне сенім мол. Олқылықтарға орын бермей, халықтың еркін таңдау жасауының пайдасы көп және бұл елімізге көз тігіп отырған көптеген шет мемлекеттердің назарын аударып отырғаны аян. Өйткені әлемде болып жатқан қақтығыстар, көрші елдегі жойқын соғыстар кім-кімді де ойландырмай қоймайды. Осы ретте бейбітшілік пен тұрақтылық мемлекеттің басты құндылығы екенін айқын сезінесің. Біз ел үмітін ақтауға дайын кандидаттардың ұсынып отырған Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуіне негіз болатын сындарлы саясаттары мемлекетімізді түрлі қиындықтан алып шығатынына, жарқын болашаққа жол салатынына ерекше сенім артамыз.

Руслан АЛДАБЕРГЕН,
Қарабау ауылы округі
әкімі іс басқарушысы.