Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» №164 Жарлығы негізінде, жыл сайын қазан айының соңғы жексенбісінде «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлер күні» мерекесі аталып өтіледі. Осыған орай, мереке қарсаңында Қазығұрт ауданы әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы әлеуметтік салада еңбек етіп жүрген барша азаматтарды құттықтап, ел көңілінен шығып, осы салада нәтижелі жұмыс жасап жүрген бірқатар қызметкерлерді алғыс хатпен марапаттады.
АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Аудан әкімі Абдуллаев Арман Айдарұлы тиісті бөлім басшыларымен Қазығұрт ауданының орталығын аралап, жауын салдарынан орын алуы мүмкін селдің алдын алу шараларымен танысты. Атап айтсақ, арық-атыздардың тазалығы, су ағатын үлкен каналдарды дұрыс қалпына келтіру, жоласты құбырларының бітеліп қалған тұстарын ашу жұмыстарының нәтижелерін көріп, бақылау жүргізді. Әлі де жұмыс жасау керек тұстарын ескертіп, нақты тапсырмалар берді.
Қазығұрт – ақпарат.