ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ – РЕФОРМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КЕЗЕҢІ

Жұма, 04 Қараша 2022 00:00 Жарияланды Әлеумет Оқылды 287 рет

456 Данабек аким

Мемлекетіміздің Президенті Қ.Тоқаев биыл 20 қарашада елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды.
Бұл сайлау еліміздегі жаңа өзгерістер үшін үлесі жоғары саяси науқан болмақшы. Еліміздің тағдыры, Қазақстанның болашағы – әрқайсымыздың қолымызда.
Президент сайлауынан соң Парламент сайлауы бар. Мәжілісте жаңа есімдерді көреміз деген үміт бар. Жаңа адамдармен жаңа леп келіп, Парламенттің ықпалын күшейткені дұрыс. Жаңарған Парламент Үкіметке де тың серпін әкелері анық.
Осылайша, Президент, Парламент, Үкімет қайта түлеп, реформаларды іске асыруға бел шеше кіріспек. Сенім мандатына ие болған соң реформаларды алаңсыз іске асыруға да мүмкіндік туады.
Осы орайда, елдің тұтастығы мен бірлігін нығайту үшін әрбір азамат саналы түрде сайлауға қатысып, дауыс беруі керек. Біздің таңдауымыз – үлкен жауапкершілік. Қазақстанның тұтастығы мен бірлігін сақтауда Мемлекет басшысын дұрыс таңдау ауқымды рөл атқаратыны сөзсіз. Президент сайлауына баршаңызды қатысуға шақырамын. Сіздің дауысыңыз – Жаңарған Қазақстанның жарқын көрінісі.

Данабек ӘЛІБАЕВ,
Алтынтөбе ауыл округінің әкімі.