ТҰТАС БУЫННЫҢ ТӨЛ БАСЫ

Жұма, 23 Қырқүйек 2022 00:00 Жарияланды Білім Оқылды 220 рет

1652449150 ah

Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, халқымыздың қайраткері, ақын, публицист, ғұлама методист, педагог, оқулықтар авторы, жазуының реформаторы, алғашқы көсем, білімінің іргетасын қалаушы,әдебиеттарихы,әдебиеттану ғылымының алғашқы зерттеушісі, филолог-ғалым, ғұлама методист, педагог, оқулықтар авторы, жазуының реформаторы, алғашқы көсем, Қазақстан ғылымын алғашқы ұйымдастырушыларының бірі, ақын, сазгер, халқымыздың әдебиет пен өнер саласындағы ірі қайраткері аудармашысы Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Торғайдағы орыс-қазақ училищесінде, Ыбырай Алтынсарин салдырған мұғалімдер мектебінде дәріс алады. Ол еңбек жолын ұстаздық қызметтен бастайды.
А.Байтұрсынов шығармашылық жолын өлең жазудан бастаған. Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы "Қырық мысал" атты аударма жинағы 1909- жылы жарық көрген. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап,тұспалдап жеткізеді.
Аударма арқылы қазақ қауымындағы, заман ағымындағы кемшіліктерді, әлеуметтік проблемаларды көтеріп, көрсете білді. Мысалдар арқылы халқына ғибрат, өсиет, ақыл-нақыл айтуы, жақсылыққа, адалдыққа, ғылымға шақыруында.
Ақынның азаматтық арман–мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көреді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесіне көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Сол 1912-1925 жылдар арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылады.
1926-жылы ғалым «Әліп-бидің»жаңа түрін жазады.Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын,құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл-құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды.
Байтұрсынов – ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланады. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды. 1920-жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдайды.
Байтұрсынұлы тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты,өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. 1926-жылы Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Байтұрсынұлы қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта 1912-жылы «Оқу құралы»,1914-жылы «Тіл құралы», ересектердің сауатын ашуға арнап 1924-жылы «Әліпби»,1926 жылы «Жаңа әліпби» атты оқулықтар мен тың еңбектер ұсынды. Қазақ грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша ғылыми термин жасап,морфологиялық тұлға-тәсілдерді жаңаша талдау, жаңаша анықтамалар берді. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады. Байтұрсынұлы қазақ тілі білімін қалыптастырып, оның ірге тасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.

Юлдуз КӘРІМ,
Ж.Есіркепов атындағы жалпы
орта білім беретін мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімі.