СІБІР ЖАРАСЫ

Жұма, 16 Қырқүйек 2022 00:00

6tzIxt5nqTHRolaI6wgOadwWLN6GWjVc3z68ZhdR

Сібір жарасы – жануарлар мен адамдарда кездесетін аса қауіпті жұқпалы ауру. Халық арасында күйдіргі, түйнеме деп те аталады. Ауру қоздырғышы күйдіргі бацилласы болып табылады. Сібір күйдіргісі бацилласының споралары суда, топырақ қойнауында ұзақ жылдар бойы сақталынып, өмір сүре береді. Олар дезинфекциялық заттарға өте төзімді келеді. Споралары тері иленгеннен кейін де, етті тұздаған соң да жойылмай тірі күйінде қала береді. Қой, ірі қара, жылқы – сібір жарасын ең жиі қабылдағыштар. Сондай-ақ, ешкі, есек, түйе, шошқа, сирек жағдайда ит, мысықта ауырады.
Адамға ауру мал сойғанда, терісін сыпырғанда, етін жіліктегенде, ішек-қарнын тазалауда жұғады. Жұқтыру көзі малдың еті (тиісінше өңделмеген шұжықтар – сосискалар да қауіпті), терісі, жүні, тұяғы, мүйізі, сүйегі, күйдіргі бацилласымен зақымдалған былғары киім де болады. Кей жағдайда күйдіргі споралары сақталған топырақпен жұмыс істеген кезде жұғуы да мүмкін. Инфекцияланған және жеткілікті қайнатылмаған ауру малдың етін жегенде де, инфекцияланған шаң-тозаңды жұтқанда да жұғады.
Сібір жарасы қоздырғышының ену қақпасы көп жағдайда зақымданған тері болып табылады, біршама сирек тыныс жолдары мен асқазан-ішек жолдарының кілегей қабықтары. Қоздырғыштың теріге ену орнында сібір жарасының карбункулы – дерманың тері асты шелімен шектесетін терең қабаттарындағы геморрагиялық некроздық ошақ дамиды, ол жерде ісіну және тіндердің деструкциясы қатар жүреді, жараның ортасында тері некрозы бар, ол лайлы қара түсті өзек түзейді. Карбункул іріңдемейді. Қоздырғыштар лимфа тамырлары арқылы лимфа түйіндеріне енген кезде лимфаденит дамиды. Алиментарлық жұғу кезінде асқазанда және мықын ішектің дистальді бөлігінде бірен-саран немесе жайылған, бетінде некроз жаралары бар анық айқындалған инфильтраттар пайда болады. Сонан соң ішектің зақымдануы серозды-геморрагиялық перитонитпен асқынады. Айқын геморрагиялық синдром, сепсис пен бактериалды-уытты шок орын алады. Өкпелік түрінде ауру жедел басталады, ауыр өтеді. Науқастың жағдайы аурудың бірінші сағаттарынан бастап ауыр, кеуденің шаншып ауыруы, ентігу, көгеру, тахикардия, қақырыққа қан араласуы байқалады.
Алдын алу шаралары: мал дәрігерлік анықтамасы жоқ ет-сүт өнімдерін тұтынбаған, малды тек мал дәрігері рұқсатымен арнайы орындарда сойған дұрыс. Малшылар, қасаптар, тері жинаушылар, мал дәрігерлері өз емханасынан әр жылы көктем айларында бір рет сібір жарасына қарсы вакцина ектіргені, ауылшаруашылығына қатысты жұмыс жасаған кезде жеке бас гигиенасын сақтаған абзал. Мал ауырғанда, не тосын жағдайда өлгенде, тез арада мал дәрігеріне хабар беру керек.

Дариха ЖҰМАБАЕВА,
Тұрбат БМСККО мейірбикесі.

486635-1572157205

Балалардың ден­­сау­лығы – ел дамуы­ның маңызды басымдық­тарының бірі. Сондықтан, мемлекет есебінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде жеңілдік санат ретінде сақтандырылған. Тегін медициналық қызметтер – балаларға қормен шарт жасасқан медициналық ұйымдар тарапынан көрсетіледі.
Мектеп оқушылары мен мектепке дейінгі мекемелердің медициналық қамтамасыз етілуін ұйымдастыру туралы ойлайтындар аз. Мектеп медицинасы білім беру ұйымдарында, яғни тікелей мектептерде, балабақшаларда, шағын орталықтарда немесе басқа да білім беру ұйымдарындағы балаларға медициналық қызмет көрсетуді көздейді.
Қорда атап өткендей, мектеп медицинасының мәні – білім беру ұйымдарындағы балаларды қажетті медициналық қызметтермен қамтамасыз ету. Бұл жұмыс мектеп немесе балабақша орналасқан аумаққа қарасты емхана жауапкершілігінде болады. Ол үшін мектепте медицина қызметкерінің жабдықталған кабинеттері бар арнайы қызмет құрылады. Профилактикалық тексеру немесе вакцинация жүргізу үшін мектепке тиісті профильдегі дәрігерлер келеді. Мұндай іс-шаралар алдын-ала жоспарланады және ата-аналар олар туралы хабардар етіледі.
Бұрын мектеп медицинасы учаскелік қызметке бөлінген қаражат есебінен қаржыландырылған. МӘМС жүйесі енгізілген соң, мектеп медицинасына ерекше көңіл бөліне бастады. Бұл мектеп жасындағы балаларға арналған алдын алу шараларының кең ауқымын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Мектеп медицинасының тарифіне вакцинация, жыл сайынғы профилактикалық тексеру, тіс дәрігерінің тікелей оқу орнында өткізілетін тексеру кіреді. Сондай-ақ, оқу орнындағы дәрігерлер балалардың салауатты өмір салтын ұстануы бойынша іс-шаралар өткізеді. Егер профилактикалық тексеруде патология анықталған болса, онда бала тіркелген жері бойынша емханаға тереңдетілген медициналық тексеруге жіберіледі. Балалардың вакцинациялауы ата-аналарының келісімімен Ұлттық егу күнтізбесі бойынша жүргізіледі. Шұғыл жағдайларда медициналық пунктте жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін балаларға алғашқы көмек көрсетіледі.
Осылайша, мектеп медицинасы мектеп оқушыларының денсаулық жағдайын үздіксіз бақылауды қамтамасыз етуге және қажет болған жағдайда уақтылы алғашқы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

П.ЕСИРКЕПОВА,
Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының
жалпы тәжірибелі дәрігерлердің меңгерушісі.

ПАЦИЕНТТІ ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІ

Жұма, 16 Қырқүйек 2022 00:00

023

Пациенттер қажетті медициналық қызметтердің көбін емханалардан алады.Осыған орай, тұрғындар 15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында өзі таңдаған емханасына тіркелуіне болады. Сондай-ақ, соңғы кезде медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігі бойынша тұрғындардан көптеген сұрақтар түсіп жатыр.
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»Кодексте медициналық қызметтер сапасының сараптамасына жіті назар аударылған. Сараптама жасау медициналық қызметтер сапасының деңгейін, олардың толықтығын, стандарттарға сәйкестігін, тиімділігі мен уақтылығын бағалауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, сыртқы сараптаманы мемлекеттік органдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және тәуелсіз сарапшылар жүргізеді. Ал, ішкі сараптама медициналық ұйымдағы пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметі жүргізеді. Бұл қызмет пациенттердің шағымын қарастырып, қажет болған жағдайда пациенттердің құқықтарын қорғау бойынша шаралар қабылдайды.
Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі – медициналық ұйымның көмек сапасын басқарудағы жұмысын үйлестіреді. Сонымен қатар, кадрлардың, жабдықтарды пайдаланудағы тиімділікті бағалайды, медициналық көмек көрсету технологияларын, тегін көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету ережелерін сақтауды және медициналық сақтандыру бойынша қызметтерді тексереді, ақаулардың алдын алу,оны жою бойынша жұмыстар жасайды, медициналық көмек көрсету сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша персоналды оқытуды жүргізеді.
Қызмет медициналық ұйымның өзінде орналасқандығына және оның басшылығына бағынышты болуына қарамастан қызмет сапасын жақсартуды көздейді. Яғни, пациенттің медициналық қызметтерді тиісті деңгейде және толық көлемде алуға көмектесуге, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуді бақылауға, бұзушылық фактілерін анықтауға және олар бойынша жұмыс жүргізуге мүдделі.
Атап өтерлігі,
- пациенттен шұғыл медициналық көмек алу үшін немесе учаскелік дәрігерге бару үшін сақтандырылу мәртебесінің болуын талап етеді;
- пациентті учаскелік дәрігер болмаған жағдайда қабылдаудан бас тартады;
- учаскелік дәрігер, медбике немесе фельдшер үйге шақырту қызметін көрсетпеген жағдайда;
- пациентбейінді маманнан кеңес ала алмай жүр, себебі ол дәрігер жоқ немесе жазба бір айға толық жазылған;
- науқастыңденсаулық көрсеткіштері бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе;
- дәрігер науқасты жүргізілген тексерулердің нәтижелерімен хабардар етпесе;
- дәрігердіңқабылдау кезінде науқасқадөрекілік көрсетіп қабылдамады;
- науқасқа көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбауы;
- науқасқа түсініксіз диагноз қойылып, ем-шаралар тағайындалатын болса;
- науқастың медициналық жазбасында қате деректер немесе тіркелімдер анықтаған болса;
- науқастың медициналық ұйымдағы қызмет­керлердің ем-шараларына көңілі толмаса;
Пациент негізінен өзіне қажетті ақпаратты ала алмағаны үшін немесе оған дұрыс көмек көрсетілмегеніне байланысты шағымданады. Сонымен қатар тұрғындардың қайда жүгінуге және қажетті көмекті қалай алуға болатынын білмейтін сұрақтарда жиі туындайды. Осы ретте, пациентті қолдау қызметінің мамандары науқасқа қажетті кеңестерін беріп, тиісті орындарға жолдайды.
Кейде қажетті дәрігердің қабылдауына жазыла алмай немесе ультрадыбыстық зерттеуден өтуге талонсыз түсуге келген адамдарда кездеседі. Тіптен, ота жасатуға дайындалып жүргендер де шағымданып жатады. Кейде пациент емдеудің алгоритмі мен тиімділігі бойынша түсініктеме алғысы келеді. Мұндай жағдайларда пациентті қолдау қызметі бірден мәселені шешеді.
Шағымдарды қарау барысында пациенттің құқықтары бұзылған болса, оны қалпына келтіру үшін тиісті шаралар қабылданады. Жалпы, түскен өтініштер бойынша жұмыстың нәтижелері өтініш иесіне және медициналық ұйымның басшылығына да хабарланады.
Егер мәселені пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі шешпесе, онда Қорға «fms.kz», ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Telegram-дағы «Qoldau 24/7» және «Saqtandyry-Bot» мобильді қосымшасы арқылы жүгінуге болады.

Гузаль ПАЗИЛБАЕВА,
Қазығұрт аудандық орталық
аурухананың сарапшы дәрігері.

55-11

Өткір жұқпалы ішек аурулары – жұқпалы дерт, асқазан-ішек ағзаларын зақымдайды. Аурудың қоздырғыштары асқазан-ішек жолдары арқылы, нәжіспен сыртқы ортаға шығарылады.  Аурудың негізгі көзі – науқас адам, сондай-ақ вибрион мен бактерия тасымалдаушыларда белгілі бір жағдайда ауру таратушыға айналуы мүмкін. Ауру көктем, жаз, күз айларында көбірек кездеседі, себебі бұл мезгілдерде ауа-райы жылы болады, күннің ысуы тағамдардың тез бұзылуына әсер етсе, екіншіден жеміс-жидектердің пісуі, оны адамдардың көптеп асқа пайдалануы осы дерттің көбеюіне ықпал етеді. Өткір ішек аурулары адам ағзасына ауру қоздырғыштарының тамақ, су, кір-қол, лас ыдыспен, тұрмыстық заттар арқылы түсуі нәтижесінде пайда болады.  Аса қауіптісі аурудың тамақ арқылы жұғуы. Ал тұрмыстық жанасу жас балалардың, оқушылардың өткір жұқпалы ішек ауруларымен ауруының басты себебі. Асқа мерзімі өткен тағамды пайдалану, қолдан сатып алынған сүт тағамдары, көкөністерді базардан, кездейсоқ сауда орындарынан алу, сақтау, дайындау технологиясын өрескел бұзған жағдайда, ауруды туғызушы басты фактор болып саналады. Жұқпалы ішек ауруларының бірнеше түрлері бар. Олардың түрлеріне байланысты клиникалық белгілері де әртүрлі.  Алайда осы ауруларды біріктіретін ортақ нәрсе, берілу жолдары, жұғу механизмдері, инфекция көздері бірдей, бір-біріне ұқсас. Сондай-ақ аурудың  жедел басталуы, дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өтуі, мазасыздану, бас ауруы, іштің кіндік аймағының уақ-уақ бүріп сырқаттануы. Дегенмен әр инфекцияның өзіне тән ерекшеліктері бар.
Сальмонеллез – нәжіс-ауыз механизмі арқылы беріледі, тағам өнімдері, әсіресе ет және ет өнімдері, сүт және сүт өнімдері, құс өнімдері (құс еті, жұмыртқа) арқылы берілу тән. Жеміс-жидек, көкөністердің өздері сирек инфекцияның берілу факторы болып табылады, бірақ инфицирленген жеміс, көкөністерден әзірленген тағамдар өте қауіпті. Сальмонеллезде негізгі инфекция көзі - көбінесе үй жануарлары (ірі қара мал, шошқа, қой, ит, мысық) және үй құстары, балық, тышқан, егеуқұйрықтар. Ал адам тек қосымша инфекция көзі болып есептеледі. Бұл ауру көбіне тез өрбитін жіті гастроэнтерит түрінде өтеді.
Дизентерия – бактериалды инфекция, спородиялық, топтық немесе эпидемиялық бұрқ ету түрінде кездеседі. Жұқпалы ішек ауруларының ішінде дизентерия ауру деңгейі жағынан бірінші орында және балалар үшін өте қауіпті. Дизентерияда инфекция көзі – жедел немесе ұзақ ауырған адамдар, аурудан жазылғандар немесе бактерия тасымалдаушылар. Қоздырғыш адам ағзасынан нәжіс арқылы бөлініп қоршаған ортаға түседі (топырақ, тұрмыстық заттар т.б) Инфекцияның берілу факторлары – лас қол, тағам өнімдері, су. Су негізінен топырақ арқылы ластанады, яғни инфицирленген нәжістің түсуі кезінде. Ал тағам өнімдері лас қол, шыбын арқылы ластанады. Инфекцияны тарату көзі ретінде шыбындардың алатын орны үлкен.
Жұқпалы ішек ауруларынан сақтану жолдары:
Аурудың ең басты алдын алу жолы – жеке бас тазалығы. Кездейсоқ сауда орындарынан тағам өнімдерін, сусындарын алмау. Қайнамаған су мен сүт өнімдерін пайдаланбау және төменде көрсетілген қарапайым ережелердің орындалуының өзі–ауырмаудың басты кепілі. Ас ішер алдында, дәретханадан кейін қолды мұқият сабындап жуу! Тек қайнатылған су ішу! Көкөністер мен жемістерді мұқият жуу! Ас дайындау, ыдыс жуу және ауыз су үшін ашық су көздерінен, арықтардан суды пайдаланбау! Дайындалған тағамдарды ашық қалдырмау! Тез бұзылатын тағам түрлерін тоңазытқышта сақтау! Үйдегі қоқысты уақытында шығару! Жас сәбилердің, балалардың заттарын (сүт ішетін бөтелке, еміздік т.б), ойыншықтарын таза ұстау керек!
Жұқпалы жедел ішек ауруының алғашқы белгілері басталысымен, өздігімен емделместен, шұғыл дәрігерге қаралып, аурудың асқынуын алдын алған жөн. Өмір негізі - денсаулық, денсаулық негізі - тазалық екенін, өз денсаулығыңыз өз әрқашан жадыңызда ұстағандарыңыз абзал!

К.УСИПБЕКОВА,
аудандық санитариялық эпидемиологиялық
бақылау басқармасының басшысы.
Б.ЖАНКАРАЕВ,
эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы.

1586490545 1553595118 2

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы (Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы, ортаазиялық геморрагиялық қызбасы) - адамның вирустық табиғи-ошақты ауруы, оның қоздырғышы кене болып табылады. Ол күрт басталуымен, дене температурасының екі толқындық көтерілуімен, жалпы интоксикациямен және геморрагиялық синдромммен (қан ағу жоғарылайды) сипатталады.
Қызбаның қоздырғышы – нейровирустар типіндегі РНҚ құрамындағы вирус. Вирустың резервуары болып майда жабайы құрт құмырсқалар жатады, кене тасмалдаушы және сақтаушы болып табылады. Ауру көбінесе маусымдық мезгілдерге байланысты, әсіресе мамыр және тамыз айларында көп кездеседі. Ауру адам инфекция көзі болуы мүмкін, ауру адаммен қарым қатынас кезінде қан арқылы беріледі (аурухана ішілік жұқтыру).
Қандай өзгерістер болады?
Вирус организмге тері арқылы беріледі (кене шаққан кезде),вирус қанға өтеді және ретикулоэндотелиальды жүйенің клеткаларында жинақталады және қанайналымда жүреді. Инкубационды кезеңнің ұзақтығы 1 және 14 күн аралығында (жиі 2-7 күн).
Клиника және симптомдар
Ауру тез басталады және дене температурасы кенеттен 39-40°С дейін көтеріліп, қалтыраумен бірге сипатталады. Бұл кезде өте жоғарғы дәрежедегі бастың ауруымен және қатты әлсіздікпен көрінеді, ұйқышылдықпен, бүкіл дененің қақсап ауруы, бұлшық еттердің және буындардың ауруы байқалады, іштің ауыруы, кейде құсу жүреді. Бастапқы кезеңде науқастарды қарап тексерген кезде, бет, мойын және кеуде үстіңгі бөліктерінің терісі қызаруы байқалады («симптом капюшона»). Вирус қан тамырлары қабырғасының өткізгіштігінің артуына әкелетін қан тамырларының эндотелийін, сондай-ақ, бүйрек үсті безінің сыртқы қабатын және гипоталамусты бұзады, қан ұю процестерінің бұзылуына әкеледі. Аурудың 2-6 күнінде геморрагиялық синдром дамиды. Кеуде қуысының бүйір бетіндегі температура аздап төмендеген кезде, иық белдеуінің аймағында жоғарғы және төменгі бөліктерде геморрагиялық бөртпе пайда болады. Инъекциялық жерлерде, мұрыннан және қызыл иектен қан кетулер байқалады. Осы кезеңде аурудың ауырлығы артады, есін жоғалту эпизодтары қайталануы мүмкін. Асқазан мен ішектің қан кетуі болжамды нашарлатады. Орташа есппен алғанда, дене температурасы 12 тәулікке дейін көтеріледі, сауығу баяу жүреді, әлсіздік (астения) 1-2 ай бойы сақталады. Геморрагиялық қызбасының асқынулары — сепсис, өкпенің ісінуі, ошақты пневмония, созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі пайда болуы мумкін.
Диагностикасы және емі
Ауруды тану, клиникалық деректерге негізделеді (жедел басталу, ауыр түрде өтуі, ауыр геморрагиялық синдром, маусымдық, анамнезінде кене шағуы). Вирусологиялық және серологиялық диагностиканың әдістері практикада сирек пайдаланылады. Емдеу инфекция бөлімінде жүргізіледі. Қабынуға қарсы ем тағайындайды, несеп шығуы қалыпқа келтіріледі.Бүйректің зақымдануын арттыратын препараттарды қолданылмайды.
Профилактика
Табиғи аудандарда кененің белсенді кезеңінде, абайлау және ұқыпты болу керек. Кене шаққан кезде жедел түрде медициналық мекемеге хабарласыңыз.

Құндыз САЛТАҚ,
«Сенбі» дәрігерлік амбулаториясының
жалпы тәжірибелі дәрігері.

Динамикалық бақылау аурудың асқынуы немесе күрделенуінің алдын алу үшін, дерттердің алдын алу мен осындай науқастарды оңалту үшін жүргізіледі.
Динамикалық бақылау есебіне тұруы үшін науқастың қолында созылмалы дерті бар екенін нақтылайтын үш құжат болуы тиіс, олар:
1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек бекеті дәрігерінің қорытындысы;
2. Бейінді маманның (дерт бойынша) консультативті қорытындысы;
3. Стационар науқастың медициналық картасынан үзінді (стационарда ем алған соң).
Созылмалы дерті бар науқасты қабылдаған емхана дәрігері не істейді?
1.Науқасты қарап, анамнез жинайды
2.Науқасқа физикалық түрде қарау жүргізеді
3.Науқастың диагностикалық зерттеулерінің нәтижесін бағалайды
4. Науқастың өзіне-өзі көмек көмек көрсетуді үйрену нәтижесін бағалайды
5. Дәрі-дәрмектік және дәрі-дәрмексіз емделудің жеке жоспарына, науқастың өзін-өзі бақылау күнделігіне түзету жасайды (барлық дәрігерлер қарауларын, зерттеулерін, бейінді мамандар мен салауатты өмір салтын мамандарының ұсыныстарын ескере отырып)
6. Күндізгі немесе тәулік бойғы стационарға жолдама береді (қажет болған жағдайда)
7. Медициналық оңалтуға жолдама береді (медициналық көрсеткіштер бойынша)
8. Медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясынан өтуге қажет құжаттарды рәсімдеуге кеңес береді
9. Салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді

Бейінді маман созылмалы дерті бар науқасты қабылдағанда не істейді?
Бейінді маман науқасты емхана дәрігерінің жолдамасы бойынша қабылдайды
- Қарау жүргізеді (физикалды қарау); Науқасқа сұрақтар қойып, жауап алады;
- Науқастың диагностикалық зерттеулерінің нәтижесін бағалайды;
- Қосымша диагностикалық зерттеулерге жолдайды (қажет болған жағдайда);
- Күндізгі немесе тәулік бойғы стационарға жолдама береді (қажет болған жағдайда);
- Науқастың созылмалы дертін алдағы уақытта да бақылауға ұсыным жасайды;
Науқасты қабылдаған соң учаскелік дәрігерге осы науқастың денсаулығы туралы қорытындыны жібереді. Медициналық қорытындыда бейінді маман зерттеулердің нәтижесін көрсетеді, осы науқасты ары қарай бақылау туралы ұсыныс жасайды.
Науқасты динамикалық бақылаудағы медбике/медағаның рөлі қандай?
Медбике/медаға
1. Емдеу тәртібі орындалуына мониторинг жүргізеді,
2. Қайтадан қабылдау кезінде науқастан сұрақ-жауап алып, физикалды қарау жүргізеді,
3. Лабораториялы және аспаптық зерттеулерге жолдайды (тиісті мерзімімен)
4. Дерттің асқынуына шағым болмаған немесе динамикалық зерттеулердің қалыптан тыс көрсеткіштері болмаған кезде мебике/медаға:
- науқаспен әңгімелеседі және салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді, қажет болғанда емханадағы салауатты өмір салты орталығының мамандарына жолдайды,
- науқасқа дерті ауысқан кезде не істеу керегін және өміріне қауіп төнген жағдайда жедел медициналық көмек шақыруды түсіндіреді
- дәрі-дәрмекке рецепт жазып береді,
- науқастың келесі келу уақытын белгілейді.
5. Егер науқастың дерттінің асқынуына шағымы болса немесе динамикалық зерттеулердің қалыптан тыс көрсеткіштері болса, медбике/медаға науқасты алғашқы медициналық санитарлық көмек бекетіне жоспардан тыс қарауға жібереді.
Егер науқас күндізгі немесе тәулік бойғы стационарда ем алса, емделуден кейін оған стационар науқастың медициналық картасынан үзінді берілуі керек, онда көрсетілген ем туралы мәліметтер, атап айтқанда, диагностикалық зерттеулер, емдеу шаралары мен ары қарай емделу кеңестері жазылады.


М.САПАРБЕКҰЛЫ,
аудандық орталық
аурухананың бейінді мамандар
бөлімінің меңгерушісі.

220621100728a3946651d

Қазақстанда соңғы тәулікте 330 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды –, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында – 36, Алматы қаласында – 191, Шымкент қаласында – 28, Ақмола облысында – 11, Алматы облысында – 10, Атырау облысында – 9, Шығыс Қазақстан облысында – 4, Жамбыл облысында – 12, Батыс Қазақстан облысында – 1, Қарағанды облысында – 12, Қостанай облысында – 4, Қызылорда облысында – 3, Павлодар облысында – 4, Солтүстік Қазақстан облысында – 1, Түркістан облысында – 4 адам індетке шалдыққан. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде 1 млн 308 207 тұрғын ­коронавируспен ауырған.

КЕМІРГІШТЕР – ИНФЕКЦИЯ КӨЗІ!

Жұма, 24 Маусым 2022 00:00

Тышқандар мен егеуқұйрықтар адам мекендейтін барлық жерде өздерін жайлы сезінеді. Сонымен бірге олар кезінде қалаға «көшкен» және шағын ауылдарға қарағанда, қазір оларды мегаполистерде жиі кездестіруге болады.

Тамақтың, оның ішінде қалдықтардың көптігі осы ­зиянкестер популяциясының күрт өсуіне әкеп соқты.

Олар сізге көптеген проблемалар туғызуға қабілетті:
* Үй-жайларда жағымсыз иіс пайда болады, кез келген уақытта кеміргіштің тіршілік қалдықтарына тап келуіңіз мүмкін;
* Дискомфорт жағдай пайда болады;
* Егер қонақтар немесе клиенттердің бірі егеуқұйрықты байқаса, олардың алдында Сіздің мәртебеңізге айтарлықтай нұқсан келеді;
* "Сұр шапқыншылық" салдарынан өткізгіш сымдардың, едендердің, қабырғалардың, әртүрлі қалқалардың, жиһаздың зақымдануы болады;
* Кеміргіштер әртүрлі індеттердің жиі себептері болып табылатыны белгілі. Егеуқұйрықтар мен тышқандар адам үшін өте қауіпті лептоспироз ауруын тасымалдаушысы болуы ықтимал. Олар бүлдірген өнімді жеп, Сіз қатты ауырып қалуыңыз мүмкін. Кеміргіштер топырақ пен суды ластайды, олардан инфекциялық ауру қоздырғыштары адам ағзасына түседі. Сонымен қатар кеміргіштердің тістеуі салдарынан құтыру сияқты қатерлі ауру берілуі мүмкін.
* Тышқандар өзімен бүрге тасымалдайды;
* Дарақтың тістеуі жай ғана ауыр емес, улы болуы мүмкін, өйткені ол жиі уыттары бар жартылай шіріген қалдықтармен қоректенеді.
Осы жағдайлардың кезекті құрбаны болмау үшін, зиянкестерді байқаған сәттен шаралар қолданыңыз!
Біріншіден, шақырылмаған қонақтарды тағам мен суға қол жеткізуден айыру керек. Азық-түліктің жабық қорғалған орындарға жиналуын қамтамасыз етіп, құбырлар мен крандардың ақауларынан судың ағуын болдырмауға тырысыңыз. Кеміргіштерді қызықтыруға қабілетті қоқыстардан, қалдықтардан уақытылы құтылыңыз. Бөлмені қарап шығып, жарықтар мен саңылауларды бекітіңіз. Ол үшін картон, көбік немесе жұқа ағаш табақтары емес, цемент ерітіндісін пайдаланыңыз.
Өздеріңізге мәлім, базарлар мен дүкендерде тышқан аулайтын қапқандармен қатар тышқандарды жоюға арналған ұнтақ немесе түйіршіктелген, дайын препараттар еркін сатылады. Алайда, кеміргіштерге қарсы химиялық заттарды пайдалану адам мен жануарлардың және құстардың өміріне де қауіп төндіретінін есте сақтау қажет.!
Сондықтан осы препаратарды қолдану нұсқаулығына сәйкес дайындау, мөлшерлеу ережелерін және сақтық шараларын қатаң сақтау өте маңызды. Кеміргіштермен күрестің ең жақсы нұсқасы осы салада жұмыс тәжірибесі бар оқытылған мамандардың күшімен дератизациялық іс-шаралар өткізу болып табылады, бұл көрсетілетін қызметтердің тиімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.


Нұрлыбахыт ТАСБАЛТА,
аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық
бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы.
Бакытжан ЖАНҚАРАЕВ,
бас маман.

Денсаулық – салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы – өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Қазығұрт аудандық Қ.Өмірәлиев атындағы орталық кітапханада «Салауатты өмір – жарқын болашақ » атты тақырыпта денсаулық сағаты өтті. Кешке Қазығұрт аудандық емхана мамандары психолог Г.Қамбарова, ­социолог Қ.Науманова қатысты.
Салауатты өмір салты маманы А.Пидинулла өз кезегінде: «Денсаулық – адам бақытының бірінші байлығы. Әрбір жасөспірімді сол бақытты уысынан шығармауға тәрбиелеуіміз керек. Денсаулықтың мықты болуы үшін қандай әдістерді қолдануды, жақсы жұмыс халін, күнделікті тұрмыс қиындықтарын жеңуі, белсенді өмір сүру жағдайларын білу қажет. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын ұстануымыз керек», – деп атап өтті.
Кең көлемде кітап көрмесі жасалып, библиография­лық шолу жасалды. Өміріміз – өз қолымызда. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Адамға өмір бірақ рет беріледі. Бұл ретте оның денсаулығы мықты, рухы күшті болғаны абзал! Жаңа ғасыр азаматы – дені сау, рухани бай адам!

А.ДОСБЕРГЕНОВА,
аудандық орталық кітапхана кітапханашысы.

НАШАҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Жұма, 17 Маусым 2022 00:00

 218         Больница НАШАҚОРЛЫҚ

Нашақорлық әлемнің әлеуметтік проблемасы, миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан ауру, трагедия, өз ауқымы жағынан дүниежүзілік соғыстармен тең, алайда ол шекараны танымайды, нәсіп, жыныс, жас талғамайды. Бұл жарияланбаған соғыс тұлғаның толық жойылуына әкеп соғады. Нашақордың жолымен кеткен адам біртіндеп өзінің адамгершілік қасиеттерінен айырыла бастайды: психикалық тұрғыдан өзгереді, достарын, кейін отбасын жоғалтады, жаңа кәсіпті игере алмайды, ал бұрынғы біліктілігін ештеңе қалмайды, өзіне және жанындағыларына бақытсыздық алып келеді, ақырындап өзінің дене мүшелерін өлтіре бастайды. Ұзақ уақыт бойы нашақорлық мәселесі жабулы қазан күйінде қалып келді, ол туралы айтылмады.
Қазір барлығы ол туралы біледі, бірақ әлі бұл өткір тақырып болып қалуда. Нашақорлыққа қарсы күрес құралы – оны таратуға қарсы бүкіл адамзаттық жұмылу. Бұл «жұмылуды» кішкентай баладан бастап үйрету керек. Бұл – үлкендердің міндеті. Біздің ғасырымыздың басты дерті-нашақорлық екені баршаға аян. Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп белшесінен батып жүрсе, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Есірткі таратып, байып жүрген адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Өсіп келе жатқан, еліміздің болашағы – жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? – деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.
Есірткіге еліктейтіндер – негізінен жасөспірімдер мен жастар. Олар өлімнің не екенін терең ұғынбайтын жаста есірткіге ұрынады. Өлімнен үлкендер қорқуы мүмкін, ал жастар қорықпайды. Нашақор үшін өлім жалған дүниемен бірдей. Осының зиянын біз өскелең ұрпаққа жеткізуіміз тиіс.

Әсем АҚЖОЛҚЫЗЫ,
аудандық аурухананың
нарколог дәрігері.