БАЛАНЫҢ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жұма, 04 Қараша 2022 00:00 Жарияланды Денсаулық Оқылды 454 рет

b1e38ab0-5cad-4737-a1a1-1624eb542ae1

Жаңа туылған бала туылғаннан алғашқы бір-екі айына дейін дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстер, мінез-құлқы, сыртқы ортаға бейімделулері біршама уақыт аралығында жүзеге асады. Және сол аралықта түрлі физиологиялық функцияларының дамуына сору, қорғану, бағдарлау және т.басқада рефлекстері де жатады. Бұл физиологиялық функциялардың барлығы баланың сезім мүшелері сияқты туылатын сәтке қарай тиісті мөлшерде дамып жетілетін жүйке және ми қабығы асты нерв орталықтарымен реттеліп отырады. Сыртқы орта факторларының көпшілігіне нәресте қолдары мен аяқтарының жалпы, жіктелмеген қимылдарымен жауап қайтарады. Үлкен ми сыңарларының қабығы әлі толық қалыптасып болмаған: нерв клеткаларының тармақтануы жок, дерлік, өткізгіш жолдар сақтағыш миелин қабықтарымен қапталмаған. Бұл қозудың кең жайылып кетуіне және шартты рефлекстердің пайда болуының қиындауына алып келеді. Туа біткен мінез-құлықтың көптеген түрлерінің болмауы баланың әлсіздігін емес, қайта күштілігін білдіреді, өйткені ол адамға тән жаңа тәжірибені игерудін, мінез-құлықтың жаңа формаларын шексіз игерудің мүмкіндігіне ие болады. Жаңа туған кезеңдегі мидың қалыпты жетілуінің қажетті шарты — анализаторлардың белсенді қызмет атқаруы. Егер бала сенсорлық оқшаулану жағдайына түссе (тиісті мөлшердегі сырт әсерлердің болмауы), оның дамуы күрт баяулайды. Жаңа туған баланың дамуының айрықша ерекшелігі сол, оның соматикалық (дене) кимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала бастайды. Көптеген жаңа туған балаларда алғашқы он күн ішінде тамақтану қалпына байланысты шартты рефлекс пайда болады. Алғашкы екі айда барлық анализаторлардан шартты рефлекстер жасалады.
Бағдарлау рефлексінің дамуы көру мен есту қабілетінін жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар толық түрде дамып, белсенді сипат алады.
Пайда болған психикалық белсенділік ырықсыз қимыл белсенділігін баса білуден көрінеді. Екі-үш айға қарай балада үлкендерге көңіл аударудың ерекше түрлері көріне бастайды. Нәресте үлкен адамды қоршаған дүниемен жанасудың қажетті дәнекершісі кажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек адамнын көрінуіне байланысты жадырау комплексі деп аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл реакциясы қалыптасады. Жадырау комплексі қол мен аяқтың екпінді қимылдарынан көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады.
Мидың ана құрсағында дамуы
Сезім міүшелерінің даму ерекшеліктері. Мүшелерді жаттықтырудың маңызы. Бала, көпшілік хайуанаттардың төліне қарағанда, әлдеқайда әлжуаз болып туады. Жаңа туған нәресте сыртқы әсердің көпшілігіне аяқтары мен қолдарын қимылдатып, қозғалтумен жауап береді. Алайда туа біткен мінез-құлық формаларының көптеген түрлерінің жоқтығы баланың әлсіздгі емес, керісінше күштілігі болып табылады.
Нәрестенің негізгі ерекшелігі —- жаңа тәжірибелерді игеру, адамға тән мінез-құлық формаларына ие болу мүмкіндігінің шексіздігі. Егер органикалық қажеттілік дәрежеде қанағаттандырылса, онда олар кешікпей өздерінің жетекшілік мәнін жояды және дұрыс режим мен тәрбие жағдайында жаңа қажеттіліктер (әсер алу, қимыл, үлкендермен қарым-қатынас қажеттіліктері) қалыптасады: солардың негізінде психикалық даму жүзеге асырылады.
Әсерленуге ұмтылу өзінің негізінде бағдарлау рефлексімен байланысты және баланың сезім мүшелерінің әсерленуге әзірлігіне қарай дамиды. Жаңа туған баланың көру аппараты мен есту аппараты өмірінің бірінші күнінен бастап қызмет еткенмен, олардың жұмысы әлі де жетілмеген. Көру реакциясы жақын маңдағы жарықты ғана, есту реакциясы тек анық дыбысты ғана сезеді. Өмірінің алғашқы апталары мен айларында көру мен есту тез жетіледі. Бала заттардың қозғалысын көзімен бақылап, одан соң тұрған нәрсеге көз тоқтатып қарайды. Ол жай дыбысқа, атап айтқанда үлкендердің даусына елеңдей бастайды. Көру және есту тітіркендіргіштерге жауап ретінде бала әзірге сәл уқытқа ғана аяқ-қолының, басының қимылын тоқтатады, жылауын қояды, көру және есту шоғырландыруы туады.

4-babys-brain-and-nervous-system-pixologicstudioscience-photo-library
Көру және есту аппараттары жұмысының дамуы, сыртқы тітіркендіргіштерге реакцияны жетілдіру баланың нерв жүйесінің, ең алдымен оның миының пісіп жетілуі нәтижесінде жүзеге асады. Жаңа туған нәресте миының салмағы үлкен кісі миының 1/4-дей болады. Балалрда нерв клеткаларының саны үлкендермен бірдей болғанымен, сәбиде ол клеткалар жеткіліксіз дамыған.. Осыған қарамастан туған бойда-ақ (тіпті шала балада да) шартты рефлекстердің пайда болуына толық мүмкіндік бар. Мұның өзі баланың сыртқы дүниемен байланыс орнатуына мидың жоғары бөлігі үлкен ми сыңарларының қыртысы, қатысатынын дәлелдейді. Бала өмірге келген алғашқы күннен бастап мидың салмағы тез артып, нерв талшықтары өседі және миелиндік қорғаныш қабыққа оранайды. Үлкен ми сыңарлары қыртысының көру аясының көлемі екі апта ішінде бір жарым есе өседі.
Бірақ, мидың өсіп-жетілуі жаңа туған сәбидің сезім мүшелерінің дамуын өз-өзінен қамтамасыз етуі мүмкін деп ойлау дұрыс болмас еді. Бұл даму баланың сырттан алатын әсерінің ықпалымен өтеді. Оның үстіне мұндай әсерсіз жетілуінің өзі мүмкін емес. Жаңа туған кезеңдегі мидың дұрыс жетілуіне қажетті жағдай-сезім мүшелерін (анализаторларды) жаттықтыру, соның көмегімен сыртқы әлемнен алынатын әр түрлі сигналдардың миға өтуі. Егер бала сезіммен байланысты (сенсорлық) оқшаулау жағдайына тап болса (сыртқы әсердің жеткілікті мөлшерде болмауы), оның дамуы шұғыл тежеледі. Керісінше, егер сәби жеткілікті дәрежеде әсерленсе, онда бағдарлау рефлекстерінің тез дамуы (көру және естуге көңіл тоқтатудың пайда болуынан көрінеді) пайда болады, кейінгі қимылдарды! меңгеруге және психикалық процестер мен сапалардың қалыптасуына негіз қаланады.
Жағымды сезімнің алғашқы белгілері жымиып күлу сәби дүниеге келгеннен кейінгі бірінші айдың соңы мен екінші айдың басында, оның өзінде ол баланың көзі бір нәрсеге түскенде, немесе үлкендердің жылы сөз айтып, еркелете шақырғанына жауап ретінде байқалады. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: жағымды сезімнің пайда болуы үшін тек органикалық қажеттіліктің ғана қанағаттандырылуы жеткіліксіз. Ол жағымсыз сезімді ғана жойып, бала қуанышты әсерге бөленетіндей жағдай жасайды. Бірақ мұндай қуаныш әлдебір әсер алудан, әсіресе үлкендерге байланысты әсерленуден шығады.
Бірте-бірте балада үлкендерге бағытталған жандану комплексі деп аталатын ерекше әсерленгіш қозғаушы реакция пайда болады. Жандану комплексі дегеніміз баланың өзіне қарап еңкейген адамға, көз тоқтатуы, оған жымиып күлімсіреуі қолдары мен аяқтарын қозғап, жай дыбыстар шығаруы. Үлкендермен қарым-қатынас жасау кезінде туған бұл көріністер — баланың алғашқы әлеуметтік қажеттілігі. Жандану комплексінің пайда болуы жаңа туған кезең мен нәрестелік кезең арасындағы шекара болып табылады.


Меруерт АКИМОВА,
аудандық орталық емхананың балалар невропатологы.

Тағыда осы категорияда: « ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІҢ ПСИХОЛОГИЯСЫ