Қазақ елі Ислам дінін қабылдағалы бері ислам өркениетімен, атап айтқанда, Ханафи мазхабының ұстанымымен, қазақ халқының салт-дәстүрі және әдеп-ғұрыптарымен бітісе қайнасып, ізгілікке негізделген ел менталитеті қалыптасты. Өйткені, Ханафи мазхабы – ислам дінінің қашанда қоғамның бірлігі мен ынтымағын сақтауға басымдық беретін, әлеуметтік әділеттілікті қолдайтын, барлық ұлттар мен діндердің арасындағы татулық қарым-қатынастарды жақтайтын, жер жүзіндегі тіршілік иесінің бірде-біреуін алаламайтын толерантты мазхаб саналады. Сондықтан, оның басты ұстанымдарының бірі – адамдар арасында әрі ұлттық, әрі діни тұрғыда бейбіт қарым-қатынастар орнату және қолдау болып табылады.

Бүгінде экстремизм мен лаңкестіктің агрессивті көріністері және соның ішінде діни, саяси экстремизм, ислам фундаментализмі, ваххабизм және т.с.с түрлі-түрлі жан түршігерлік ұғымдар адамзат баласының санасына қорқыныш ұялатады. Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірі оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен лаңкестік тақырыбы бұқаралық ақпарат құралдарында өте жиі орын алуда. Хақ дін исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында көптеген ойлар да, зерттеулер де бар екені мәлім. Дін мәселесінің ушығуы өзінен-өзі пайда болған жоқ. Ол – ұлттық тәрбие, тіл, діл мәселелерімен астарласып жатыр. Сондықтан, осы сұрақтың астарына үңілерде жоғарыда айтылған мәселелерді тұтастай қамти қарастыру керек сияқты. Сонымен қатар, ислам дінінің атын жамылып, оның заңдары                                мен қағидаларын бұрмалап, іс-әрекет жасап жүрген діни экстремистік және лаңкестік топтардың саны көбейіп келе жатыр. Ал, нақтылай атап өтетін болсақ, «Әл-Каида», «ХАМАС», «Мұсылман-ағайындар», «ЭТА», «Әл-Джамаа әл-Исламийя», «Ансар әл-Ислам», «Хизб-ут-тахрир әл-Ислами» және т.б.

Экстремизм мен терроризм сонау заманнан-ақ, қолданбалы әрі тиімді қару ретінде рөл атқарған болатын. Әсіресе, ХХ ғасырдың бірінші жартысында Франциядағы саяси жүйенің радикализациялануы кезінде экстремизмнің қалыптасуы орын алады.  Сондай ағымның бірі «Хизбут-Тахрир» партиясы. Арабша «Хизб» – ұйым, партия, ал «Тахрир» – азаттық мағынасын білдіреді. «Хизбут-Тахрир» партиясының негізін Таки ад-Дин Набахани 1952-жылы Палестинада қалаған. Өз мүшелерінің санын көбейту мақсатымен ол партия атауына исламды да қосып, алдарына 13 жылда халифат құру міндетін қойды. Бірақ, көрсетілген мерзімде партия мүшелерінің саны өспеді, бірде-бір араб мемлекетінде халифат құрылған жоқ. Тіпті, араб елдерінің өзі «Хизбут-Тахрир әл-Ислами» партиясының идеясын құптамайды. Хизбутшылар ислам атынан таратқан әдебиеттерді де (кітапшалар, парақшалар) мұсылман әлемінің ғұламалары мен діндарлары мойындамайды, теріске шығарады.   «Хизбут-Тахрир әл-Ислами» діни ағымы Қазақстан Республикасында да тыйым салынған діни экстремистік ағым болып табылады.

Д.ОРАЗБАЕВ.  

 

Дін өз мәнінде ғана қоғамдық-рухани құбылыс және кері кету бағытына ауытқыған жағдайда, барлық құбылыстар сияқты адамзаттың қас жауына, яғни, өзінің керісінше мағынасына өтеді, құндылықтық бағдары түбегейлі өзгеріске түседі. Бұл қарапайым ғана формула болғанмен, оның бұрмаланған кейпінің алдын-алуда адамзат тарихы оңтайлы тәсілді іздеп табуда дағдарысқа тап болуда.
Қазіргі кездегі әлемді алаңдатып отырған маңызды діни түйткілдердің бірі, тіпті ғаламдық мәселелердің қатарына жатқызуға да болатын құбылыс – діни экстремизм мен терроризм деп айтуымызға болады. Ол бастапқы идеялары бойынша дәстүрлі діндерге сүйеніп, олардың өңін айналдырып, бұрмаланған күйде танитын және өзінің сол позициясын ақиқат ретінде дәйектеуге тырысатын бүлікшіл пиғыл тек біздің еліміз емес, дүниежүзін айтарлықтай алаңдатып отыр.

bae49106f0d64e1158091a52da526f5f-big

Ұлтаралық және дінаралық татулық

Дүйсенбі, 10 Қырқүйек 2018 00:00

 

Тәуелсіз еліміз ұлт тағдырын өз қолына алғалы қазақ халқының ұлттық санасы жаңғыра түсті. Өзін-өзі тану, өзінің ежелден қалыптасқан тарихы мен ұлттық дәстүрлерін құрметтеу, ұлы тұлғаларын тану, сөйтіп, оларды дүниеге таныту, рухани қазынасының тереңіне бойлап, оның құндылықтарын әлемдік өркениетпен ұластыру бағытында қыруар шаруалар атқарылды. Содан еліміз бүкіл әлем жұртшылығына саяси жүйесі орнықты, қоғамдық келісімі мен тұрақтылығы берік орнаған мемлекет ретінде танылды. Мұның басты факторларының бірі – біздің еліміз бүкіл әлемге, қоғамдағы татулық пен ынтымақтастықты сақтаудың және әртүрлі ұлттық мәдениеттер мен діндердің үйлесімді дамуына қамқорлық жасаудың жаңа үлгісін көрсетіп берді. Сол себепті, Республикамызда өмір сүріп жатқан 130 этностың мүдделері жарасым тауып, адамның құқығы, діни бостандығы негізгі құндылықтар болып қалыптасты. Әрине мұндай жағдай еліміздің ешқандай қайшылықтарға ұшырамай, тұрақты даму мүмкіндігіне қол жеткізуіне күшті септік болды.

Халқымыздың данышпаны Абай атамыздың «Махаббатпен жаратқан адамзатты» дегеніндей, әлемнің жаратылысының негізі – Алланың адамзатқа, адамзаттың Аллаға, сосын пенделердің бір-біріне деген сүйіспеншілігіне, рақымдылық пен шапағаттылығына негізделген. Сондықтан, жер бетінде тіршілік етуші адамзаттың өркендеп өсуі осы заңдылыққа тікелей байланысты. Ендеше, адамзаттың өзара татулығы игілікке, бейбітшілікке және құт-береке даруына септік болады. Ал, өзара татулықты бұзу, бір біріне өшпенділікпен қарау бейбітшілікті жойып, құт берекені қашырады. Мұндай жағдайға ұшыраған ел тозып, өркениет көшінен артта қалып қоятыны баршамызға белгілі, содан мемлекет ретінде алға қойған ниет, мақсаттарына жете алмай жүреді. Бұған адамзат тарихынан көптеген мысалдарды келтіріп айтуымызға болады.

Сондықтан, қайсы бір ұлт өз елінде ұлттар арасында және конфессиялар арасында өзара татулыққа, ынтымақ пен бірлікке ұмтылса, сол елде бейбітшілік орнығып, құт береке даритыны баршаға белгілі.

Д.ОРАЗБАЕВ.

Келіннің ізеті шариғатқа қайшы ма?

Дүйсенбі, 10 Қырқүйек 2018 00:00

Начало формы

Конец формы

 

          Ұлттық болмысымызға тән ерекше салт – келіннің үлкендерге құрмет көрсетіп, ізеттілік танытып иіліп сәлем салуы. Мұны теріске шығару ең алдымен сауатсыздық. Бүгінде ақпараттық соғыс заманында дәстүрді теріске шығару арқылы елдің тыныштығын алып, шырқын бұзу баз біреулердің бірнеше жылдарды алға тастап жоспарлаған сұрқия саясаты болуы мүмкін. Негізгі мақсаты діннің атын жамылып, халықтың арасына іріткі салу. Жік-жікке араздастырып бөлу. Ынтымағы жарасып, «берекені көктен тілеме, бірлігі мол көптен тіле» деген қазақ халқының ауызбіршілігін жойып, бір мұсылманды екінші бір мұсылманға айдақтатумен ел ішінде шу шығартып, берекесін ала отырып, көздеген мақсаттарына қол жеткізу. Ол көздеген пиғылы – Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан ғайыр жеріміз, Менделеевтің бүкіл элементі кездесетін географиялық байлығымыз болуы ықтимал.
         Қазақы санада сәлем салу салтының маңызы ерекше. Кішінің үлкенге иіліп сәлемдесуіне  ешбір көрнекті ислам ғұламалары «ширк», «фитнә» деген сынды үкім бермеген. Келіннің үлкендерге сәлем салудағы мәні
адамдық қасиеттегі құрмет. Қазақтың түсінігінде келін ешқашан қайынатасы немесе қайнағаларымен қол алысып амандаспаған. Бұлда бір қазақ қызының иманды да ибалы, ұяң мінезді болғанын көрсетеді.

         Келесі бір себебі дінімізде әйел затының өзінің жақындарынан басқаға дауысы әурет болып саналады. Осы себептен де келін көршілеріне бас иіп, құрметін білдіріп сәлемдескен. Қазіргі қоғамда теріс ағымға еліктегендер келінінің ата-анасына құрмет ретінде сәлем салуына тыйым салып тастайды немесе басқа дәстүрлерімізді терістеп жоққа шығарады. Бұл тыйым салуымен жат ағымға ілескен ұлдар ата-анасының көңіліне қаяу салғанын бірі білсе, бірі білмейді. Ал, дінді мағынасыз ұстанамын деп, Алланың ашуына тиіп жатқанынан хабардар ма өзі? Алла тағала ата-анаға құрметпен қарау қажеттігін Құранда «...Ал, егер ол екеуінің (ата-ана) бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ» деме (кейіс білдірме)...», – деп ескертуде. Ата-ананың көңіліне қаяу түсіретіндей амал жасамауымызды ескертуде. Келіннің сәлем салмағанына іштей жүрегі жараланып ұлы мен келініне деген реніші бар қарттарымыз қаншама?! Сол перзенттер дінді дұрыс түсінбей Алланың ашуына ұшырап жатқанын ойланса етті! Бұл ақиқат жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)«Алланың разылығы – ата-ананың разылығында,
Алланың ашуы – ата-ананың ашуында», – деп ойланған санаға ұғынықты сөзін қалдырған.

       Теріс пиғылды ағымдардың жетегінде жүрген азаматтар келіннің сәлем салуын «ширк» (Аллаға серік қосу) деп санайды. Адам тек қана Жаратушыға иілуі керек, адамға иілу «харам» дұрыс емес деген пікірде. Иілу харам деп намаздағы еңкею «рукуғ» етумен теңейді.

   Ислам дініндегі намаздың ішіндегі рукуғ етудің мынадай шарттары бар:

  1. Еңкею 90 градус болуы шарт.
  2. Екі қол еңкейгенде тізеде болу керек.
  3. Және рукуғ еткенде «субхана роббиәл ъазим» деген дұға оқылады.
    Осы жоғарыда келтірілген шарттар орындалмаса, ол рукуғ болып есептелмейді.

           Енді қазақ халқының сәлем салу дәстүріне кезек берелік. Сәлем салуды сипаттап көрелік. Еңкею 90 градус болсын деген шарт жоқ. Екі қолдың да тізеде болуы шарт емес. Сонымен қатар, сәлем салар уақытта белгілі бір дұғаның оқылуы да міндетті емес. Демек, сәлем салу мен намаздағы еңкею бір біріне мүлдем ұқсамайды.

Мысыр елінің бұрынғы мүфтиі Атия Сақрдың «Сахнада өнер адамы тыңдаушылардың қошеметіне алғыс ретінде иілуіне бола ма?» деген сұраққа 1997-жылғы мамыр айында берген жауабы: «…Кейде үкімдер ниетке қарай бағаланады. Сондықтан, халыққа деген алғысын білдіріп, кішіпейілділік ниетімен иіліп сәлем берудің еш оқасы жоқ…».

Ойымыздың қорытындысы, құрмет ниетімен сәлем салу исламда бүлік, яки, болмаса Алла тағалаға серік қосу болып саналмайды. Бұл – қазақтың әдет-ғұрпы. Келіннің иіліп сәлем салғаны секілді күйеу жігіт те қолын жүрек тұсына қойып, тәжім жасаған. Мұның барлығы сайып келгенде, қазақы тәрбиенің биік шоқтығы, үлкенді сыйлаудың жарасымдылығы. Қазақ сан ғасырлардан бері Ислам дінін ұстанып, әжелеріміз құрметін білдіріп сәлемін салып келген. Сәлем салу ширк, фитнә, ал, Құран бағыштау бидғат болар болса, бабаларымыздың барлығы күнаһар болды ма сонда? Әрине, жоқ! Ислам дінін жетік білген бабаларымыздың көзі тірісінде жүзеге асқан және бүгінде жалғасын тауып келе жатқан бұл салт-дәстүрлерімізді ширкке балап, елдің шырқын бұзу – әсте дұрыс емес.

 М.МҰСТАФАЕВ,

ОҚО дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»

МКМ-нің
маманы. 

Конец формы

 

         Ислам сөзі – бейбітшілік деген мағына береді. Асыл дініміздің аты айтып тұрғандай, ислам діні бейбітшілік пен келісім діні. Ислам діні ешқашан берекені бұзып, бірлікті кетірмеген. Керісінше, татулықты ту етіп, бірліктің бесігін тербеткен бірегей дін.

         Десекте, бұл күндері діни экстремизім деген терминді білмейтін жан жоқ десек жансақтық болмас. Өкініштісі, ең бейбіт сүйгіш дін ислам дініне осы бір жағымсыз, құлаққа түрпідей тиетін терроризм термині тіркеліп, экстремизмнің елесін Исламнан іздеу дағдыға айналды. Ислам діні арасында арбасқан ағымдардың апаны көбейіп кетті.

         Алла Тағаланың әміріне бойұсынатын, кез-келген тура жолдағы мұсылман адам ең әуелі қасиетті Құран мен хадиске, қала берді, ижмағ пен қиястың үкіміне жүгінетіні белгілі. Алайда, осы аят-хадисті теріс түсініп, терісіне симай желіккен жастардың жарыққа шыққаны ащы да болса шындық екені шымбайыңа батады. Әрине, олар өздерінің артында бір алпауыт күштердің көмескіден көсеу тастап тұрғанын түсінбейді-ау!

         Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Менің үмбетім жетпіс үш фирқаға (ағымға) бөлінеді», – деген еді. (Хадисті Әбу Хурайрадан Тирмизи және Ибн Мәджә жеткізген). Осы хадисте айтылғандай, Исламның ішінен бөлінген ағымдар баршылық. Міне, сондай сойқаны мол, солақай ағымдардың бірі – қыңыр басып, қисық сөйлеген хизбут-тахрирлер. Бұл ағым Ислам елдерінде қағажу көрген соң, жетпіс жыл желкелеген атеизмнің құрығынан құтылып, рухани шөліркеген ТМД-да тамырын тереңге тартпаққа тырысты. Десе де, дегендері бола қоймады. Халқының сауаты жоғары бұл кеңістікте, қысқа ғана уақытта білікті діни мамандар шоғыры да шығып үлгерген еді. Елімізде де даярланған дін мамандары Хизбуттардың қисығын мойнынан қиып салды. Ақыры, Астана қалалық сотының 2006-жылы 17-қарашадағы шешімі негізінде хизбуттардың қимылына еліміз аумағында тыйым салынды. Жасырын ұйымның аты – жасырын ұйым. Жалған жарғысын көтеріп, жағамызға қайта жармаспасын десек, антивирусты алдын ала қамдағанымыз абзал. Мақала осы мақсатты көздеді. Көмегі болар, көз тастап көріңіз!

        

2525

Жастар діни экстремизмге қарсы!

Дүйсенбі, 20 Тамыз 2018 00:00

 

Экстремизмнің қай түрі болса да тұтас әлемге, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне, елдің аумақтық тұтастығына, азаматтардың құқығына үлкен қауіп төндіреді. Кез келген ел үшін діни экстремизмнің ең қауіпті түрі – діни ұранды бүркемелеп ұлттар және діндер арасына от қойып, шағыстыру. Оның арты үлкен мәселеге әкеліп соқтырады. Әсіресе, жастарды алдап- арбап беймәлім секталарға, түсініксіз ұйымдарға кіргізіп жатқандығын құлағымыз шалып жүр. Жастар арасында осындай рухани адасушылықтың алдын алып, ұлттық сананы қалыптыстыруда Елбасының жарық көрген Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы айырықша рөл атқарады. Жастар арасында діни экстремизмнің алдын алу бірінші кезекте тұруы тиіс.

Жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейту, өйткені кейбір сыртқы экстремистік күштер жастарымызды дұрыс жолдан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысуда. 
Осыған байланысты, жастар арасында толеранттық мінез-құлық қалыптастыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы әрекет ету шаралары негізінде қазіргі көп ұлтты елімізде түрлі шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда. Мемлекет жүргізіп отырған халықаралық келісім мен ұлтаралық бірлікті дамытуға бағытталған нақты саясат аға буын мен кіші буын арасындағы өзара түсіністікті, ең бастысы, ата-ана мен бала арасындағы бірлікті, жастардың ішкі мәдениетінің дамуын, ұлттық сана-сезім, ұлттық мақтаныш, ұлттық құндылық тұрғысынан қамтиды.
Қазіргі таңда деструктивті, кей жағдайда тіпті радикалды исламдық ағымдардың белсенді әрекеті елдің ұлттық өзіндік ерекшелігінен айырылып қалу қаупіне апарып соғуы мүмкін. Ол ең алдымен діндар жұртшылықтың біздің төл қазақ дәстүрлерінен бас тартып, оны жоққа шығарып, фундаменталды және радикалды идеялардың күшеюінен көрінісін табады. Сондықтан да мемлекеттің алдында тұрған басты мақсаттардың бірі - қоғамымызда діни процестердің саясаттануына жол бермеу.
Осы орайда, маңызды болған мәселенің бірі, бұл – дәстүрлі емес діни қозғалыстардың қызметтерін ретке келтіру. Себебі, олардың әрекеттері қоғамда кереғар көзқарастар туғызып келеді. Өйткені, қазіргі таңда ұлт және дін, тарих және дін, дәстүр және дін мәселесі де терең байыпталмай келеді. Дінді салтпен, дәстүрмен шатастырушылар аз емес.
Сондықтан жастарға рухани адамгершілік тәрбие беру басты назарда болуы тиіс.
Жаңа жас буынның дүниетанымын қалыптастыру мен тәрбиелеуде ұлттық дәстүріміздегі адамгершілік пен ар-ұят ұстанымдарын бүгінгі заман талаптарына сай тиімді түрде қолдана алсақ, бұл ұлтжанды және иман жүзді ұрпақ қалыптастырудың негізі болады. 
Адамгершіліктің асыл қасиеттері: Отансүйгіштік, мейірімді, адал, еңбекқор, ақылды, әділ, парасатты жас ұрпақтарымыздың бойынан табылуы тиіс. Басқаша айтқанда, бүгін біз тек өзара түсіністік пен сыйластықтың, бір-бірімізге деген құрметтің арқасында ғана тіршілігімізді жалғастыра алмақпыз. Бұл үдеріс біздің әрқайсымыздың өз дінімізді, дәстүрімізді құрметтеуге, дәріптеуге кедергі болмайды. Өйткені, әрбір дін – ақиқатқа деген ұмтылыс.
Сондықтан да, еліміздің болашағы үшін жастарды тәрбиелеуде рухани құндылықтардың маңызы зор және біз күнделікті өмірде оларды қолданудың аясын кеңейтіп, үнемі назарда ұстап отыруымыз қажет.
Қорыта айтсам, жастарымыздың бойында отансүйгіштік, ұлтжандылық, әдептілік, ибалылық, төзімділік сынды қасиеттерді арттырып, олардың жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды толыққанды түсініп, өмірлік жолдарында ұстануына септігін тигізуге әсер етуіміз керек.

Б.МӘЛІК,

аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы.

Дін – адам қажеттілігі

Дүйсенбі, 20 Тамыз 2018 00:00

 

Ақиық ақын Мұқағали өлеңдерінің бірінде: «Адамды адам түсінбеу – бір ақырет» деп жырлайды. Шынында да, бүгінгі қоғамда адамдар бір-бірімен түсінісе алмай жүрген жағдайлар аз емес. Тіпті, бір шаңырақта тұратын етбауыр жақындар, бала мен ата-ана арасында да өзара ұғыспаушылық кездеседі. Бұл неліктен? Расында да, адам деген кім осы? Қандай жаратылыс? Осы туралы асыл дініміз тұрғысынан қысқаша тоқталуды жөн көрдік.

Адам табиғатын дұрыс түсіну үшін мынадай бір мысал берген дұрыс шығар. Адамзат деген топыраққа егілген бір дәннен көгеріп өсіп, сосын жайқалып шығатын хош иісті гүлге ұқсайтын қыр-сыры мол жаратылыс.

Гүл өсіп шыққанға дейін талай процестен өтеді, талай нәрсені бойына сіңіреді. Сол секілді адамның да кемеліне жетіп нағыз адамға айналуы оңай шаруа емес.

Гүлдің өсуіне су, ауа, топырақ және күн көзі керектігі белгілі. Ал, адамның адам болуы үшін не қажет? Ата-аналар сүйікті перзенттерінің бүкіл қажеттіліктерін өтеп жүр ме? Міне, осы мәселеге асыл дініміз тұрғысынан тоқталып өтейік. Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Барлық адам мұсылман табиғатымен пәк болып туылады. Оның христиан, йаһудий немесе отқа табынушы етіп жіберетін ата-анасы» немесе «Адам досының дінінде болады» деген мазмұндағы хадистеріне қарасақ, онда адамның қалыптасуына әке-шеше мен қоршаған ортаның әсері мол екенін көреміз. Ендеше, гүліне су құйып, түбін қопсытып, артық бұтақтарын қысқартып қарайтын бағбан секілді ата-ана да өз сәбиінің материалдық және рухани күтіміне жауапты.

Адамның гүлден бір ерекшелігі жан мен тәннен тұратындығында. Сондықтан, оның қажеттіліктері де материалдық және рухани болып бөлінеді. Ас-ауқат пен киім-кешек баланың материалдық қажеттілігі болса, дұрыс тәрбие, бөлінуге тиіс көңіл, мейірім, сүйіспеншілік оның рухани қажеттіліктері. Осылардың қай-қайсы да адамға тиісті мөлшерде берілмесе, ол толыққанды, кәміл адам бола алмайды.

Бұл жағдайда адамның жаны немесе тәні дұрыс дамымай, кемтар болуы, тіпті, мүгедек күйге душар болуы әбден ықтимал. Адамның қажеттіліктері сан алуан болғандықтан, оның тек дінге деген қажеттілігіне ғана тоқталайық.

Баланың діни қажеттілігі дұрыс өтелмесе, адамның өте маңызды жақтары дамымай қалады. Аяғы дұрыс өспеген немесе омыртқасы дұрыс қалыптаспаған адамның өзгелер секілді дұрыс жүре алмайтыны, жүк көтере алмайтыны секілді діни нәрді дұрыс алмаған адам да ертең рухани кемтар болып өсуі ғажап емес.

Мысалы, ондай адамдардың жауапкершілік, өз міндетін дұрыс атқару деген секілді қасиеттері дұрыс дамымауы мүмкін. Өйткені, дін адамға бірқатар маңызды міндет атқаруды, әр іске жауапкершілікпен қарауды үйретеді. Бес уақыт намаз, аз ұйықтау, ораза ұстау, біреудің ақысын жемеу, өтірік айтпау, уәдені бұзбау, аманатқа адал болу. Иә, бұлардың бәрі де діни міндеттер. Осының қайсысынан болсын бас тартқан адам, өзге саладағы міндеттерін де дұрыс атқарады дегенге илану қиын.

Осы тұста бүгінгі қоғамдағы бір мәселені айта кеткеніміз жөн. Жасыратыны жоқ, кейде ата-аналар өз бала-шағасына дінді толыққанды үйретудің орнына, керісінше, діннен алыстатуға тырысады. «Жап-жас болып, намаз оқитындай не күнә жасап қойды?», «Дәретханаға бүкшеңдеп құман таситындай басыңа не күн туды?», «ұйықтап тынығудың орнына діни кітап оқып, құран оқып өзіңді әуреге салып жүргенің не?», «одан гөрі ағылшын тілін үйренсең болмай ма?» деген секілді сөздар айтып өз баласының екі дүниелік өміріне өз қолымен балта шауып жүрген ата-аналар жоқ емес. Бұл әрине, өкінішті жағдай.

Шындығында, адамды өзге жаратылыстардан айырып тұратын маңызды бір ерекшелік оның білгілі бір дінге сенетіндігі. Абай атамыздың «Ақылды адамға иман парыз» дегенін ескерсек, онда дін мен ақылдың тығыз байланыста екенін мойындауымыз керек. Ендеше, ақылы бар адамда дін де болуы тиіс. Бұл тұрғыдан алғанда, айналамыздағы кейбір адамдардың жүктелген міндетті дұрыс атқармауының негізгі бір себебі оның дініне немқұрайлығы деп те түсінуге болады.

Ислам діні адамды Алла Тағаламен байланыстыратын, мұсылмандық арқылы өмірді бір тәртіпке келтіріп реттейтін ұлы күш және адамның бүкіл міндеттерінің және соған сәйкес бүкіл артықшылықтардың қайнар көзі.

Діни міндеттерін атқарып жүріп адам өзін-өзі дамытады, дүниетанымын кеңейтеді. Қай нәрсені қорғап, қай нәрсеге ерекше мән беріп, ненің жақсы, ненің жаман екенін аңғара бастайды. Адамдық құндылықтарын байытады. Тіпті, түптеп барғанда, ұлт болып, халық болып, бірлік-ынтымақпен тату-тәтті өмір сүрудің де негіздері дініміз Исламда жатыр.

Баланың дініне тыйым салу осындай маңызды құндылықтарға тыйым салу дегенмен бірдей. Дін болмаса адам көптеген адамдық қасиеттерді де дамыта алмайды. Мысалы, қанағат, мейірім, шүкіршілік, турашылдық секілді мінездердің негізі дінде жатыр. Дінсіз адам жүрегінің түбінде бақытты емес.

Ендеше, перзенттеріміздің нағыз кәміл адам болуын қаласақ, олардың асыл дінімізді меңгеруіне жағдай жасағанымыз жөн.

Жастарды жат ағымнан қорғайық

Дүйсенбі, 13 Тамыз 2018 00:00

Начало формы

Конец формы

653282

 

Жат діни ағымдардың санының көбеюі адамдардың діни сауатының жоқтығынан немесе сауатының аздығынан туындайды. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып отыр. Арбаушылар көбінесе қиыншылыққа төзімсіз, өмірлік тәжірибесі аз, білімі таяз жандарды тартуға тырысады. Өйткені, білімсіз адамның өте көнгіш келетінін жақсы біледі.

Арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде білімі жөнінен алғанда радикалды идеология ұстанушыларының; 36%-ы – орта, 18%-ы – жоғары білімді болған (Басқа санаттағылар (аяқталмаған орта, аяқталмаған жоғары білімді) да болуы мүмкін, олар жөнінде мәлімет келтірілмейді). Тұтастай алғанда 84% лаңкестердің мүлде діни білімі болмаған.

Ғаламтор кеңістігіндегі экстремистік идеялар тарататын сайттардың еркін қолжетімділігі де маңызды себептердің бірі. Жалпы, елімізде интернет пайдаланушылардың саны 12 миллионнан асып жығылыпты. Бұл – халықтың 70 пайызы деген сөз. Сондай-ақ, осыдан бес-алты жыл бұрын ғаламторда жастар көбіне ресейлік «Мой мир» желісін пайдаланса, кейіннен «Фейсбук», «ВКонтакте», «Инстаграм», «WhatsApp», «Скайп» секілді қосымшаларды пайдалана бастады. Шымкент қаласындағы арнаулы орта білім беру мекемелерінің жастары мен кейбір мектептерде жүргізілген зерттеулеріміз бен кездесулердегі пікірлесудің барысында азын-аулақ болса да, осындай фактілердің орын алатынын байқадық.

Қазір ұялы байланыссыз жүрген жастарды көрсек, таңырқайтын болдық. Әлеуметтік желіде көрген-білгендерін қызықтап, қажетті ақпараттармен бөлісіп, фото орнату, лайк басу, пікір білдіру, селфи жасау үрдісі қалыпты дағдыға айналды. Сенім сергелдеңіне түсіп, түрлі діни ағым, топтардың соңында адасып жүрген жастар мен олардың қылығы бүгінде қоғамның зардап шегуіне, жаншошырлық жағдайға әкелуде.

Әлеуметтік желілердегі дүмше догмаларға сеніп, дәстүрін алға тартқан қазақ арасында дау шығарып, бүлік тудырып жүргендерді де көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр. «Адамды түсіне қарап таныма, істеген ісіне қарап таны» дегендей, халықты дәстүрінен, дінінен бұра тартып, өздеріне тәуелді етіп жүрген ағымдардың жетекшілері де уағыздарын осы әлеуметтік желілер арқылы жүргізуде. Бүгінгі таңда қауіпті діни ағымдардың жетегінде жүргендердің көпшілігі осы әлеуметтік желілердегі жазбаларға имандай сеніп, адасып жүргені айқын. Бұл мәселедегі ең қиыны ғаламторды тиімді пайдалана отырып жиһадқа шақыратын, билікке қарсы қоятын т.б. осы мазмұндас топтардың, сайттардың санының күннен-күнге артуы.

Әлеуметтік зерттеулер нәтижесінде радикалды ағымдардың соңында кеткендердің жас ерекшелігі 15-29 жас аралығындағы отандастарымыз екені анықталды. Социологиялық зерттеулер өздерін дінді ұстанатындардың қатарына жатқызатын жастардың көп бөлігі дінге отбасындағы тәрбие ықпалымен келгендігін көрсетеді. Екіншісі – жастардың дінге өздерінің рухани ізденістері нәтижесінде келуі. Келесі сатыда – респонденттердің дін жолына өз таныстары мен достарының ықпалымен келгендер. Яғни, жастардың дінге келуін оның қоршаған әлеуметтік ортасымен және басқа да әртүрлі жағдайларға қатысты бірнеше факторлармен айқындауға болады. Осы деректер және күнделікті өмірдегі қарапайым бақылау жастардың дінге келуі мен ұстануында олардың ішкі ізденістерінен гөрі, сыртқы факторлардың ықпалы басымдау екендігін көрсетеді.

Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі», – деп ұлағатты сөз айтқан. «Досыңның кім екенін айт, мен сенің кім екеніңді айтамын» деген тамаша тәмсіл де сөзіміздің айғағы. Кейде тұрмыстың тауқыметі, материалдық жағдайдың жетіспеушілігінен айналасынан көмек сұрауға мәжбүр болатын сәттер өмірде көптеп кездеседі. Тіпті, далада қалып, ішерге су, жейтін тамаққа зар боласың. Осындай кезде бар мұң-мұқтажыңды түгелдей орындаған адамды қалай қарсы алатының айтпаса да түсінікті. Мұндай кездегі жақсылықты адамдар ешқашан ұмытпақ емес. Сондықтан, дәстүрлі емес діни ағым өкілдері қоғамнан осындай жандарды іздейді. Жалпы, лаңкестік идеологияға бой ұрғандардың 52%-ының тұрақты жұмыс орны жоқ, 38%-ның тұрмыс деңгейі төмен, 52%-ы баспанасыздар болған. Бүгінде азаматтарымыздың жат ағымның жетегінде кетуінің басты себептерінің бірі – ата-ананың қарауынсыз қалу. Яғни, тәрбиенің жетімсіздігі.

Жалпы, зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша радикалды идеологияны ұстанушылардың 18%-ын толық емес отбасынан шыққандар құрайды екен. Отбасынан ала алмаған қажеттіліктерін көшеден іздеген жастардың тағдыры орны толмас өкініштерге соқтығып жатады. Осының салдарынан қаншама отбасында ата-анасының сөзін керек қылмай, өзім білемдікке салынуда.

Бала – жанұя тәрбиесінің айнасы. Отбасы қоғамның алғашқы ұясы болғандықтан оны нығайту, тәрбиелік мәнін арттыру, сол қоғамның басты назарында болуы керек. Отбасы – ең үлкен, мықты тәрбие ошағы, шағын мемлекет. Отбасының негізі баланы өмірге келтіру ғана емес, оған мәдени- әлеуметтік ортаның құндылығын қабылдату, ұрпақтың, ата-бабалардың, ұлылардың ақыл-кеңес тәжірибесін бойына сіңіру, қоршаған орта, адамзатқа, өз қоғамына пайдалы етіп тәрбиелеу. Барлық өнеге отбасынан тарайды. Көптеген ата – аналар жеткіншек ұрпақтың тәрбиесімен жүйелі айналысудың орнына, тиіп-қашып, барлық жүкті мектепке итере салады. Ал, мектептен келген баланың күн ұзақ далада жүріп, көше бойының тәрбиесінде, әртүрлі ортада болатынын, жаңа достарының көмегінің нәтижесінде сорақы әдістерін қолымен жасайтыны жасырын емес. Жас жеткіншек тәрбиесі мұндай салғырттыққа, сылтау, себеп іздестіруге төзбейді, оны дұрыс деңгейде жүргізу үшін кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың мектеппен ынтымағы қажет. Сондықтан, ата-ана тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. Моральдық жағынан азғындаған отбасында әдетте балаға жеткілікті көңіл бөлінбейді. Бала ата-ана қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сезінбегендіктен, ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды. Ал, материалдық жағынан толыққанды жеткілікті отбасы – баланың кез келген сұранысын сол мезетте қанағаттандыру арқылы аламын деген нәрсені сөзге келмей сатып алып беруді бала тәрбиесіндегі міндетін орындаушылық деп түсінеді. Ал, ол балалардың еңбек құнын сыйлауды білмейтін, арамтамақ, жалқаулар санын көбейтіп жатқанынан бейхабар болып қалады.

Кезінде Әл-Фараби бабамыз «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» демеп пе еді?!. Шымкент қаласындағы бірқатар кәсіпорындарда жұмыс істейтін жастармен, кейбір оқу орындарының студенттерімен жұмыс жүргізудің барысында өмір сынына қатысты мәселенің өзіндік орны барын байқап, олармен арнайы жұмыс істеуге қол жеткіздік. Оның нәтижесі де көңілге қонарлықтай деңгейден көріне білді.

Ф.ТАЙТЕЛИЕВ,

ОҚО дін істері басқармасы
«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» МКМ
бөлім басшысы.

Құран бағыштау – діннен адасу ма?

Дүйсенбі, 06 Тамыз 2018 00:00

J9jlW5vOwCTBgPBR-lg