Құттықтау!

сс

10-мамыр күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ОҚО ІІД және ОҚО бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, бірқатар облыс аудандарында экстремистік идеология туралы аудио және бейнежазбаларды таратқаны үшін 8 азамат ұсталған болатын. Күдіктілердің 2-і Қазығұрт ауданының азаматтары болып шықты. Бүгінде олар қамауға алынып, ОҚО ІІД-де ҚР ҚК-нің «әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары мен барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

XDsD42teEg4

Асыл дінімізді ардақтайық!

Дүйсенбі, 30 Қазан 2017 00:00

Елімізге Ислам діні келгеніне мың екі жүз елу жылдай болды. Ата-бабаларымыз асыл дінімізді қабылдаған уақытта Имам Ағзам Абу Ханифа мазхабы негізінде қабылдады. Содан бері біз, осы мазхаб бойынша шариғаттың жолымен жүріп келеміз. Сонымен қатар, дін мен дәстүр біздің елімізде біте қайнасқан. Дін мен дәстүрді бөліп қарауға болмайды. Өйткені, дәстүріміздің барлығы да дінге негізделіп, тәрбиелік маңызы жоғары. Ал, шеттен келген кейбір ағымдардың көбісі дәстүрді мойындамайды. Ата-бабаларымыз дініне берік дәстүріне бекем болған. Діни сауатым бар деген танымайтын, немесе танысаңыз да ұстанымы күдікті адамдардан діни сұрақтарды қоймаңыз және сұхбатын тыңдамауға тырысыңыз. Тек жергілікті мешіт имамдарынан сұрап білгеніңіз дұрыс. дин
Жоғарыда келтіргеніміздей Қазақ елі иманға бет бұрғаннан бастап мұсылманшылықты ханафи мәзһабы негізінде таныған, ғибадат, құлшылықтарын осы ханафи мәзһабымен атқарған, шариғат үкімдерін де осы мәзһабпен талқылап келген, яғни, он екі ғасырдан бері біздің ел ханафи мәзһабын ұстанып келеді. Сондықтан, болса керек, еліміз мұсылмандары үшін ханафи мәзһабы – ислам дінінің негізгі қайнар көзі. Өйткені, өзге үш мазхаб секілді біздің мәзһабымыз да Құран мен сүннетке негізделген. Мәзһаб – Құран мен сүннеттердегі үкімдерден туындайтын жол. Мәзһабтың мақсаты – мұсылман баласына Құран және хадисті дұрыс түсіндіру. Бұл төрт мәзһабтағы айырмашылықтар – тек абзал және дұрыс деген сөзде ғана. Яғни, өзіміздің имам Ағзам мәзһабымыздағы діни шешімді абзал санаймыз, ал қалған үш мәзһабтағы үкімдерді дұрыс деп білеміз.
Құрметті жастар, еліміздің жарқын болашақтары өздеріңсіңдер! Өз дініміз бен дәстүрімізге берік және бекем болайық! Бұл ағымдардың белгілі бір көздеген мақсаттары бар. Сіз бен біздің арамызға іріткі салып, елдің ынтымақ бірлігін бұзғысы келетіндерге, біз жол бермеуіміз керек. Егер де, сіздердің әр түрлі діни сауалдарыңыз болса онда ақпаратты тек сенімді көздерден алуларыңыз керек. Ғаламтор жүйесін пайдаланған уақытта да абай болыңыздар, тек сенімді сайттардан ғана пайдаланыңыздар деген кеңес берген болар ем.

С. Ғалымжан,
«Нұрлы Мирас» қоғамдық бірлестігінің теологы.

Жат ағымнан сақ болайық!

Дүйсенбі, 23 Қазан 2017 00:00

Дін – қазіргі таңда қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі болып тұр. Жастарымыз ислами білімді ҚМДБ-на қарасты мешіттердегі имам немесе діни білім беретін оқу орындарынан алмайтыны өкінішті. Жастарымыз ислам ілімі жайлы ғаламтордан оқиды. Жасыратыны жоқ, онда дәстүрлі емес жат ағымдардың саны өте көп. Өзге ағымдардың шырмауында кетіп жатқан жандар қаншама? Кейінгі кезде қоғамда исламды жамылып пайда болған теріс ағымдардың көбеюі өзекті мәселеге айналды. Әдетте мұндай құбылыс қоғамда адамдардың діни сауаттығының жоқтығынан немесе аздығынан туындайды. Демек, қоғамда қазақ тарихы үшін қалыптасқан дәстүрлі исламды, оның ішінде Әбу ханифа мазһабын насихаттайтын білімді мамандар қажет. Түркі халықтарының «Ханафи мазһабын» таңдауында өзіндік ерекшелік бар. Бұл мектептің басқа мектептерден ерекшелігі – халықтың мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарап, тұрмыста оларды пайдалануына жағдай жасауы. Сондықтан, біздің дәстүріміз дінмен біте қайнасып кеткен. Әсіресе, мұсылмандық түсінікте жас ұрпаққа ана құрсағында жатқаннан бастап тәрбие беруге баса назар аударылады. Жастарымыз сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін ұмытпай, құрмет тұтып қадірлеуі, ислами құндылықтарды бірінші орынға қоюы маңызды.
Дәстүрлі дінімізде ата-дәстүрімізбен ұштасып жатқан адамгершілік құндылықтардың маңызы үлкен. Асыл дініміз – білімге, ақылға, жақсы ниетке имандылыққа баулитын қадір-қасиетке ие. Жарқын елдің болашағы – жігерлі жастардың қолында. Жастарымызды жаман қылықтардан, өз ортасы жоқ, жат пиғылды топтардан аулақ болуға шақырған болар едім.

Ж. ЕСЕНБЕКОВ,
Жаңабазар ауыл округі әкімі
аппаратының ӘЕС инспекторы.

Керағар ағымдардан сақ болайық!

Дүйсенбі, 16 Қазан 2017 00:00

Қазір елімізде түрлі діни конфессиялар бар. Мемлекет олардың қайсысына рұқсат берген, қайсысына тыйым салғаны туралы біле жүрудің артықтығы жоқ. Сол себепті, осы жолы оқырман қауымның назарына зайырлы мемлекет, секта, экстремизм, терроризм, елімізде тыйым салынған ағымдар мен Ислам атын жамылған керағар ағымдар туралы айтуды жөн санап отырмыз. Әлемде мемлекет пен дінаралық қатынасты реттеудің онға жуық формасы бар екен. Қазақстан осылардың ішінде зайырлылық формасын таңдаған.

Діни экстремизм бізге жат құбылыс

Сәрсенбі, 20 Қырқүйек 2017 00:00

ХХІ ғасырдың жаһандық індетіне айналған экстремизм мен терроризмнің ұшқыны бармаған ел қалмаған болар, өкінішке орай, бұл індет біздің жерімізді де айналып өткен жоқ. Тәуелсіздік алған жылдан бастап, дінімізді үйретеміз деген мақсатпен қаншама кереғар ағымдар ішімізге етене кіріп, ел арасында діни алауыздық пен діни төзімсіздік сынды жат құбылыстарын уағыздап бақты. Шеттен келген деструктивті ағым уағызшылардың тар ойлауға негізделген, соңынан экстремизмге итермелейтін көзқарастары, қазақ халқының тарих бойында қалыптасқан діни құндылықтарына мүлде жат құбылыс болып табылады. Себебі, қазақ халқының діни ойлау, түсіну, жүзеге асыру негізі өзіндік ерекшеліктер бойынша қалыптасып, оның негізгі құраушы құндылығы толеранттылық, зайырлылық қағидаттарына негізделген. Құран аяттарында «Біз сендерді бір-бірлеріңді жақсырақ тануларың үшін ұлт, ұлысқа бөлдік» деп келеді. Яғни, діни құндылықтарды қалыптастыруда әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, мәдениеті, дәстүрлі ұстанымдары ескерілетіні және соның негізінде қалыптасатыны білінеді. Міне, осы қағида аясында қазақ халқының діни құндылығы Ханафи мазхабы, Матуриди – сенімдік мектебі және Яссауи сопылық руханияты негізінде қалыптасқан. Бұл бағыт анағұрлым толерантты, қанағатшыл, жергілікті әдет-ғұрып, салт-сана заңдары мен дәстүрлі нормаларымен санасатын жол. Расында, Алла Тағала барлық адамдарды жаратқан иесін тануға, оған шынайы құлшылық етуге, оның бұйырған әмірлерін орындау мен тыйған тыйымдарынан алыстауға шақырады. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадис-шәріпінде: «Кім адамдарға жақсылық жасаса, Алла соған мейірімін төгеді. Жер басып жүрген жандарға мейіріммен қараңдар, Алла да сендерге рақымшылық жасайды», – деген. Яғни, діни құндылықтың негізі, сүйенуші тірегі ол – адамгершілік, жанашырлық, бауырмалдық, сабырлылық сынды адами қарым-қатынасқа негізделген. Осыған орай пайғамбарымыздың тағы бір хадисінде «Мейірімді, жұмсақ жүректі болмайынша, толық иман еткен болып саналмайсыңдар» деп келеді. Бұл орайда айта кететініміз, Құран аяттарының өзінде сүрелердің басында «Бисмиллахир рахманир рахим» яғни, «аса қамқор ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын» деп келуі, Жаратушы иеміздің көркем есімдерінің бірі «Әс-Сәләәм», «Бейбітшіл» болуы, Ислам дінінің негізі бейбітшілік пен қамқорлыққа, толеранттылық пен сабырлықтан тұратынын аңғартады.

images 1

1. Діннің, діни догмалардың ерекшеліктері туралы идеялардың болуы.
2. Зайырлы тәртіпті, оның ішінде заңдарды, билік және басқару органдарын мойындамайтын ұйғарымдардың болуы.
3. Діни алауыздық немесе араздық тудыратын, қауіпсіздікке, өмірге, денсаулыққа, адамгершілікке немесе азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қауіп төндіретін ұйғарымдардың болуы.
4. Діни догмалардың ғылыми түсіндірмесін мойындамау, «мазхабтарды» (исламдағы діни мектептерді) теріске шығару, оның ішінде Орталық Азия мұсылмандары үшін дәстүрлі Әбу Ханифа мазхабын сыни түрде қабылдамау.
5. Адамдарды шынайы діндар, діннен безгендер немесе адасқандар деп бөлу.
6. Халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын мойындамау, оларды ұстанудан үзілді-кесілді түрде бас тартуға шақыру.
7. Діндарлардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға баруын, теледидар, әсіресе, ойын-сауық және музыкалық бағдарламалар мен хабарларды қарауын шектеу.
8. Әйелдердің киім үлгісін таңдау еркіндігін шектеу немесе әйелдерді, оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған қыз балаларды анық көрінетін діни киімді немесе басқа елдер мен халықтарға тән киімді киюге мәжбүрлеу.
9. Діни талаптар мен рәсімдер бойынша некеге тұру және некені бұзу ұйғарымы.
10. Ұлттық тілге және мәдениетке нұқсан келтіретін өзгеше сөйлемдерді, сөздерді, сленгтерді қолдану ұйғарымы.
11. Ұлттық дәстүрлерге, мәдениетке және қазіргі заманғы талаптарға нұқсан келтіретін өзгеше түрге ие болу және өзгеше киім кию ұйғарымы:
Ер адамдар үшін:
– күтім көрмеген, бей-берекет өсірілген сақал. Мұрт қырып тасталады;
– тобықтан төмен түспейтін, кең пішімді қысқартылған шалбар (дене пішінін анық көрсететін киім үлгісіне тыйым салынады).
Әйел адамдар үшін:
– Денені толығымен немесе толық жабатын кең үлгідегі киім (паранджа, бурка, чадра, химар, хиджаб). Көбінесе қара түсті немесе басқа да қараға жақын түстен (қара-қоңыр, қара-көк, сұр).
Облыстық дін істері басқармасы.

жат ағымдардан сақтанайық!

Дүйсенбі, 14 Тамыз 2017 09:32

Дін қазіргі таңда қоғамның ең өзекті мәселелерінің бірі болып тұр. Олай дейтін себебіміз, Жастарымыз ислами білімді ҚМДБ-на қарасты мешіттердегі имам немесе діни білім беретін оқу орындарынан алмайтыны өкінішті. Жастарымыз ислами білімді ғаламтордан алады. Онда дәстүрлі емес жат ағымдардың саны өте көп. Осы ағымдардың шырмауында кетіп жатыр. Кейінгі кезде Қоғамда Исламды жамылып пайда болған теріс ағымдар санының көбеюі өзекті мәселеге айналды. Әдетте мұндай құбылыс қоғамда адамдардың діни сауаттығының жоқтығынан немесе сауаттығының аздығынан туындайды. Демек қоғамда қазақ тарихы үшін қалыптасқан дәстүрлі исламды, оның ішінде Әбу ханифа мазhабын насихаттайтын білімді мамандар қажет. Түркі халықтарының ханафи мазhабын таңдауында өзіндік ерекшелік бар. Бұл мектептің басқа мектептерден ерекшелігі халықтың мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарап, тұрмыста оларды пайдалануына жағдай жасауы. Сондықтан да біздің дәстүріміз дінмен біте қайнасып кеткен. Әсіресе, мұсылмандық түсінікте жас ұрпаққа ана құрсағында жатқаннан бастап тәрбие беруге баса назар аударылады. Жастарымыз сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін ұмытпай, құрмет тұтып қадірлеуі ислами құндылықтарды бірінші орынға қоюы маңызды. Дәстүрлі дінімізде ата-дәстүрімізбен ұштасып жатқан құндылықтар жетіп жатыр. Білімге, ақылға, жақсы ниетке, әлеуметтік әділеттілікке, сонымен қатар адамдардың құқығы мен құрметіне ерекше көңіл бөлінген. Жарқын елдің болашағы – білімді жігерлі жастардың қолында. Ендеше, жаман қылықтардан, өз ортасы жоқ жат пиғылды топтардан аулақ болайық.

Ж.Есенбеков,
Жаңабазар ауыл округі әкімі
аппаратының әскери есеп столы инспекторы.

ӨЗГЕ АҒЫМДАР – ӨТЕ ҚАУІПТІ

Дүйсенбі, 14 Тамыз 2017 09:31

Қазіргі уақытта ата-ананың көпшілігі баласы «Алла» атын аузына алып, намазға жығыла бастаса кәдімгідей қорқып, қобалжитын жағдайға жеткен. Өкінішке қарай, бүгінгі ғаламдану заманындағы еліміздегі ахуал осыған саяды. Ғаламдану заманындағы басты қатер – ашық-шашықтығымыз. Осы ұрымтал тұсты пайдаланушы миссионерлер ұлтымызға жақын ислам діні атын жамылып кез келген бағыт бойынша, соның ішінде ғаламтор арқылы да жастарымыздың санасын улап, қоғамымызға іріткі салып бағуда.

Соңғы кезде елімізде дәстүрлі емес діндер атауына ие болған көптеген дәстүрлі емес діни ұйымдардың үгіт-насихатына жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, дінді терең білмейтіндер, әсіресе, жастар қауымы тез ілігуде. Өзіне құлшылық етушілерді қоршаған ортадан оқшаулауға ұмтылған қатаң фанатизмдік сипатқа ие дәстүрлі емес діни ұйымдар өз қатарларында адамдарды күштеп ұстап, зорлық-зомбылық, қаржылық айла-шарғымен айналысуда, сонымен қатар, назарларына іліккен жандарды отбасылық байланыс-тардан үзу үшін белсенді түрде жұмыс жүргізуде.