Теріс ағымнан сақтанайық!

Сейсенбі, 01 Тамыз 2017 09:49

Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу бойынша жұмыс жүргізу қажеттігі туралы міндеттер қойғаны бәрімізге белгілі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен өткізілген «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» форумына қатысушылардың Оңтүстік Қазақстан облысының халқына арнаған Үндеуі

ыыы

Жат ағымға жол бермейік

Сейсенбі, 11 Шілде 2017 11:23

Бүгінгі жастардың тәрбиесінің қалыптасуына отбасында ата-анасы, мектепте достары мен ортасы, тәлімгерлері мен ұстаздары ғана емес, үнемі қасынан табылатын ғаламтор желісі де әсер етеді. Бүгінде ұялы телефон арқылы ғаламтор – жастардың жүрсе қолында, отырса алдында, жатса жастығының басында екенін ешкім жоққа шығара алмайды.

Қазіргі күнде біздің елімізде жастардың «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында және сонымен қатар, әртүрлі гранттар мен ата-аналарының жеке қаражаты есебінен шет елдерде білім алуына, отанына қажетті мамандықты игеруіне және басқа елдерден оң тәжірибе жинауына барлық жағдайлар жасалған. Өкінішке қарай, бұдан бірнеше ғасыр алдын ғылым мен білімнің ордасы саналған Ирак пен Сирия секілді мемлекеттердің бүгінде жай-күйі баршамызға мәлім. Ал, өзінің «Әл-Азхар» университетімен әлемге танымал Мысыр елінде, сондай-ақ, Түркия Республикасында да дін атын жамылған кейбір топтардың саяси мақсатта мемлекеттік билікке қауіп төндіргенін ата-аналар мен діни білім алуға қызығушылық танытып отырған жастар ескергені абзал.

a836555944329221fcc54c0fa841f4df8efbc0c3

Кейінгі кезде қоғамда Исламды жамылып пайда болған теріс ағымдар санының көбеюі өзекті мәселеге айналды. Әдетте, мұндай құбылыс қоғамда адамдардың діни сауатының жоқтығынан немесе сауатының аздығынан туындайды. Демек, қоғамда қазақ үшін тарихи қалыптасқан дәстүрлі исламды, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын насихаттайтын білімді мамандар қажет. Түркі халықтарының Ханафи мазһабын таңдауында өзіндік ерекшелік бар. Бұл – мектептің басқа мектептерден ерекшелігі халықтың мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарап, тұрмыста оларды пайдалануына жағдай жасауы. Сондықтан да, біздің дәстүріміз дінмен біте қайнасып кеткен. Егер кейбір дәстүріміз шынымен де ислам қағидаттарына қайшы келіп жатса, оны имамдарымыз ескертіп жатады.

9fc95ab8c0af72d0cdce74ef3b279a42

Қоғамның саяси тұрақтылығыел тыныштығыныңкепілі. Қоғамның бейбіт жағдайда өркендеуі үшін де сол тұрақтылықтың мәні үлкен.

Өзіміз бір кісідей жұдырықтай жұмылсақ, көптеген игіліктерге қол жеткізетініміз анық. Ол үшін дәстүрлі мәзхабымызӘбу Ханифа мәзхабын жалпы халық арасында кеңінен насихаттау, соның нәтижесінде шеттен келген радикалды көзқарасты топтардың арандатушылықтарының жолын кесу, олардың мұсылмандардың арасында жік салуына жол бермеу қажет. Көпшілік ұстаған сенімді таңдаған абзал, басқа түрлі теріс ағымдағы топтардың үгіттеуіне түсіп қалмай, сақтана білу керек.

Діни экстремизм мен тероризмнің іс-әрекеттері қырағылықты күшейтуді қажет етеді. Діни сауатсыздықтан жастарымыз дәстүрлі емес діни ағымдардың жақтаушысы ретінде танылып қалатыны жасырын емес. Кері ағар ағымдардың алдын алу мақсатында ақпараттық-насихаттық топтардың тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отырғаны мақұл.

Дәстүрлі емес діни ағымды ұстанған азаматтарды исламға бейімдеу, әлеуметтік жағдайларына көңіл бөлу, тұрақты жұмысқа орналастыруға көмек берген жөн. Деструктивті діни ағымдардың жақтастарымен теолог, дінтанушы мамандар арқылы жеке кездесулер, сұхбаттар өткізу нәтижесінде олардың сенімін, көзқарасын кері қайтарып, Ислам ілімін дұрыс қолданып, мемлекетке деген сенімін арттырып, отаншылдық, патриоттық қасиеттерін арттыруға, күшейтуге ықпал жасасақ, осы дұрыс жол деп білеміз. Мұның өзі біраз мәселелердің шешімін табуға септігін тигізер еді.

Омар ТӨРЕБАЕВ,

Қызылқия ауылы округі әкімі.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктер мен байланыстар жөніндегі өткен аптада кеңес отырысы өтті. Онда кеңес мүшелері мен құқық қорғау органдары, мемлекеттік мекеме басшылары, дінтанушы-теологтар қатысып, кеңестің күн тәртібіне қойылған мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасты.

Қазіргі таңда қоғамды алаңдатып отырған елеулі қауіп – жастардың салафилік ағымға арбалуы. Себебі, ғаламтор желісінің қолжетімділігі салафизм идеологиясының кеңінен таралуына тиімді жағдай туғызуда.
Ғаламтор желісі еліміздің азаматтарын, әсіресе, жастарды тура жолдан тайдыратын салафизм ағымының негізгі құралына айналды. Олар түрлі «Facebook», «Vkontakte» және т.б. әлеуметтік желілерде өз идеологияларын дәріптейтін аудио және бейне уағыздар, мақалалар, мотиваторлық посттарды кеңінен жариялау арқылы өз идеологияларын таратуда.

5782a1dfb91857453547
Салафизм идеологтары ғаламтор әлеміндегі «Scype», «Youtube» секілді бейнехостингтерді пайдаланып, жастарға бейне дәрістер оқу арқылы олардың радикалдық ағымдарға кіруіне себепкер болуда. Осы ағымның арбауына түскен адам мемлекеттің зайырлы қағидаттарына, билік пен дәстүрлі дін өкілдеріне қарсылық танытып, қоғамға айтарлықтай зиян келтіретіні анық. Ал, қоғамның белсенді буыны жастар арқылы өз қатарларын толықтырып жатқан салафизм өкілдерінің көздейтіні – ел арасында алауыздық тудырып, өз мүдделеріне қол жеткізу.
Салафилік бағыттағы сайттар мен парақшалар агрессивтілігін байқатпау үшін соңғы жылдары мотиваторлары мен суреттерінің сапалылығын арттыруда. Себебі, психологиялық зерттеулер бойынша ғаламтор оқырманы ақпаратты 90% көзбен көру арқылы қабылдайды. Салафизм идеологиясын насихаттайтын сайттарда кәсіби психолог әрі блогер мамандар жұмыс атқаратындығы аңғарылады.
Сондықтан, қазіргі бәсекелес қоғамда дәстүрлі ханафи бағытындағы сайттардың да сапасы мен көрнекілігін жетілдіріп отыру – уақыт талабы. Сондай-ақ, жастар көп шоғырланатын, алайда әзірге салафизм идеологиясы көп тарала қоймаған «Іnstagram», «Тwitter» секілді заманауи ғаламтор желілерінде дәстүрлі дін мен салт-дәстүрдің құндылықтарын дәріптейтін парақшаларды мазмұнды материалдармен толықтырып отыру арқылы оқырмандар санын арттырып, мағыналы жарияланымдарды енгізіп отыру қажет. Сонда салафилік идеологтардың «facebook», «vkontakte» желілеріндегідей белсенділіктерінің «instagram», «twitter» желілерінде орын алуына тойтарыс беруге болады.
Еліміздің әрі қарай дамуы тікелей жастарға байланысты болғандықтан, жастардың рухани деңгейі мен сауаттылығына баса мән беру маңызды. Сондықтан, жастардың діни сауатын жетілдіру жұмыстарын тек қана білім беру ошақтарымен шектеп қоймай, олардың бос уақытын көп арнайтын ғаламторды құнды да бай, ғибратты да тағылымды бағдарламалармен толықтыру қажет.
Салафизм идеологиясына қарсы төтеп беретін ұлттық идеологияны жандандыру – уақыт талабы. Сондықтан, салт-дәстүрлер мен ұлттық идеологияның ханафи мәзһабымен сабақтасып жатқанын жастар аудиторияларында кеңінен түсіндірген тиімді. Салафизм ағымымен күресіп жүрген мамандардың жұмыс қабілеті мен кәсіби деңгейлерін арттыруда, дәрістер мен семинарлар жиі ұйымдастырылса нұр үстіне нұр! Салафизм идеологиясының өскелең ұрпақтың арасына таралуына тосқауыл қоюдың тағы бір жолы – мемлекет тарапынан ұлттық-мәдени идеологияны күшейту.
Жастарды шетін көзқарасты салафизм идеологиясынан сақтандырудың маңыздылығын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында кейінгі буынды ұлттық дәстүрді ардақтап, дәстүрге сай діни сана қалыптастыруға үндеу арқылы көрсеткен болатын.
Діни сауатының кемшіндігінен кейбір жас-тар Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған ағымдардың дәрістерін тыңдағаны немесе ақпараттармен бөліскені, ұнады деп, түймешекті басқаны үшін құзырлы органдар мен заң алдында жауапқа тартылып отырған жағдайлар кездесуде. Мұндай келеңсіздіктердің алдын-алу үшін ғаламтор желілерінде дін саласындағы кәсіби мамандардың белсенді жұмыс атқару қажеттілігі артып отыр.
Жаһандық ақпараттық кеңістікке айналған ғаламтор желілерінде жас толқынның көптеп шоғырлануы заманауи талап десек те, ол кей жағдайда түрлі теріс діни ағымдардың мәліметтерімен сусындап, әртүрлі ауытқуларға ұрындыратын жол екенін көпшіліктің назарына салғымыз келеді.

Гүлназ Қалабай,
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының ғылыми қызметкері.

лаңкестерге жол жоқ

Сейсенбі, 02 Мамыр 2017 11:11

Еліміздің Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел мен жердің игілігі үшін қалың бұқара халқымызға арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында, тәуелсіз әрі дархан мемлекетіміздің үшінші жаңғыруына қадам басқанын айрықша атап өтті.

Діни Өркендеудің жаңа кезеңі

Сейсенбі, 02 Мамыр 2017 11:10

Алдымен Аллаға мадақ, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, барша мүминдерге Тәңір тағаланың игілігін тілегеннен соң, осы мақалам арқылы өз ойларымды ортаға салғым келді. Өйткені, ел өмірінде орасан зор оқиғалар тарих сахнасына шығып, еліміздің мерейін күн сайын асқақтата түсуде. Сондықтан, мұндай ізгіліктердің көшінен артта қалу жөн еместігі белгілі. Сондай орасан зор мән-мағынаға ие оқиғалардың бірі – жуырда ғана Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жарияланды. Онда Елбасы экономикалық және саяси жетістіктерімізді дамытудың рухани бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама – ұлтымыз үшін маңызы терең, ауқымы зор, өнегесі мол, халқымызға рухани азық болатын айтулы дүние. Осы мақалада өткен тарихи кезеңдерге сындарлы баға беріліп, ой елегінен өткізіліп, рухани даму бағытымыз айқындалған. Ел Президенті қоғамның рухани жаңғыруына халықтың дәстүрі мен ұлттық мәдениеті негіз болуы тиіс екенін айтты. Мұндай бағытты ұстану кешегі күн мен бүгінді, бүгін мен ертеңді жалғастырады. Мақалада жаңа заман көшіне ілесіп, өркениетті ел болу үшін ұлттық сананы сақтау мен өрістетудің нақты жолдары ұсынылған. Сондай-ақ, өз мақаласының кіріспесін: «Елiмiз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Мен жыл басындағы халыққа Жолдауымда Қазақстанның Үшiншi жаңғыруы басталғанын жарияладым», – деп бастаған Елбасының бұл мақаласы мазмұны терең, ауқымы өте кең ұлт руханиятын ХХI ғасырдың биігіне шығаратын үлкен бағдарламалық құжат. Сондықтан, халқымыз Мемлекет басшысының нұсқауларын орындай отырып, мақалада көрсетілген жобаларды атқаруға белсене кірісуі қажет. Осы бағдарламалық құжатқа сәйкес бірлік пен татулықты, рухани келісім мен даму үрдістерін сақтау және одан әрі нығайту мақсатында атқарылатын нақты жұмыстардың бірі – үстіміздегі жылдың 19-сәуірінде Астанадағы «Бейбітшілік және келісім» сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмыс үдерісін жаңа белестерге көтеруге бағытталған «Ислам және өркениет» тақырыбына арналған ІІ Республикалық имамдар форумы болып өтті. Оған барлық облыстан 500 имам жиналды. Осыдан екі жыл бұрын еліміз бойынша тұңғыш рет өткізілген Республикалық имамдар форумында ҚМДБ-ның жұмыс бағытын айқындап, бағдарын межелеген төрт бірдей құжат қабылданған-ды. Екінші мәрте ұйымдастырылып отырған Республикалық имамдар форумы асыл дініміздің дамуына тың серпін беріп, дін саласындағы жұмыстарды оңтайландыруға, тиімді жүйе қалыптастыруға, жаңа белестерге жетелеуге бағытталған. Форумға ҚР дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары бастаған мемлекет және қоғам қайраткерлері және Моңғолия елдерінің бас мүфтиі, Ресейдің Омбы, Алтай аймағының мүфтилері, Қырғызстан елінің найып мүфтиі, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, дінтанушылар қатысып, игі бастамаға орай өз пікірлерін білдіріп, баяндамалар жасады. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы да өз баяндамасында діни басқарма алдында тұрған негізгі міндеттерді баяндай келе, бүгінгі ХХІ ғасыр талабына лайықты діни қызметкерлер, яғни, білімді, тәжірибелі, зайырлылық принциптерді дұрыс түсініп ұстанатын, бірнеше мамандықты меңгерген, жан-жақты білімдерге ие имамдар тобын қалыптастыру, олардың беделі мен білімін арттыру бағытындағы бірегей қадам болып табылатын «Үздік зияткер имам» тұжырымдамасы дайындалғанын, сөйтіп, бұл тұжырымдама дін саласындағы қызметкерлердің мансаптық тағайындауларына да тың тәртіп енгізетіндігін жариялады. Өйткені, имам қызметі тек бес уақыт намазға имамдық етумен шектелмейді. Имамның уағыз айту, діни рәсімдерді атқару, мешітке келген әрбір жамағаттың сұрағына жауап беру, рухани іс-шараларды ұйымдастыру сынды өзіне де жүктелген жұмыстары бар. Сондықтан, қабылданған Тұжырымдамаға сәйкес дін қызметкерлерінің, яғни, Бас имам, наиб имам, ұстаз, молда, азаншылардың лауазымдық міндеті мен мәртебесі айқындалды. Бұдан былай дін мамандары жоғары лауазымды қызметтерге кезең-кезеңімен сатылап тағайындалатын болады. Және бұл форумда қабылданған келесі құжат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымын айқындайтын «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» аталмыш құжат. Бұл құжатты қабылдаудағы негізгі мақсат – дәстүрлі мәзһабымыз – Әбу Ханифа мәзһабын жалпы халық арасында, әсіресе, жастар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Форум соңында «Ислам және Өркениет» атты ІІ Республикалық имамдар форумының арнайы үндеуі қабылданып, қатысушылардың бірауыздан мақұлдауына ие болды. Бұл үндеуде еліміздің мұсылмандарын бірлікке, татулыққа шақырып, халықты ұлтымыздың әдет-ғұрыптарын сыйлауға, зайырлылық принциптерді ұстануға және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында діни экстремизмді насихаттаудың алдын алу, әсіресе, интернет пен әлеуметтік желіде оның жолын кесу, радикалды көзқарасқа «мүлде төзбеушілікті» қалыптастыру қажеттігін атап өткені жеткізіліп, оны сөзсіз қолдау қажет екендігі айтылды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымын айқындайтын «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» аталмыш құжатты қабылдаудағы негізгі мақсат – дәстүрлі мәзһабымыз – Әбу Ханифа мәзһабын жалпы халық арасында, әсіресе, жастар арасында кеңінен насихаттау, соның нәтижесінде діндарлардың ауызбіршілігін нығайту, шеттен сұғылып келген радикалды көзқарасты топтардың арандатушылықтарының жолын кесу, олардың мұсылмандардың арасына жік салуына жол бермеу болып табылады. Бұл жөнінде хазіреті Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Әлбетте, менің үмбетім адасу (қателесу, салғыласу сияқты істердің) үстінде жиналмайды, сондықтан, егер (түрлі топтар пайда болып) ихтилафқа (қайшылықтарға) кездессеңдер, сендерге «Сәуадүл ағзам» жамағатының ұстанған жолын ұстану уәжіп болады» деген хадисі бар. Онда айтылған «Сәуадүл ағзам» жамағаты - «әһлүс сүннә уәл жамаға» жолын ұстанатын ең көп санды жамағат болып табылады. Демек, мұсылмандар қай елде өмір сүретіндіктеріне қарамай, өз елдеріндегі ең көп санды жамағаттың ұстанған жолын ұстанулары уәжіп болады. Біздің еліміздегі «Сәуадүл ағзам» жамағаты, яғни, ең көп санды жамағат – Ханафи мазһабы болып табылады. Сондықтан, бізге осы мазһаб ұстану міндет, басқа шеттен сұғылып келген түрлі пиғылдағы топтардың үгіттерінен жирену қажет болып табылады.

Зәріпбай ОРАЗБАЙ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
ғұламалар кеңесінің мүшесі.