«Дін және мен»

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 10:30

«Ащыбұлақ» жалпы орта мектебінде жоғары сынып оқушылары арасында «Дін және мен» тақырыбында «дөңгелек үстел» болып өтті. Оқушыларға қазіргі кездегі салт-дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай-ақ, қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі теріс діни ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікір алмасу мақсатында іс-шара өтті. Оны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г. Ильясова ашты. Дінтану пәні мұғалімдері Г. Құтымбет пен Н. Уралбаев тақырыпқа қатысты бейнесюжет, презентациялық материалдар арқылы жағдаяттық ахуалды талдау тапсырмаларымен оқушылар арасында пікір алмасу жүргізді. Тақырыпты қорытындылау кезінде «дөңгелек үстелге» арнайы шақырылған аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Б. Орынбаев қазіргі қоғамда белең алып отырған діни экстремизм, теріс бағыттағы діни бірлестіктер, олардан сақтану жолдары жайлы көптеген мәліметтер келтіре отырып, түсінік жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында оқушылар өздерін толғандырған көптеген сұрақтарға жауап алды.

Г. ҚҰТЫМБЕТ,
«Ащыбұлақ» жалпы орта мектебі
дін тану пәні мұғалімі.

Кереғар діни ағымдар жайлы жиын

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 10:29

М.Өтемісұлы атындағы жалпы орта мектебінде 8-10 сынып оқушылары аралығында «Дәстүрлі емес кереғар ағымдар» тақырыбында «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды.
М.Өтемісұлы атындағы елдімекеннің имамы Б.Бертанов керағар діни ағымдар жайлы әңгімеледі. Іс-шара барысында интербелсенді тақтада бейнефильм көрсетіліп, оқушылармен тақырыпқа сай әңгіме құрылды, сұрақтарға жауап берілді. Сондай-ақ, сыныптарда диктант жұмыстары өткізілді. Дінтану пәні мұғалімі Р.Сейдуллаева дін тақырыбында баяндама жасады.

Қ.ДАЛБАЙ,
М.Өтемісұлы атындағы
жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Ислам ынтымаққа шақырады

Жұма, 31 Наурыз 2017 09:17

Елімізде тұратын түрлі ұлттар мен ұлыстардың бірлігі мен ынтымағына үлкен мән беріліп келеді. Өйткені, ынтымағы мен бірлігі күшті ел ғана қандай қиындықты болса да жеңеді. Аллаға шүкір, өтпелі кезеңнің қиыншылықтары артта қалды. Ел экономикасы аяғынан тұрып, халықтың тұрмыс жағдайы мен әл-ауқаты да біртіндеп жақсара түсуде.

ОТАНДЫ СҮЮ – ИМАННАН

Жұма, 17 Наурыз 2017 09:29

«Отанды сүю – иманнан» деген қанатты сөз бар. Отаныңа жаның ашып, қызметіңді жасап, бар ықыласыңмен аянбай тер төгу – ол бізге Жаратушы иеміз нәсіп еткен иманның жемісі. Біздер әлі талай асуларды, белестерді, жетістіктерді армандап, оларды бағындыруға ұмтылып жатырмыз.

Кейінгі кезде қоғамда Исламды жамылып пайда болған теріс ағымдар санының көбеюі өзекті мәселеге айналды. Әдетте, мұндай құбылыс қоғамда адамдардың діни сауатының жоқтығынан немесе сауатының аздығынан туындайды. Демек, қоғамда қазақ үшін тарихи қалыптасқан дәстүрлі исламды, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын насихаттайтын білімді мамандар қажет. Түркі халықтарының Ханафи мазһабын таңдауында өзіндік ерекшелік бар. Бұл мектептің басқа мектептерден ерекшелігі халықтың мәдениеті мен салт-дәстүріне құрметпен қарап, тұрмыста оларды пайдалануына жағдай жасауы. Сондықтан да біздің дәстүріміз дінмен біте қайнасып кеткен. Егер кейбір дәстүріміз шынымен де ислам қағидаттарына қайшы келіп жатса, оны имамдарымыз ескертіп жатады.

Ақтөбеде ата-аналары бас тартып, екпе егілмей қалған жиырма бала туберкулезге шалдығыпты

Ақтөбеде ата-аналары бас тартып, екпе егілмей қалған жиырма бала туберкулезге шалдығыпты. Бұл тек тіркелгендердің саны. Ауруға шалдыққандардың қатары әлдеқайда көп болуы мүмкін деген дәрігерлер енді имамдардан көмек сұрай бастады. Өйткені діни көзқарастарына байланысты балаларына екпе салдырудан үзілді-кесілді бас тартатындар көбіне мешіттерге жиналады, - дейді дәрігерлер.

photo 70796

Біздің Ата заңымыз бойынша мемлекетіміздегі ең қымбат, ең құнды нәрсе – адам және адамның өмірі. Бұған қоса, халқымыз: «Бірінші байлық – денсаулық», – дейді. Бірақ, соңғы кездері екпеден бас тартушы ата-аналардың саны көбейіп келеді. Дәрігерлер екпеден бас тартудың себептері арасында жәке адамдардың діни көзқарастарын да айтып жатады.

C58A149F-3D7D-4BCF-8AEA-86CBD8D133DD cx0 cy10 cw0 w1023 r1 s

Қазіргі таңда әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі – діни экстремизм мен терроризм қаупі екендігі көпшілікке аян. Ғаламдық бұл қауіп-қатер қоғамға саяси, экономикалық, моралдық шығындар әкеліп, үрей тудыруда. Әсілі, терроризм қаупі XX ғасырдың 60-жылдарынан бастапкүшейе түсті. Әлемнің көптеген аймақтарында экстремистік топтар мен ұйымдар қанқұйлы терактілер жасау арқылы өз мақсаттарына қол жеткізгісі келді. Бүгінгі күні жаһанда 500-дей экстремистік ұйымдардың бар екені белгілі болып отыр.

12121212

Келісімді нығайту – маңызды

Жұма, 30 Желтоқсан 2016 09:38

Ауданымызда 16 этнос пен мұсылмандардан басқа 1 конфессия өкілдері бар екен. Түрлі конфессиялар мен этностардың тату ғұмыр кешуі еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуына ешқандай да кері әсер етпейді. Татулығымыз бен бірлігіміз бұрынғыдан да нығайып, дамып келеді.

1433829261p38lw

Жат ағымдардан сақтандырды

Жұма, 30 Желтоқсан 2016 09:38

Қазығұрт ауданы орталығындағы Қ. Сәтбаев, Т. Рысқұлов атындағы және «Болашақ», «Ащыбұлақ» мектептерінде, Қақпақ, Қ. Әбдәлиев атындағы ауыл округтерінде, Еңбекші ауылында жастардың діни сауаттылығын көтеру мақсатында «Дін және жастар» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге мектеп жастары мен ұстаздары қатысты.