Түсіністікке жол ашайық

Жұма, 30 Желтоқсан 2016 09:37

Біздер ислам дінін түрлі саяси мақсатқа пайдаланғысы келетіндерге жол бермей, әрі олардың жетегінде кетпей, біртұтас Қазақстан үшін жұмыла жұдырық болып, діндер арасындағы түсіністікке, үнқатысуға жол ашып, жікшілдік пен фанатизмге тосқауыл болуымыз керек. Сонда бізді алар жау болмайтыны сөзсіз.

582fe5863cc8b855 b

Мәуліт мерекесі тойланды

Жұма, 30 Желтоқсан 2016 09:36

Қазығұрт аудандық орталық мешітінің ұйытқы болуымен Мәуліт мерекесін ауылдардағы мәдени ошақтарда өткізу дәстүрі қалыптасуда.

f8b9b5

Діни экстремизм және терроризмге қарсы іс-әрекет немесе күресу шаралары қазіргі таңда еліміздің ең басты және өзекті мәселесі болып табылады. Cоған байланысты елімізде көптеген іс-шаралар атқарылуда. Мемлекет басшысы таяу арада террроризм мен экстремизм көріністеріне қарсы күресті елеулі түрде күшейту қажеттігін атап өтті.

Зайырлылық – ортақ міндет

Жұма, 30 Желтоқсан 2016 09:35

ҚР «Білім туралы» Заңына сəйкес білім саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі – білім берудің зайырлы сипаты болып табылады. Аталмыш заңға сәйкес, білім беру ұйымдарында діни ұйымдардың құрылымдарын құруға және олардың қызметін жүргізуге, діни ымырасыздық пен айрықшалықты насихаттауға, педагог қызметкерлердің білім беру үдерісін діни насихат жүргізу мақсатында пайдалануына тыйым салынады.

Қазіргі таңда әлемдегі ең өзекті мәселенің бірі – діни экстремизм мен терроризм қаупі екендігі көпшілікке аян. Ғаламдық бұл қауіп-қатер қоғамға саяси, экономикалық, моралдық шығындар әкеліп, үрей тудыруда.

147

Бүгінгі күнде Білім және ғылым министрлігінің мектеп формасына қойылатын талаптары қоғамдық пікірге біршама қозғау салып отыр. Мектеп формасы “Білім туралы” заң мен арнайы бұйрықта “діни атрибуттар қолданылмайды” деген талап қойылған осыған сәйкес бірыңғай мектеп формасын енгізу қарастырылған. Мектептерде оқушылардың бірыңғай формасына қойылатын талаптардың сақталуы, діни атрибутиканы қолдануға жол бермеу орындылығына қатысты сарапшы мамандардың пікірін білген едік:

1440057080 32

 

Тұрақтылық – басты құндылық

Жұма, 09 Желтоқсан 2016 10:10

Қазіргі таңда елімізде діни радикалды ағымдар кезек күттірмейтін, күн тәртібінде тұрған өзекті мәселеге айналды. Осындай кереғар ағымдардың салдарынан қоғамда әр түрлі қарама-қайшылықтар туындап, халықтың ауызбіршілігі жоғалуда. Бұл мәселеге маңыздылықпен қарап, жұмыла әрекет етпесек, соңы қайғылы жағдайға әкеліп соғатыны анық. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дегендей, ел боламын деген мемлекеттің қай-қайсысы да, халықтың ауызбіршілігіне аса мән береді. Халықтың бірлігі мен ынтымағының арқасында елдің тәуелсіздігі мәңгі болары анық. Сол себепті мемлекетіміздің өсіп-өркендеуін ойлаған әрбір азамат  діни радикалды топтардың  ықпалынан сақ болуы және Ислам дінінің шынайы қағидалары мен ұстанымдарын жетік білуі шарт.

Бүгiнде қызметте тез өскен адамды жұрт табысты жан деп есептейдi. Жастардың көпшiлiгi карьералық өсудi өмiрлiк мақсаты етiп ұстанған. Өкiнiштiсi, бүгiнгi буын қарапайым жұмысшы мамандығын игерiп, адал еңбекпен өмiр сүрудi ар көретiн болып барады. Шетiнен директор, әкiм, депутат, прокурор, сот бола бермекшi. Әрине, терең бiлiм, жылдар бойы қалыптасқан тәжiрибе мен қажырлы еңбегiнiң арқасында басшы қызметке тағайындалып жатса, оған ешкiмнiң қарсылығы жоқ. Бiрақ, қазiр бiздегiлердiң көбiсi мансабын өсiру үшiн қандай айла-шарғыға бармайды дейсiң. Көкесiн ортаға салу, пара беру, бiреудiң орнын тартып алу үшiн оған нақақтан жала жауып, арыз жазу, үлкен басшыларға жағымпаздану, тағысын-тағылардың ешқайсысынан тайынбайды. Сондағы ойы басшы болса мал-мүлiк жинап қалуға жол ашылады, қала бердi өзiнен төмендерге өктем сөйлеп, тiзесiн батыратын мүмкiндiк бар. Сол әуре жандар басшылық, билiк, күш-құдiрет және әдiлдiк атаулының бәрi жалғыз Аллаға тән екенiн бiлмейдi-ау. Олар шариғат бойынша адамның билiкке ұмтылуына нелiктен тыйым салынғанын түсiнбейдi, түсiнгiсi де келмейдi.

dorogie-aksessuary-dla-delovogo-kostuma