Әдептілік-әдемілік

Сейсенбі, 01 Тамыз 2017 09:43 Жарияланды Мәдениет Оқылды 1611 рет

Аудан әкімдігінің үлкен залында «Әдеп кодексі және депутаттардың этикасы» жайлы семинар кеңес болып өтті. Оған аудандағы мемлекеттік қызметкерлер, сала басшылары, мәслихат депутаттары, мамандар, аудандық сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.


Семинарды аудан әкімінің орынбас-ары Ғ.Төлепов жүргізді. Сөзге шыққан ОҚО жергілікті атқарушы органдардағы облыс әкімдігінің Әдеп жөніндегі өкілі Қ.Әлішев 3 бағыт 14 пункттен тұратын әдеп кодексін жан-жақты түсіндірді. Әсіресе, жұртшылықтың қалың ортасында жүретін мәслихат депутаттарының этикасына ерекше тоқталды.
Залдан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Әдептілік-әдемілік екенін жеткізе алды.

Т. БЕРДІҚҰЛ.