Жүрегім толы мейірім

Жұма, 08 Қырқүйек 2017 09:57 Жарияланды Мәдениет Оқылды 7541 рет

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кең пейілділік. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу.

IMG 8327


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «Көкейдегі бар әлем» жобасы аясында «Жүрегім толы мейірім» атты қайырымдылық акциясы аудандық мәдениет үйінде өтті. Шара барысында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының психологы Жұлдыз Балтабаева акция барысын толыққанды түсіндіріп, облыс көлемінде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 10 жобаға грант бөлініп отырғанын айтты. Ескеретін жайт, жобаға мал шаруашылығы мен ауылшаруашылығы жөнінде жобалар қабылданбайды. Сондай-ақ, әрбір жас тігінші, шаштараз, ағаш ұстасы, қол өнер т.б. бағыттар бойынша өз жобаларын ұсына алады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін жүзеге асыруға аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мен «Кәсіпкерлік мектебі» көмек береді. 10 үздік жобаға қаржылай демеушілік танытушылар – ел ағалары мен кәсіпкер азаматтар. 14 пен 29 жас аралығында жобаға қатысушы азаматтарға бұл акция өз кәсібін дөңгелетуге берілген мүмкіндік деп білеміз.
«Халқыма тағзым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Жайлымысова өзінің өмірлік тәжірибесін айта келе, жалынды жастарымыз жігерлі, төзімді болып, өмір сынағына шыдамдылықпен қараса, әрдайым істері алға басатындығын әсерлі ойларымен әңгімеледі.
Облыстан келген М. Қамалбеков, З.Мейірбек, З. Закирова сынды өнер иелері концерт қойды. Көмек қолын созам деуші жандарға арнайы жәшік орнатылды. Акция соңында Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» басшысы Перизат Ырсалы алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандарға, акцияға қатысуға ниет білдірген әрбір жастың жобасын дайындауда «Кәсіпкерлік мектебімен бірге» қолдау көрсететіндігін айтты.

Ғазиза ТІЛЕУБЕРГЕНҚЫЗЫ.