Ұлы дала қазынасы

Дүйсенбі, 23 Қазан 2017 00:00 Жарияланды Мәдениет Оқылды 1161 рет

2017-жылдың 15-қазанында Қазығұрт ауданы, Шарапхана ауылының атшабарында (ипподромында) «Нұр Отан» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы, аудандық көкпар федерациясы мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі бірлесіп, республикалық желілік кестеге сәйкес «Ұлы дала қазынасы» партиялық бағыты аясында көкпардан аудандық турнир өткізді.

22450162 1963968687212518 1735144302184549923 n


Іс-шараға «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов, «Нұр Отан» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық көкпар федерациясы президенті Асқарбек Перналиев, «Нұр Отанның» аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әбілқасым Қожахан қатысты.
Турнирді «Нұр Отан» партиясының ОҚОФ филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов ашып берді. Сонымен қатар ауданымызда рухани жаңғыру, ұлттық құндылықтарды, оның ішінде ұлттық спортты дамыту мен қолдау мақсатында арнайы ұйымдастырылып отырған, көкпардан аудандық турнирге белсене қатысып, ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды сақтау, қоғам арасында кеңінен насихаттауға қосқан сүбелі үлесі үшін белсенді азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.
Көкпар ойындары барысында, көкпар алаңына жиналған 100-ден аса шабандоздың ішінен 1995-2001 жылғы жас шабандоздардан 2 команда құралып, қызу тартысқа толы ойын болды. Көкпар турнирінің соңына қарай, жеңімпаздарға сый-сыяпаттар табысталды.