Елімізде Біріккен Ұлттар Ұйымының «Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою туралы», «Әйелдердің саяси құқықтары туралы», «Тұрмыс құрған әйелдің азаматтығы туралы», т.б. конвенциялар мен 60-тан астам адам құқықтары, экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтарға қатысты халықаралық деңгейдегі құжаттар ратификацияланды.

Ғажап үнің ғасырларға самғасын!

Сейсенбі, 11 Шілде 2017 11:29

Берілген соң құдірет күш тылсымнан
Елің үшін әрқашанда өр тұлғаң.
Миллиондар таңғалыпты тамсанды
Ләззат алып сенің ғажап даусыңнан.

Өзіңді еркін ұстап нық сеніммен
Дайди-дауды шырқадың шын төрінен
Толып жатты қаншама жан сүйсініп
Бұлбұлдайын тамылжыған үніңнен.

Күн көзінен ерекше нұр төгілген
Әсем әннен шын аспаны сөгілген
Шырқалғанда қазақ, қытай әндері
Шығыс жаққа қарадым көп бүгін мен.

Ғұмырыңда ән қанатың талмасын
Ғажап үнің ғасырларға самғасын
Текті қазақ ұрпағының бір ұлы
Жалғастырды әнмен әлем арасын.

Түнгі аспанның сырын тастап түндігін
Жүректерді елжіретті бұлбұл үн
Баз біреулер шалса аяқтың дүлдүлін
Енді ешкім де жасай алмас сұмдығын.

Кең даланы кернегенде шаттық үн,
Дауысыңнан бір ғаламат сыр ұқтым
Құдай берген талантыңмен топ жарып
Мінберіне көтерілдің шындықтың.

Әсем әуен жанға жайлы есілген
Кетпейді үнің жүрегімнен, есімнен
Бірде қызып, бірде суып басылып
Саған бүгін алқа тақтым жырыммен.

Алла жалғап жақсылықтың арасын,
Бейбіт күндер таба берсін жарасым
Күллі әлемнің әншісіне айналдың
Ал, тарихта өз орныңды табасың.

1eec3dd5-8e61-45f6-847c-0a5b4ff1c710

Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Қай мемлекет болсын, бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Өйткені, өскелең ұрпақ елдің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтары. Бар жақсылығын балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты саналы болып ержетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын.

Ұлттық тәрбиені ұлықтайтын байқау

Дүйсенбі, 05 Маусым 2017 09:43

Жарасымды жанұя мен ізгілікті қасиеттерге толы әулет қашанда көпке үлгі болуы тиіс. Осы мақсатта 2013-жылы Елбасы жарлығымен «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы жарияланған болатын. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы адамгершілік құндылықтарды қайта жаңғыртуға, отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған. Шараның мақсаты – отбасы институты, адамгершілікті, руханилықты, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін, отбасы құндылықтарын насихаттау, кәмелетке толмаған балаларды еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарына қамқорлық жасауға үгіттеу, сонымен қатар, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады.

Түркі бесігі – Түркістан

Дүйсенбі, 05 Маусым 2017 09:33

Түркістан – 2000 жылдық тарихы бар, ең көне қала. Елбасының ұсынысымен «Түрксой» ұйымының аясында жыл сайын бір қаланы Түркі әлемінің мәдени астанасы етіп бекіту жайлы ұсыныс жасалды. Азербайжанның Шекки қаласында өткен «Түрксой» ұйымының отырысында үстіміздегі жылы Түркістанды-түркі әлемінің мәдени астанасы етіп жариялады. Осы іс-шара аясында аудандық мәдениет үйінде облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының ұйымдастыруымен аудандық балалар кітапханасы дәстүрлі «Әлемді кітап арқылы танимын» атты ең көп оқитын оқырмандар арасында «Түркі бесігі – Түркістан» тақырыбы бойынша байқау өткізіп, 16 үміткер қатысып, бақ сынады.

0 8ef9f 46c0a085 orig 1
Үміткерлер өзін-өзі таныстырып, Түркістан қаласына арналған өлең оқып, өнерін көрсетіп, эссе жазып, оны қорғады. Байқауда бақ сынағандар арасында жас ерекшелігіне байланысты екі кезең: 7-10 және 10-15 жас аралығындағы оқырмандар қатысты. Байқауға Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, ақын, түркітанушы Сәрсенбек Сахабат және Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы директорының орынбасары Ақбөпе Байділдаева төрелік етті.
7-10 жас аралығындағы оқырмандар арасында С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің 4-сынып оқушысы Алуа Оразова бас жүлдені, Оразқалия Тағайбек – І, Ж. Аубәкирова – ІІ, Е.Сейдуали – ІІІ, 10-15 жас аралығындағы оқырмандар арасынан «Болашақ» мектеп-гимназиясының 9 «б» сынып оқушысы Жанерке Тұрғанбек бас жүлдені, Ы.Сәрсенбек – І, Аида Үсенова – ІІ, Ғазиза Жолдыбаева – ІІІ орынды жеңіп алса, басқа үміткерлер ынталандыру сыйлығымен, дипломдар және Алғыс хаттармен марапатталды. Соңында қатысушылар түркі бесігі –Түркістанға арнау өлеңдері мен әсерлі сахналық қойылымдарды көрсетті.

А.ТАСПОЛТАЕВА,
аудандық балалар кітапханасының бөлім меңгерушісі.

«ЖАСА МӘҢГІ, МӘДЕНИЕТ!»

Дүйсенбі, 05 Маусым 2017 09:32

Аудандық Мәдениет сарайында «Жаса мәңгі, мәдениет!» атты айрықша іс-шара болды. Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған аталмыш іс-шараны аудан әкімі аппаратының жетекшісі Әбілқасым Қожахан ашып, өнер саласы қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады. – Оңтүстік өңірі, соның ішінде киелі Қазығұрт ауданы да өнерге бай өлке. Қазығұрттықтар өнер өлкесінде өзіндік үлесімен көзге түсіп, ел құрметіне бөлене білген. Төлеш, Сақы, Тасболат, Өмірсерік секілді бір тума ақындар, кейінгі буыннан шыққан Болат Шарахымбай, Болат Қалыбеков, Бекемкүл Батырбекқызы, Бақытжан Алдияр тәрізді дарындар, Қалаубек Тұрсынқұлов, Тұрап Тула, Сауытбек Әбдірахманов, Нұрғали Ораз сияқты жазушы қаламгерлерімізбен мақтанамыз. Дирижер Ізбасар Өтешов, әртістер Бауыржан Ибрагимов, Сәбит Әбдіхалықов, әншілер Сейфуллин Жолбарыс, Өктем Алтаев, Гүлжамал Әбішева өнерлерін ауыл сахнасында шыңдап, бүгінде республика деңгейінде өнер көрсетуде. «Жұлдыздар» және «Таңшолпан» халықтық би ансамбльдері республика мен шетел қауымына да танымал. Ауданымыздағы қазіргі халықтық атағын алған театр ұжымы мен жалпы мәдениет бөлімі ұжымының өнері де көпке үлгі, – деді Ә.Қожахан.
Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» Қызылқия ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Рүстем Тайыров, Сынтас және Шарапхана ауылдық округінің кітапханашылары Динара Пернебаева мен Нұрзия Қасымбекова, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының «Алғыс хатымен» Жаңабазар ауыл округінің кітапханашысы Салиха Тұяқбаева, аудандық мәдениет сарайынан музыкалық жетекші Еркін Достаев пен бас есепші Тұрдыкүл Көшербаева марапатталды.

АУЫЛҒА ЖАЗҒАН АРЗУЛАР

Дүйсенбі, 05 Маусым 2017 09:27

Қақпақ ауыл округіндегі «Қызылтаң» жалпы орта мектебінде оқу жылы соңындағы үздіктерді марапаттау салтанатты жиынына Бүкілтүркі дүниесі ақындары фестивалінің лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Мәдениет қайраткері, жерлес ақын ағамыз Болат Шарахымбаев қатысты. Онымен бірге өзінің өмірлік серігі Майра және шығармашылықтағы айнымас досы, ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, республикалық «Айқын» газетінің бөлім редакторы Төреғали Тәшенов келді. Салтанатты жиында Болат ағамыз бітіруші үздік түлектер мен қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан оқушыларды құттықтап, мақтау кағаздарымен марапаттады және өз қолымен медальдарын табыстады.

Болат Ш. 0

Аяласаң, табиғатты аяла!

Дүйсенбі, 15 Мамыр 2017 09:31

Халқымыз табиғатты анаға теңеген. Өйткені, табиғатта тіршілік өсіп өнеді. Өзіндегі барды адамға, жануарға, өсімдікке берген. Ата-бабаларымыз миллиондап мал өсірсе де, жерінің шаңын шығармай, құнарын жоғалтпай, тұнығын лайламай, Ұлы даланы мекендеген жабайы аң-құстарға, жәндіктерге дейін қамқор бола білген. Табиғатта басы артық ештеңе жоқ. Табиғат сырын терең білмей, оған немқұрайлы қарау үлкен апатқа соқтырады. Бір кездері табиғатты бағындыруды мақсат тұтып, ормандар аяусыз балталанды. Аң-құстар шамадан тыс ауланды, жер жөн-жосықсыз жыртылды. Соның салдарынан бүгінгі таңда адам баласына экологиялық апат үлкен қауіп төндіріп отыр.

«Батаменен ел көгерер»

Сейсенбі, 02 Мамыр 2017 11:18

Бата беру – халқымыздың ертеден жалғасып келе жатқан салт-дәстүрінің бірі. «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» демекші, ұлтымыз батаны ерекше қастерлеген. Ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде, елдің рухани қазынасында батаның мән-мағынасы, қадір-қасиеті айрықша бағалы.

Без названия
Өйткені, қанымызға сіңісті, жанымызға жұғымды, санамызға нұрлы шуақ сыйлайтын осынау ақыл, нақыл сөздер – тәрбиенің бастау бұлағы. Қазақ халқы айтылған сөзге, тілеген тілекке, берілген батаға ерекше мән бере отырып, бата арқылы ұрпағын адамгершілікке, имандылыққа, ақылдылық пен парасаттылыққа, шешенділікке баулыған.
Осыған орай ардагерлер ұйымының құрылғанына 30 жыл толуына орай аудандық мәдениет сарайында «Батаменен ел көгерер» атты байқау болып өтті.
Іс-шарамыздың мақсаты – ауданымыздың көзі ашық, көкірегі ояу, білімді де саналы қарияларымыздың бойындағы жақсы қасиеттерін, өнеге істерін бүгінгі ұрпақ арасында кеңінен насихаттау.
Байқау қарияның өзін-өзі таныстыруы мен батасы, өнер сайысы, мақал-мәтел айту, қазақтың салт-дәстүрі бойынша сұрақ-жауаптан тұрды.
Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлде Көкібел ауылынан Жұмабаев Ергенбай, 1-орын Тұрбат ауылынан Сабитов Бахадыр, 2-орын Шарапхана ауылынан Долбаев Бектай, 3-орын Қақпақ ауылынан Жаппаров Әділ қарияға бұйырды. «Батагөй қария» жүлдесіне Тесіктөбе ауылынан Сәтбаев Мәдәлі және «Өнерлі қария» жүлдесіне Қаржан ауылынан Мамашев Құрақ ақсақалдар ие болды. Барлық қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Тәуелсіздігімізді ұлықтау, береке мен бірлігімізді насихаттау, өскелең ұрпаққа салт-дәстүріміз бен мемлекеттік тілімізді, ұлттық қазынамызды дәріптеу мақсатында өткізілген байқаудың тәрбиелік мәні өте зор.

Раушан БАЙҚАНҚЫЗЫ,
аудандық мәдениет сарайының әдіскері.

14-сәуірде аудандық мәдениет сарайында аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен 15-сәуір – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» ғашықтар мерекесіне орай, «Ғашық көңіл – мәңгі жасыл, айдын көл» атты байқау өтті. Аталмыш байқауға 13 ауыл округінен 13 жұп қатысып, өз өнерлерін халыққа паш етті. Байқаудың басты мақсаты жастарға ұлттық салт-дәстүрді, тіліміз бен дінімізді өскелең ұрпаққа насихаттау, жас ұрпақ санасына өзгенің емес, өзіміздің ұлттық сүйіспеншілік, махаббат бейнесін қалыптастыру, ғашықтар кейіпкерлерін жастар арасында ғашықтық, махаббат символы ретінде дәріптеу, жастардың бойындағы шығармашылық қабілеттерін, өнерге деген құштарлығын арттыру, мемлекеттік тілге құрмет көрсету, талантты және дарынды жастарға қолдау көрсету.