Мерейің үстем болсын!

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 10:43

Жасымыз келгеннен кейін бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды екен.

Ұлтқа тасталған ұран

Дүйсенбі, 24 Сәуір 2017 09:50

564246 474901902579513 652127712 n-1000x700Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күні кеше жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын астын сызып отырып үш қайтара оқып шықтым. Сосын «бұл тек мақала емес, келесі кезеңдегі ұлттық дамуымыздың тұғырнамасы!» деп қабылдадым. «Идеология жоқ!» деген сөз жиі айтылады, меніңше, ендігі жердегі идеологиялық бағытымыз осы құжатпен тікелей байланысты болу керек! Бұл – әбден пісіп-жетілген, ел күткен ең ірі оқиға!

Аудандық ішкі саясат бөлімі «Жас­тар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндері-ай!» атты байқау болып өтті.

Күнгейде «Кітап керуені» акциясы жалғасып жатыр. Облысымыздың бас кітапханасы – «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасы Қазығұрт ауданынан келген кітап көшін күтіп алды. Жүздеген көркем әдебиет пен салалық оқулықтар жеткізілді. Салтанатты шараға ауданнның зиялы қауым өкілдері де арнайы шақырылып, игі бастамаға атсалысты.

0202

«Қазығұрттың басында кеме қалған
Ол әулие болмаса ондай ат неге қалған», – деген халық аузында жай болып кеткен өлең жолдары, көпшіліктің ойына түрткі салады емес пе? Осы тақырыпқа арналған мақалалар түрлі басылымдарда, газеттерде, журналдарда жарық көріп жүр. Бірер жыл ілгері кітап жинағы да шыққан болатын, бірақ жарық көрген мақалалардан, ғылыми негізделген кешенді пікір қалыптастырылатындай тиянақты дәлелдермен немесе ғылыми идеялар көңіл толтырарлық емес.

keme

Музыкалық тәрбиенің мәні

Жұма, 03 Ақпан 2017 09:46

Музыка өнері оқушыны әсемдікке бастайды, руханияты мен мәдениетін өсіреді. Ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келген халық қазынасын, оның таңдаулы үлгілерін ұрпақты тәрбиелеу құралына айналдыру – басты міндет. Ұлттық өнерге оқушыларды жастайынан баулу олардың адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін, мәдени дәстүрге деген сыйластық сезімін дамытуға әсерін тигізіп, оқу-тәрбие үрдісінің сапасын арттырады.

«Анаға хат»

Жұма, 03 Ақпан 2017 09:45

Жақында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, белгілі айтыс ақыны Ақмарал Леубаеваның ұйымдастыруымен оқушылардың «Анаға хат» тақырыбындағы шығармаларының облыстық байқауы өтті.

IMG 20170130 104416

Мектебімізде – танымал әртістер

Сәрсенбі, 14 Желтоқсан 2016 09:48

«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген даналық сөзді әрдайым ұстанған Амангелді атындағы жалпы орта мектебі Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония ұжымымен бірлескен концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Мектеп ұжымы мерекелік концертке ардагер ұстаздар мен ауыл тұрғындарын шақырды.

Filar

«Шарбұлақ дауысында» бақ сынады

Сәрсенбі, 14 Желтоқсан 2016 09:45

Тәуелсіздігімізге 25 жыл толуына орай "Шарбұлақ" жалпы орта мектебінде тұңғыш рет жанды дауыста «Шарбұлақ дауысы» ән байқауы өткізілді. Байқауды мектеп директоры Қалыбек Құтымбет ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

даусы

Мүлдем жаңа қоғам, жаңа өмір қалыптастыру Нұрсұлтан Назарбаев бастаған біздің замандастарымыздың еншісіне тиді. Қазығұрт ауданында Н. Назарбаевтың Днепродзелжинскіде бірге оқыған Сауытбек Еркінбеков, Тұрғанбек Орынбаев, Қайрат Исламқұлов деген достары болған. Елімізге жаңа қоғаммен бірге, жаңа демократиялық институттар келді, түрлі сайлаулар өткізіліп жатты. Президент боламын дейтін жаңа үміткерлер бой көтерді. Міне, осы тұста замандасымыз Нұрсұлтан Назарбаевты жаңаша сипатта насихаттаудың жолдарын іздедік. Сол жылдарғы аудан әкімі Ә.Көбеевпен, ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Мақсұтовпен, аудандық “Қазығұрт тынысы’’ газетінің редакторы Б.Шетеновпен, аудан әкімінің идеология жөніндегі орынбасары болып тағайындалған Г.Тағаевамен бірнеше рет кездесіп, нақты іс-шара түздік. Осылайша Р.Темірбаев басшылық жасайтын аудандық мұражай жанынан ұлттық-этнографиялық ансамбль құруға кірістік. Ансамбльдің негізін қалаған Қазақ КСР мәдениет қайраткері, сазгер, Мәскеуде, Парижде ән салған Райымқұл Темірбаевты ел-жұрт жақсы біледі. Оның Қазығұрт баурайынан жинаған 300 әні – еліміздің байлығы. Ұйымдастырушы алқа алдымен Жетісай музыкалық драма театрында белді әнші болып, отбасылық мәселемен Қазығұртқа көшіп келген Қатира Бекмұратоваға қолқа салды.