Аудандық мәдениет сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында 1-желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген Елбасы – елі сүйген Елбасы» атты салтанатты жиын болды. Алдымен ледэкранда Елбасы жайлы бейнеролик көрсетілді.

1

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қазығұрт ауданындағы тұрмысы төмен отбасылардың оқушылары және Сайрам ауданындағы «Болашақ» балалар үйінің тәрбиеленушілері қасиетті Түркістан қаласына саяхаттап қайтты. Ел Тәуелсіздігінің мерейлі датасы құрметіне қайырымдылық марафоны түріндегі балалар саяхатын ұйымдастырған және демеушілік жасаған – Шымкент қаласында орналасқан «Апта тынысы» республикалық басылымының редакциясы.

Қазығұрт ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында биылғы Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға және шоу-бизнес саласында қызмет көрсететіндердің салық төлеу тәртібіне байланысты семинар-кеңес болды. Оған жеке кәсіпкерлер, заңды тұлғалар және шоу-бизнес өкілдері қатысты.

Тарихтан сыр шертеді

Дүйсенбі, 21 Қараша 2016 17:09

Жазушы, шежіреші, Қазығұрт өңірінің тумасы­ ­Момбек Әбдәкімұлының «Түркістан өлкесіндегі ойран» атты жаңа тарихи романы «Ел шежіресі» баспасынан жарық көрді.

Кітап315

Өмір деген сіз бен біз...

Жұма, 18 Қараша 2016 10:17

Нұрлан Тастемірұлы Қадыров, ақын. Тәжік-Ауған соғысының ардагері, «Қазығұрт» футбол федерациясының президенті.