БІРЛІК ПЕН ДОСТЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН МЕРЕКЕСІ

Бейбенбі, 25 Ақпан 2021 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 369 рет

Құрметті қазығұрттықтар!

Баршаңызды көгілдір көктемнің шуақты мерекесі 1 наурыз - Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер!
Өздеріңізге мәлім, 2016 жылы 14 қаңтарда Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орай 1 наурызды Алғыс айту күні етіп жариялады.
Содан бері 1 наурызды жыл сайын барлық этностың бір–біріне мейірбандық танытып, ол адамдарды өзінің туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде атап өтіп келеміз. Бұл күн мейірімділіктің, бүкіл қазақстандықтардың бір –біріне деген достығы мен бірлігінің жарқын мерекесі.
Алғыс айту күні–бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділікпен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл тағдыр тәлкегімен Қазақ жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымының белгісі. Адамдардың бір–біріне алғыс айтуы–шынайы сыйластықтың белгісі.

Қадірлі жерлестер!

Көгілдір көктемнің алғашқы күнімен тұспа–тұс келетін мерекеде Алғыс айту күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтап, отбасыларыңызға бақ–береке, дендеріңізге саулық, елімізге тыныштық тілейміз!

А.Абдуллаев Ө.Көпеев
аудан әкімі аудандық мәслихат хатшысы