Аудан әкімі «Алғыс күнімен» құттықтады

Бейбенбі, 04 Наурыз 2021 00:00 Жарияланды Қоғам Оқылды 289 рет

Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде Қазақстандағы өзге этнос өкілдері қиын-қыстау кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады. 1-наурыз елімізде жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күні қазақстандықтар бір-біріне құрмет көрсетіп, ризашылығын білдіреді.

156497524 2863247860617925 643005572056146370 o

Жуырда аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданның дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан бір топ азаматтарды «Алғыс күнімен» құттықтады. Айтулы мереке қарсаңында Шанақ ауыл округінің әкімі болған, бүгінде зейнет жасына жетіп отырған Жорабаев Ерген Таңсықұлына құрмет көрсетті.
ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алғыс хатын облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Гүлбахира Тәжібаева мен шанақтық жеке кәсіпкер Жандәулет Шәкібаевқа табыстады.
Ал, аудан әкімінің «Алғыс хатымен» аудандық орталық аурухана қызметкері, зейнеткер Әлімжан Атамбеков, тұрбаттық еңбек ардагері Шахида Юлдашова, аудандық полиция бөлімінің қызметкері Берік Әлімбаев, жеке кәсіпкерлер Айгүл Әбілаханова, Ерлан Досанбаев, аудандық мәдениет сарайының қызметкері Бекназар Жолдасов, Т.Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі Дүрия Бейсебаева, аудандық жастар ресурстық орталығының инспекторы Маржан Абдуллаева марапатталды.
«Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған күн! Бұл күн – Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының толыққанды қалыптасқандығын көрсететін салтанатты мерекесі. Баршаңызды осынау мерекемен шын жүректен құттықтаймын», – деген аудандық мәслихат хатшысы Ө.Көпеев марапат иелерін құттықтап, еңбектеріне табыс пен береке тіледі.

Ғазиза ҚОЙЛЫБАЕВА.