70a3d61d-761c-4dc0-93a4-4975a9d633b5

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесу өткізді.
«Ақорда» резиденциясында ҚХР Төрағасын ресми қарсы алу шарасы өтті. Құрмет Қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін мемлекеттер басшылары екіжақты келіссөз өткізетін залға барды.
Бұдан кейін Қазақстан мен Қытай басшылары кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.
Президент Қытай Төрағасына шақыруын қабыл алып, елімізге мемлекеттік сапармен келгеніне ризашылығын білдірді.
– Бұл – пандемиядан кейін сіздің шетелге алғашқы сапарыңыз. Сондықтан осы сапарыңыз тарихи мағынаға ие. Мен мұны жоғары деңгейдегі өзара сенім мен ынтымақтастықтың көрінісі деп бағалаймын. Биылғы 5 ақпанда XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысқанымды білесіз. Сол кезде Бейжіңде өткен кездесуімізді ықыласпен еске аламын, – деді Мемлекет басшысы.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толғанын атап өтті.
– Сіздің сапарыңыз осы мерейлі белеске тұспа-тұс келіп отыр. Қысқа мерзім ішінде біз тұрақты мемлекетаралық қатынас орнаттық. Сіз Қазақстан экономикасын дамытуға және біздің халықаралық бастамаларымызға ұдайы қолдау көрсетіп келесіз. Сол үшін өзіңізге зор алғыс айтамын, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, 2019 жылғы қыркүйектегі Бейжіңге мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген жан-жақты мәңгілік стратегиялық серіктестік жөніндегі уағдаластық сәтті жүзеге асырылып жатыр. Бүгінгі бірлескен мәлімдеме қарым-қатынастардың жаңа «алтын 30 жылдығының» басталғанын білдіреді. Сондықтан Қытай Төрағасының бұл сапары аса маңызды.
ҚХР Төрағасы араға 5 жыл салып Қазақстанға қайта келгеніне қуанышты екенін айтып, қазақ халқының қонақжайлығы мен мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін Президентке ризашылығын білдірді.
Си Цзиньпин қазақ-қытай қарым-қатынастарының дамуын жоғары бағалап, бүгінгі сапарының екіжақты байланыстарды одан әрі ілгерілетуге тың серпін беретінін атап өтті. Оның айтуынша, Қытай өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты Қазақстанның ұстанымдарын қолдайды.
– Қазақстан халқы сіздің басшылығыңызбен мемлекеттік құрылыс пен ұлттық жаңғыру ісінде жаңа табыстарға жететіні күмәнсіз. Қытай үкіметі Қазақстанмен арадағы қарым-қатынастарға зор көңіл бөлетінін тағы да қайталап айтқым келеді. Халықаралық жағдай қалай өзгерсе де, біз алдағы уақытта Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігін және территориялық тұтастығын сақтауына қолдау көрсетеміз. Тұрақтылық пен дамуды қамтамасыз ету жөніндегі Сіз жүргізіп жатқан реформаларды толық қолдай отырып, сіздің еліңіздің ішкі істеріне қандай да бір күштердің араласуына үзілді-кесілді қарсы боламыз. Қытай Қазақстанның сенімді досы әрі серіктесі және солай болып қала береді. Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнағалы бері байланыстарымыз беріктік сынынан лайықты өтті, сондай-ақ үнемі жаңа мазмұнмен толығып, дамып, өз жемісін беріп келеді. Біздің елдеріміз бірқатар салада ынтымақтастықтың үлгісін көрсетті. Халықтарымыздың достығының арқасында 1780 шақырымға созылған шекара мәселесін алғашқылардың бірі болып шештік. Біз бірінші болып, индустрияландыру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыта бастадық. Осылайша «Бір белдеу - бір жол» бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықтың үлгісін көрсеттік. Біз екіжақты қарым-қатынастарды жан-жақты мәңгілік стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердік. Серпінді дамуға қол жеткізген қытай дипломатиясы үшін мұның маңызы зор. Бүгінде Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы жаңа тарихи белеске қадам басты, – деді Си Цзиньпин.
Тараптар көлік-логистика, азық-түлік өнеркәсібі, ауыл шаруашылық салаларының мәселелері және трансшекаралық өзендер жайын талқылады.
Келіссөздерден кейін екі мемлекеттің басшылары Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына орай бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

220914154605575e

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясында Түркістан облысының Қазығұрт, Отырар және Сауран аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері қаралды. «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Рес­публикасы Заңына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округі аумағынан елдімекен құрып, оған «Мәшһүр Жүсіп» атауы берілетін болды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бірқатар нақты тапсырма берді. Негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған. Жолдау жүктеген жауапкершілік зор. Алдымызда Жолдаудағы айқын бағыттарды іске асыру міндеті тұр. Түркістан облысы – еліміз бойынша халқы ең тығыз орналасқан әрі ынтымақ-бірлігі жарасқан өңір. Өңірде халықтың өмір сапасын жақсарту мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша алдымызда атқаратын ауқымды шаралар жеткілікті. Сондықтан алға қойған мақсаттар мен міндеттерді жүйелі түрде орындауымыз қажет»,-деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды.
Жалпы сессия жұмысында 21 мәселе қаралды.

220519121153a3934750d

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Палата депутаттарының Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдумды талқылау үшін өңірлерге жасаған сапары туралы баяндалды. Қазіргі уақытта 150-ден астам іс-шара өткен, оның көбі негізінен шағын қалаларда, кенттер мен шалғай ауылдарда ұйымдастырылды.
Сенаторлар сапарының нәтижесінде азаматтарды алаңдатқан мейлінше өзекті мәселелерге талдау жасалды. Атап айтқанда, тауарлар бағасының өсуі, автомобиль жолдарының жағдайы, жұмыспен қамту мәселесі, ауызсумен және газбен қамтамасыз етілуі, медициналық көмектің қолжетімділігі және басқа да проблемалар.
Президент Үкіметпен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған мәселелерді шешу жұмыстарын жалғастыру қажет екенін атап өтті.
Мәулен Әшімбаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақтағы мемлекеттердің заң шығарушы органдарымен арадағы ынтымақтастықты нығайту жөнінде мәлімет берді. Өткен аптада сенаторлар Ашхабадта өткен «Орталық Азия – Ресей» атты парламентаралық форумға қатысты.
Ықпалдастықтың жаңа форматы Арал теңізі өңіріндегі экологиялық ахуал, трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану, шекара маңындағы өңірлердің ынтымақтастығы, сондай-ақ Ауғанстандағы жағдайға байланысты аймақтық қауіпсіздік мәселесі сияқты өзекті проблемаларды шешу жөніндегі депутаттардың бірлескен жұмысын жандандыруға ықпал етеді.

d0bf69a70bfc0be6ed80f794249ce94f 1280x720

Түркістанға іссапармен келген Анкараның губернаторы Васип Шахин шаһардағы спорт нысандарын да аралап көрді. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мейманға заманауи спорт орталықтарын таныстырып, қаланың даму жоспары туралы айтып берді.
Алдымен «Түркістан-арена» орталық стадионында болған Анкара басшысы нысанның УЕФА талаптарына сай әрі сапалы екеніне тоқталып, жоғары бағалады. Осы стадионда Түркияның әлемге танымал футбол клубтарын жіберіп, халықаралық кездесулер өткізуге күш салатынын жеткізді
Түркістандағы орталық стадион 7000 орынға арналған. Алып кешенде спорттың бірнеше түріне арналған жаттығу залдары бар. Нысан — «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ-ның Түркістанға тартуы. Стадионның негізгі бөлігі футбол алаңынан және жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады. Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және өзге де залдары талаптарға сай жасақталған.
Одан кейін Анкара мен Түркістан басшылары құрылысы жүріп жатқан халықаралық теннис орталығын да аралап көрді. Аталған нысан биыл пайдалануға беріледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

21231

Мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Елбасы мемлекетті тиімді басқаруы үшін мемлекеттік қызметшіде болуға тиісті негізгі қасиеттерді атап көрсетті. Бұл – моралдық жоғары жауапкершілік, кәсіптік білім, білімін тәжірибеде қолдана білу, адалдық, ақ ниеттілік, белсенді өміршеңді ұстаным. Мемлекеттік қызметтегі әрбір адам өз жұмысының барлық маңыздылығын сезіне білуі және өз елінің патриоты болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік биліктің айнасы секілді. Оның ар - ожданы биік, әділетті, талантты ұйымдастырушылық қабілеті бар екендігін қоғам бағалайды. Халық сенімі мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік қызметті қаншалықты сапалы көрсеткендігіне қарап нығаяды. Сондықтан әрбір мемлекеттік қызметші өз орнында халықтың мүддесіне қызмет етіп, көкейтесті мәселелерін заң шеңберінде шешуі талап етіледі.
Мемлекеттік қызметші болу – бұл үлкен абырой мен міндет. Ол билік пен халық арасында байланыстырушы буын болып табылады. Сондықтан да көп нәрсе оның кәсіби біліктілігіне, жедел түрде ой қорытып, қандай да бір мәселелерді шешу жауапкершілігін өз мойнына ала білу дағдысын игергендігіне байланысты. Кез-келген деңгейдегі мемлекеттік қызметші лауазымы басқа мамандық тұрғысымен салыстырғанда мейлінше жоғары. Бұл - өзін-өзі жетілдірудің тұрақты жағдайы.
Мемлекеттік қызметші іс-әркетіне жауаптылықпен қарап, жоғары орындаушылық, өзіне және әріптестеріне талап қоя білу, тәртіптілік және мүлтіксіз адамгершілік қасиеттеріне ие болуы тиіс. Мемлекеттік қызметшінің сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы, әдептіліктің белгісі. Олардың моральдық-этикалық бейнесі мен кәсіби сапасына Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі жоғары талап қояды.
Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдепті сақтауына мониторингті және бақылауды жүргізу үшін әдеп жөніндегі уәкілдер енгізілді.
Әдеп жөнiндегi уәкiл дегеніміз – қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын қадағалайтын және мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Әдеп кодексi талаптары бұзылуының алдын алуды назарда ұстайтын, сондай-ақ өз функциялары шегiнде мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға кеңес беретiн мемлекеттiк қызметшi.
Кез келген мемлекеттің жетістігі мен гүлденуі мемлекеттік қызметшілерінің тиімді және кәсіби қызметіне негізделеді. Осыған байланысты оны жетілдіру мәселелеріне мемлекеттің басшылығы тарапынан ерекше көңіл бөлінеді. Жыл сайын мемлекеттік аппарат жұмысының сапасы жақсарып, сонымен қоса қызметкерлерге қойылатын талаптар да жоғарылап отыр.
Адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, кәсіби шеберлік пен біліктілігімізге сенім артқан жандардың көңілінен шығу қашанда қиын. Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған кезде тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек ету басты мақсатымыз.

Н.МАХАН,
Сарапхана ауылдық округі әкімі
аппаратының жетекші маманы.

Балалар жылы 2022

Сәрсенбі, 18 Мамыр 2022 00:00

balalar color 1

kz1-0мммм

Президентке Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдарының үш бағытта жұмыс атқарып жатқаны туралы мәлімет берілді.
Анар Фазылжанованың айтуынша, бірінші бағыт – әлемдік лингвистиканың бір саласы ретіндегі қазақ тілі ғылымының іргелі теориялық мәселелеріне арналған зерттеулер. Екінші бағыт – қазақ тілін цифрландыру, атап айтқанда, Қазақ тілінің ұлттық корпусы деп аталатын электронды ақпараттық ресурс жасаған. Үшінші бағыт – қазақ тілін реформалау. Ондағы мақсат – ғылым саласындағы қазақ тілінің қолданысын кеңейту.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тіл білімі институты ғалымдарының еңбектеріне жоғары баға беріп, жұмыстарына табыс тіледі.

78dea73b-c3fa-4023-9eb8-efe624b26110

Қаңтар оқиғасынан кейінгі елдің толқығаны жасырын емес. Елдің көңілін алаңдатқан жағдайларға байланысты Мемлекет басшысы Үндеу де жасады сұхбаттар да берді. Сұхбаттарында жақын арада ел сұранысына жауап беретін, халықтың қажеттілігін өтеуге бағытталған саяси реформа міндетті түрде жасалатынын айтқан болатын.
Жолдаулардың саяси институт болып қалыптасқалы 25 жыл өтіпті. Әр Жолдаудың өз ерекшелігі бар. Қай Жолдауды алсаңыз да міндетті түрде қаржы мәселесі қалыс қалмайтын. Бүгінгі Президентіміздің қазақстан халқына Жолдауы мүлдем ерекше мәні де мағынасы да саяси бағытта. Дәл осы Жолдау Қаңтар оқиғасына жауап қана емес, елдің саяси дамуына да жауап, бір сөзбен айтқанда саяси сілкініс.
Жолдаудағы Мемлекет басшысы Суперпрезиденттік басқару формасынан Парламенті мықты республика тәсіліне түбегейлі көшу арқылы реформалар жүйелі әрі кешенді түрде іске асады,саяси институттардың барлығы қамтылады деді.
Осы бағытта Конституцияның 30-дан астам бабына, 7 Конституциялық заңға,15 тен аса заңдарға өзгерістер енгізілетін болады. Оның ішінде ең бастысы Сайлау туралы заңға өзгерістер - Сенаттың, Мәжілістің сандық құрамындағы өзгерістер-Парламентті қалыптастыру тәртібі сияқты ірі саяси бағыттағы өзгерістер ешкімді бей-жай қалдырмады. Президенттің Сенаттағы квотасын 15-тен 10-ға қысқартуы, Қазахстан халқы Ассамблеясының квотасын Мәжілістен Сенатқа беруі қалай болғанда да Парламент­тің ролін күшейтеді. Ең тұщымды тұсы Мәжілісті 70% партиялық тізім бойынша, 30% бір мандаттық округтер бойынша пропорционалды-мажоритарлық жүйемен қалып­тастыру реформасын халықтың басым бөлігі күткен еді.
Елдің ойын естіді, жауап қатты. Жуырда Орталық Сайлау Комиссиясының Төрағасы Н.Абдиров өңірлерді аралап халықтың ой-пікірлерін тыңдап ұсыныстар жинақтаған болатын.Түркістанға келген сапарында мен сөз сөйлеп Сайлау туралы заңның 50-бабын қатайту керек, бірте бірте сайлаудың аралас жүйесін халық қалайды соған келетін шығармыз деген болатынмын. Алты Алаштың ақылын тыңдаған демекші өңірлердегі эксперттік пікірлердің маңызды екенін ұққаны сол кездесулерден байқаған едік.
Азаматтық қоғам арасында Сайлау жұйесіндегі оң өзгерістер партияда мүше емес азаматтар үшін тиімді, бұл тұста барлық азаматтардың құқықтары сақталып әділетті саяси жүйе қалыптасады. Сондай-ақ, партияларды тіркеу үрдісіндегі тіркеу шегін 20 мыңнан 5 мың мүшеге дейін төмендету көппартиялық мүмкіндігін жоғарылатады. Осының бәрі азаматтық әділ қоғам орнатудағы жасалған теңсіздікті жоюдағы нақты әрекет­тер ғана емес, бәсекелестіктің жоғарғы сатысына алып баратын баспалдақтар. Сонымен қатар, облыстық мәслихаттарда аралас сайлау жүйесін (мажориталық-пропорциональдық 50/50) және императивті мандатты енгізу, ал аудандық, қалалық мәслихаттарда мажоритарлық жүйені енгізу мәселелері қызу талқыланып жұртшылықтан қолдау табуда. Бұл сайлау процесін жаңғыртудағы жұртшылықтың ойында жүрген бойын мазалаған ойлар болатын. Жолдауда айтылған Президенттің өз өкілеттігі тұсында партиядағы мүшелігі тоқтатылуын заңда қарастыруы Президенттік өкілеттілікке үстемдік беруден бас тартқанын көрсетеді.Әділ шешім, бүкіл азаматтық қоғам институттарына бірдей әділ көзқарас. Әділ көзқарас болған жерде әділдік принциптері жұмыс жасайды. Сонда ғана ел сеніп көшбасшы соңынан ереді. Ой қозғай отырып саяси жүйе жаңғырады,заңдар тиімді жұмыс жасай бастағанда ғана алға қойған нәтижеге жетеміз. Саяси жүйе дұрыс жұмыс жасағанда экономикалық, әлеуметтік даму процестері өз арнасымен жұмыс жасап халықтың әл аухаты жақсаратын болады. Барлық реформалар елдің дамуы үшін, халықтың қамы үшін жасалуы тиіс. Ой жақсармай күй жақсармайды.

Қалыйма ЖАНТӨРЕЕВА,
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық мәслихат депутаты.

IMG 224465

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауының маңызы өте зор. Оны тыңдаған әр азаматтың болашаққа деген үміттерін жандандырып, бір серпілткені анық. Президент сөзін қаңтар оқиғасы және оның нәтижелеріне тоқталумен бастады. Бұл оқиғаның жылдар бойы елімізде заңсыз қызмет жасаған топтардың жоғары билікке қол жеткізу мақсатында төңкеріс жасауға ұмтылған іс-әрекетінің нәтижесі екенін атап өтіп, ендігі кезекте мемлекет органдарымен қоса, тәуелсіз комиссия тергеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын және де осы оқиғаға қатысты кез келген адам лауазымына қарамай қатаң жазаға тартылатынын мәлімдеді. Жолдаудың ерекше жаңалығы елдің саяси жүйесін өзгерту туралы реформаның екі жолының ұсынылуы:
а) елдегі демократияны жүйелі дамыту және мемлекеттің саясаттағы, экономикадағы бәсекелестікті орнату;
ә) күшті президенттік басқару және ықпалды парламенттің рөлін күшейту.
Бұл мәселеде бұрынғы заң бойынша президенттік басқаруға берілген артықшылықтарға заң жүзінде шектеулер қойылатыны атап айтылды. Сенаттың, Мәжілістің және мәслихаттың құзыреттіліктерін күшейту және олардың жұмысының барлығы халықтың әл-ауқатын көтеру жолында реформалануы керек. Ол үшін сайлаудың нағыз халықтық болуы, халқымыздың сайлауға деген көзқарасының өзгеруі маңызды. Бұл жолда БАҚ-тың жұмысына да өзгеріс жасау қажет. «Бұқаралық ақпарат құралдары бәсекеге қабілетті және еркін болуы керек... Мемлекет ашық ақпараттық кеңістік пен сұранысқа ие әрі пәрменді ақпарат құралдарын құруға айрықша назар аударады. Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен халықтың арасындағы тиімді байланыс арнасы бола отырып, елдегі қордаланған мәселелерді көтере алады және көтеруге міндетті. Бірақ, мұны жоғары азаматтық жауапкершілікпен жасау керек.
Біздің қоғамымызды ыдырату үшін сырттан берілетін тапсырыстармен жұмыс істеуге немесе көлеңкелі қаламақы үшін саяси кландардың астыртын тартысына қатысуға болмайды...
Тәуелсіз әрі жауапкершілігі жоғары бұқаралық ақпарат құралдары болмаса, қоғамды одан әрі демократияландыру мүмкін емес екеніне сенімдімін. Сондықтан мемлекеттің мүддесін, қоғамның сұранысын және медиасаланың даму үрдісін ескере отырып, БАҚ туралы заңды қайта қарау керек», – деді Қ.К.Тоқаев.
Еркіндік және бәсекеге қабілетті болу мүмкіндігі, мемлекеттік емес ұйымдардың қызметіне қолдау көрсету, елдегі азаматтық белсенділікті қалыптастыру барысы Ұлттық құрылтай құрумен тікелей байланысты екенін қуана қолдаймыз. Себебі, бұл ұйымда еліміздің барлық аймақ өкілдері болады.
Болашақта даму тек орталық қалалар ғана емес, бүкіл Қазақстан өңірінің көркеюіне мүмкіндік туады. Жолдаудағы елдің әкімшілік-аймақтық құрылымын қайта құру идеясы халықтың тек экономикалық жағдайын ғана емес, жалпы ұлттық мүдде, рухани ошақтарды жандандыру, өткен тарихты дұрыс бағалау мәселелерін көтеріп отыр. Президент елімізде жаңа үш облыс ашылатынын мәлімдеді. Олар – Абай облысы, орталығы – Семей қаласы, Ұлытау облысы, орталығы – Жезқазған қаласы, Жетісу облысы, орталығы – Талдықорған қаласы. Ал, Алматы облысының орталығы Қапшағай қаласы болды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы егер ел Қапшағай қаласына Дінмұхамед Қонаевтың есімін беруге ұсыныс жасаса, қолдайтынын да атап өтті. Сондай-ақ, осы Жолдауында әлемде болып жатқан оқиғаларға байланысты санкциялардың әсері, ұлттық валютаны бір қалыпта ұстау, спекуляцияға жол бермеу туралы да тілге тиек етті. Президент геосаясатқа да тоқталып, бүгінде геосаяси жағдайдың нашарлауы экономикаға кері әсерін беріп жатқанын да ашып көрсетті. Сөз соңында Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқының бүгінгі бақытты, болашағы кемел болуына бар күшін жұмсайтынын айта келіп, халықты жаңа Қазақстанды бірге құруға шақырды.
Әрине, Президенттің бұл ұсыныстарының іске асуы үшін, ең бас­тысы, әр адам өзін өзгертуі керек. Әрбір Қазақстан азаматының белсенділігі, ұлттық мүдде жолында ауызбіршілік танытуы, Президент айтып отырған жаңа саяси мәдениетті көрсетеді. Барлығымыз жаңа Қазақстанды құруға белсенділік көрсету болашақ алдындағы парызымыз деп білейік.

Сейдулла СЕҢГІРБАЕВ,
Қазығұрт ауданының «Құрметті азаматы», «Қазығұрт тынысы» газеті» ЖШС-інің директоры.

54ab8105-2872-4972-b567-57f53e7a14cf

16-наурызда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауын жария етті. Президент Жолдауы Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жасалып, негізінен ел өміріндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық даму реформалары жөніндегі тың өзгерістер таныстырылды.
Кешегі тәй-тәй басқан еліміз, қазіргі таңда аяғын нық басып, қадамы алшақ, өз бағытына сенімді, мығым мемлекетке айналып отыр. Еліміз – тыныш, халқымыз – бақытты. Басқа кейбір елдердегідей лаңкестік әрекеттер біздің жерімізде болмаса екен, аспанымызды қара бұлт торламаса екен, – деп тілейміз.
Жолдау кіріспесінде қасіретті қаңтар оқиғасына талдау жасаған Қасым-Жомарт Кемелұлы, болашақта бұндай зобалаңды болдырмау үшін мемлекет пен қоғамның тұтастай бірлігі қажеттігіне баса мән берді. Қаңтар қасіретіне жан-жақты сараптама жасаған Мемлекет басшысы, алдағы уақыттарда тергеу және тексеру жұмыстары толықтай аяқталатынын да еске салып өтті.
Сонымен қатар, ел Президенті Жолдауындағы аса ауқымды жаңалықтар, әкімшілік-аумақтық өзгерістерге қатысты Алматы облысының екіге бөлінуі, Ұлытау, Жетісу өңірлері дүниеге келуі және алты алаштың орталығы Семей қаласын Абай атындағы жаңа облысқа беру біздегі бұрын-соңды болмаған баяны мол өзгеріс дер едім. Президент Жолдауы мемлекетімізді мүлдем жаңа бағытқа, жарқын жетістіктерге жетелейтінін аңғардық.
Бірлігі берік, ырысы мен ынтымағы жарасқан жасампаз ел болуды жазсын құрметті ағайын. Жолдауды-қолдау арқылы мемлекет дамуына күш біріктіріп, ел игілігі жолында бірге қызмет етейік!

Айбар ТОЙЛЫБАЕВ,
Қазығұрт аудандық сотының
бас маманы, сот мәжілісі хатшысы.