852a807c-0584-4276-872e-56de31df384a

Қазығұрттықтар үшін қуанышты жаңалық! Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының Қазығұрт аудандық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2007-2008 жылы туылған талантты жас футболшылары Шымкент қаласында өтіп жатқан «Шымкент қаласы Балалар футбол лигасында» Қазығұрттық қырандар 18 команданың ішінен топ жарып келеді. Бұл, жеңіске деген құштарлықтары мықты, жасыл алаңда жасындай жарқылдаған шәкірттеріміздің бапкері Мықтыбек Рысалиевтің ерен еңбегінің нәтижесі. Білікті басшы, Сәбит Шушбаев бұл жетістікті жоғары бағалады. Футбол лигасының ойындарын тамашалауға келген көрермендердің көпшілігі қазығұрттық жасөспірімдердің жасыл алаңдағы талантына риза болды.
Қазақстан футболының өркендеуіне мол үлес қосатын дарындылар арасында 2008-жылғы туылған үздік ойыншыларымыз бар. Олардың қатарында команда капитаны Рахимов Ратмир, қақпашы Абдули Нұрасыл, қорғаны мықты қорғаушы Әмір Нұрсұлтан мен осы чемпионатта «Үздік ойыншы» номинация иегері Эргешов Нұрсұлтан Қазығұрт футбол мектебінің мақтаныштары.
Бапкер Рысалиев Мықтыбектің айтуынша, бұл әрбір шәкірттің алаңда тәжірибесінің қалыптасуы, командалық ойында бірін-бірі жақсы түсінуі. Шеберліктері мен техникалары да жылдам жас футболшыларымыз әлі талай додада жеңістерге жететін болады.

Абылай ӨТЕГЕН,
аудандық №4 БЖСМ әдіскері.

ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Жұма, 14 Қазан 2022 00:00

78a2abb1-b569-4b6d-90bf-e0127072451a

Жуырда Қазығұрт елдімекеніндегі орталық футбол алаңында «2022-жыл – Балалар жылы және ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылына» арналған футболдан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазығұрт аудандық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен облыстық жарыс өтті.
Жарысқа Түркістан облысының спорт мектептерінің командалары қатысты. Ойындар айналым тәсілімен екі топта өтті.
Ойындардың нәтижесінде бірінші орынды «Қазығұрт», екінші орынды «Облыстық мамандандырылған футбол мектебі», үшінші орынды «Сарыағаш» командасы иеленді. Жеңімпаздарға №4 БЖСМ тарапынан дайындалған кубоктар, медальдар, дипломдар және сыйлықтар табыс етілді.
Жарыста ерекше көзге түскен Төлебек Азамат «үздік қақпашы» (Сарыағаш), Мамыт Сүндет «үздік шабуылшы» (Облыстық мамандандырылған футбол мектебі), Бахтяр Ернұр «үздік қорғаушы» (Қазығұрт), Ержанұлы Сұлтанмахмуд «үздік ойыншы» (Қазығұрт), Ағабек Аян «үздік жартылай қорғаушы» (Арыс) атанып, арнайы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
Сонымен қатар, турнирде жақсы ойын көрсеткендері үшін «Арыс» командасы, Сәрсенбай Саят (Қазығұрт), Қуватбеков Бехруз (Облыстық мамандандырылған футбол мектебі), Сабыр Азамат (Арыс) дипломдармен марапатталды.

Абылай ӨТЕГЕН,
аудандық №4 БЖСМ әдіскері.

ФУТБОЛДАН ӨТКЕН АУДАНДЫҚ ТУРНИР

Жұма, 23 Қырқүйек 2022 00:00

b24a1362-e6aa-446d-aa1d-044516806d4e

Жуырда орталық футбол алаңында 2022-жыл «Балалар жылы және ТМД халық шығармашылығы мен мәдени мұра жылы» және «Спорт күніне» арналған футболдан 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазығұрт аудандық №4БЖСМ турнирі өтті.
Жарысқа №4 БЖСМ командалары қатысты. Ойындар айналым тәсілімен екі топта өтті. Ойындардың нәтижесінде бірінші орынды «Қазығұрт», екінші орынды «Рабат» үшінші орынды «Қожамберді» командалары иеленді. Жеңімпаздарға №4 БЖСМ тарапынан дайындалған кубоктар, медальдар, дипломдар және сыйлықтар табыс етілді.
Жарыста ерекше көзге түсіп, төрешілер шешімімен: «үздік қақпашы» Арапбай Абылай (Рабат), «үздік шабуылшы» Ержанұлы Сұлтанмахмуд (Қазығұрт), «үздік қорғаушы» Сейдазим Алихан (Қазығұрт), «үздік ойыншы» Әбдіразақ Айқын (Қожамберді), «үздік жартылай қорғаушы» Арал Әділет (Шарбұлақ) атанып, арнайы дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар турнирде жақсы ойын көрсеткендері үшін: Тұрғынбек Асылжан, Оралбек Алиакбар, Бердібек Мейірхан, Асан Ерзат (Шарбұлақ) дипломдармен марапатталды.

Абылай ӨТЕГЕН,
Қазығұрт аудандық №4 БЖСМ әдіскері.

ОБЛЫСТЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

Жұма, 23 Қырқүйек 2022 00:00

3a6d1986-43f9-49d0-a04d-874d73d1070c

Жуырда Қызылқия ауылындағы «Қызылқия» спорт кешенінде 2022 жыл – Балалар жылына орай «Спорт – нашақорлыққа қарсы» атты ұранымен қол күресінен 2005-2006, 2007 және одан жоғары жылы туылған жасөспірімдер арасындағы облыстық жарыс болып өтті. Жарысқа аудан, қалалардан 10 команда, 200-ге жуық спортшы қатысты.
Жүлделі орындарға ие болған командалар мен спортшылар грамота, медаль, кубок, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Қазығұрт-ақпарат».

644bc430-0e0a-4755-9cdf-e9ed611f30a3

Спорт – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бір бөлігі. Жастардың жан-жақты дамуын спортсыз елестету мүмкін емес. Бір сөзбен айтқанда, спорт – барлық тәрбие атаулының бір саласы. Оның түпқазығы – қозғалыс, ал қозғалыссыз тіршілік жоқ. Спорт сөзінің мағынасы өте кең. Бірінші байлық – денсаулық, ал сол денсаулықтың кепілі – спорт.
Елімізде осы қағиданы ту еткен спортшыларымызды мақтанышпен айта аламыз. Облыс тарапынан қаржылай қолдау көрсетіліп, Үшбұлақ елдімекеніне қарасты Қ.Өмірәлиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде, мектеп директоры О.Салыбаевтың басшылығымен «Үшбұлақ бокс» клубы ашылып, бірқатар елеулі жетістіктерді көрсетіп отыр.
«Үшбұлақ бокс» клубы Түркістан облысы Олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебімен тікелей жұмыс жүргізіліп отыр. Бұл «Үшбұлақ бокс» клубы үйірмесі осыдан екі жыл бұрын, нақтырақ 2020-жылдың қыркүйек айынан бірінен бастап жүргізіліп келеді. Үйірмені түгелдей атаулы мектептің түлегі,бокстан Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткері /КМС/ көптеген халықаралық турнирлердің жүлдегері, дене шынықтыру және спорт факультетінің түлегі Амангелді Нұрболат Нұржігітұлы жүргізіп отыр. Үйірме екі ауысым бойынша жұмыс жасалуда.Әр аусымда он бестен жоғары балалар мен қыздар қатысып қызу дайындық жасайды.
Біз бүгін еліміздің даңқын көкке өрлетіп жүрген спортшыларымызды даралап көрсетіп, дәріптеуді жөн көрдік.
2022 жылдың 27-31 тамыз күндері бокстан "Конституция күніне" орай және "Спорт – нашақорлыққа қарсы" атты ұранмен кіші жасөспірімдер арасында Қазығұрт аудандық № 2 БЖСМ-нің ашық біріншілігі болып өтті.

10845521-2040-4c73-8997-335d5d27065f
Аталған турнирге ауылымыздың "Үшбұлақ" мектебінің 16 боксшы жігіттері мен қыздары қатысып 11 медальға ие болды.
Түркістан қаласы, Бекзат Саттарханов спорт кешенінде ҚР-ның Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай бокстан 2004-2012 жылдар аралығына дейінгі жастар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнирде Үшбұлақ ауылының мектеп оқушылары жүлделі орын алды. Жарысқа қатысқан 8 жігіттің 6 боксшысы жүлделі орынға ілікті.
Бектұрсын Иманәлі мен Тұрсынбай Нұрдәулет ІІ орын, Жаппар Дарын, Алпысбай Диас, Төлебай Ерсұлтан, Мұғал Жанболат ІІІ орын иегері атанды.
ҚР-ның «Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» арналған бокстан 2008-2009, 2010-2011, 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында Түркістан қаласының «Тарлан батырлары» республикалық ашық біріншілігінде Үшбұлақ ауылының батырлары жүлделі орынға ие болды. Жарысқа 350 қатысушы қатысып, топты жарған 10 батырымыздың 5-і жүлделі орындарға ие болды. Олар: Абдрахим Мұхтар, Абилхасим Мұстафа, Жаппар Дарын, Тұрсын Бақдәулет, Амангелдиев Биболат ІІІ орын иегері атанды.
24-28 қпан күндері Тараз қаласында бокстан «Лондон-2012» олимпиада қатысушысы, әлем және Азия чемпионатының қола жүлдегері, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ғани Жайлауовтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасында республикалық ашық біріншілігінде Үшбұлақ боксшылары да өнер көрсетті. Алпысбай Диас 32 кг – І орын, ІІ орынды – Жаппар Дарын 28 кг салмақта, Ергеш Бекнұр 42 кг салмақта иемденсе, ІІІ орынды – Бектұрсын Иманәлі 28 кг салмақта, Тұрсын Бақдәулет 32кг салмақта,Тұрсынбай Нұрдәулет 30кг салмақта ие болды.
Бұл ашық біріншілікке Қазақстанның барша қалалары мен аудандарынан келген жалпы саны 847 боксшы жігіттер қатысты. 7-10 мамыр аралығында Қарағанды қаласында болып өткен Республикалық турнирде «Үшбұлақ бокс» мектебінің 19 батыр жігіттері мен 2 қайсар қыздары өнер көрсетті. Осы турнирде І орынды – Ербосын Ерасыл, Атбайлар Мейрамбек, Бектұрсын Иманәлі, Жаппар Дарын, Алпысбай Диас, Тұрсын Бақдәулет үздік техника кубогы, Байдулла Ердәулет, Амангелдиев Биболат, Ергеш Бекнұр, Тоқбай Жанболат, Бақыт Айсана иемденсе, ал ІІ орынды – Жәнібек Нұркелді, Абдрахим Мұхтар, Асқар Сұңқар, Қаржанбай Досымжан қанағат етті. Ал, ІІІ орынды Төлебай Сымбат, Тоқтабай Бақкелді, Төрехан Шыңғыс, Пердабек Дәулетбек, Бердіқұл Әлинұр, Байдулла Ербақыт қанжығасына байлады. Осынау командалық есепте бірінші орын алдық.
Бокстан 2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қызылорда облысы, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Әбдіманап Шорабаевты еске алуға арналған республикалық турнирдің жеңімпазы Байдулла Ербақыт атанды.
Бірінші күні Хромтау ауданының жігітін уақытынан бұрын жеңді. Екінші күні де Тасбөгет ауданының жігітін уақытынан бұрын жеңді. Үшінші күні ақтық сайыста яғни финалда жерлес Шиелі 10 спорт мектебінің спортшысын уақытынан бұрын жеңіп турнирдің чемпионы атанды.
Амангелдиев Биболат Бижігітұлы Түркістан облысы біріншілігінде І орын иегері атанды. Қазақстан чемпионатына жолдама алды. Амангелді Нұрболат Нұржігітұлы «Үздік бапкер» атанды.
Жастарды «Діни экстремизм мен нашақорлыққа қарсы» атты ұранымен бокстан 2009-2010, 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Арыс қаласының біріншілігінде «Үшбұлақ бокс» мектебінің жігіттері жүлделі І орынды Жаппар Дарын 28 кг, Тұрсынбай Нұрдәулет 30кг, Алпысбай Диас 32кг, Тұрсын Бақдәулет 32 кг салмақта алса, ал ІІ орынды – Бектұрсын Иманәлі 28кг, ІІІ орынды Абдрахим Мұхтар 26 кг, Атбайлар Мейрамбек 30кг, Төлебай Ерсұлтан 30кг, Перне Нұрдәулет 28кг салмақта алды.
Аталмыш жарыста Жаппар Дарын, Алпысбай Диас,Тұрсынбай Нұрдәулет, Бақыт Айсана чемпион атанса, Абдрахим Мұхтар күміс медальға, Бектұрсын Иманәлі, Ербосын Ерасыл, Жеңіс Елнұр, Ержан Нұрбақыт,Асқар Сұңқар, Пердабек Дәулетбек қола медальға ие болды.
Елім дейтін ер болмаса, ерім дейтін ел қайдан болсын –демекші ең бірінші үздік бапкер атанған, жас спортшыларды шыңдай білген, Амангелді Нұрболат Нұржігітұлының еңбегін атап өтпей болмас.
Ал, бауырларының жетістігіне қуана білген, Арыс, Қарағанды қаласында өткен жарыстарда ерекше ықыласпен жатын орынды орналастырып, барыс-келіс жол шығындарына үлкен көмек білдіргені үшін, тектілік танытқан Үсіпбаев Ерғазы Тұрсынұлы және Әсілхан Дәурен Уәлиханұлының, Абдулла Нұрислам Тұрарұлының қамқорлығы, атымтай жомарттығы көпке үлгі.
Бұл үйірме әр спортшының ата-аналарымен де тығыз байланысты. Біз бүгінде, ең негізгі жетістіктер көбірек болған салалар туралы әңгімеледік. Алдағы уақытта бокспен бірге өзге спорт түрлерінен де жетістіктер мол болады деп ойлаймыз. Оған еліміздің жылдан-жылға артып келе жатқан спорттық әлеуеті көзімізді жеткізсе керек.

Руслан АЛДАБЕРГЕН,
Қарабау ауыл округі
әкімі аппаратының іс-басқарушысы.

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Жұма, 02 Қырқүйек 2022 00:00

ae36297c-14ce-4eb2-abca-028ec54de590

Нұр-Сұлтан қаласында тамыз айының 24-30 күндері аралығында кіші футболдан Х-шы Қазақстан чемпионаты болып өтті. Республика көлемінен 64 команда қатысқан жарысқа ауданымыздан 4 команда: Қаһарман, Бауыржан, Қызылқия ауыл округінен Тілеу-Қызылқия, Алтынтөбе ауыл округінен Алтынтөбе командалары қатысты.
Алтынтөбе командасы чемпионаттың 1/8 финалына дейін жетсе, Бауыржан командасы жүлделі ІІ орынды иеленді.
Алдағы уақытта да қазығұрттық спортшыларымыздың жеңісті күндері көп болсын.

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімі.

08      спорт

Жуырда «1-маусым балаларды қорғау күніне» орай 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазығұрт аудандық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті. Жарысқа облыстың үздік 9 командасы қатысты.
Жарыс қорытындысында «Қазығұрт» командасы І орын, «Түркістан» командасы ІІ орын және «Жетісай командасы» ІІІ орынды иеленді. Жарыста ерекше көзге түскен Абдіқайым Нұрқанат (Түркістан) – үздік қорғаушы, Нұртас (Сарыағаш) – үздік жартылай қорғаушы, Ақберген Сұлтан (Жетісай) – үздік шабуылшы, Жүніс Мейрамбек (Қазығұрт) – үздік қақпашы, Ербосын Темірлан (Қазығұрт) – үздік ойыншы атанды.

Пернехан ЕЛТАЙ,
аудандық №4 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері.

ШАХМАТ АҚЫЛДЫЛАР ОЙЫНЫ

Жұма, 24 Маусым 2022 00:00

 221

Жуырда П.Акбаров атындағы негізгі орта мектебінде айтыскер ақын, жыршы Көлбай Майлыбаевты еске алуға арналған шахматтан аудандық турнир өткізілді. Турнирді ақынның ұрпақтары мен мектеп ұжымы ұйымдастырды.
Жарысқа аудан мектептерінен 104 оқушы командалық есеппен қатысты. Облысқа танымал шахматшы әрі төреші Бекзат Дәулетов жас шахматшылар сайысына төрелік етті. Жарыстың ашылу салтанатында К.Майлыбаевтың көзін көрген, Жамбыл атындағы мектепте бірге жұмыс істеген әріптестері С.Сейдалиев пен О.Меңлібеков сөз алып, ақынның біз білмейтін қырларынан сыр шертті.
Шахмат сүйер жастарға стимул беретін турнирде қанаттанып келе жатқан балапандар мен бірнеше жарыс­тарда жеңімпаз болып танылып үлгерген жастар да бар білетін әдіс-тәсілдерін ортаға салды. Соның арқасында жарыс қызықты да тартысты болып өтті. Жарыстың нәтижесі бойынша жеңімпаздар анықталып, марапатталды. Бірінші орынды «Еңбекші», екінші орынды Ы.Алтынсарин, үшінші орынды Жамбыл атындағы мектептері иеленді. Жарыс қорытындысымен жақсы ойнаған және алғаш қатысып отырған ең жас шахматшылар да сыйлыққа ие болып, 18 оқушы мақтау қағазымен марапатталды.
Жастарды спорт ойынына баулып, салауатты өмір салтын насихаттау мен ауданымыздың осындай айтулы азаматтарын еске алуға арналған іс-шаралар көптеп өткізіліп тұрса, ұрпақ тәрбиесінен жаңылыспайтынымыз ақиқат.

Ш.МАЙЛЫБАЙ,
П.Акбаров атындағы негізгі орта мектебінің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

208-2

2022-жылдың 30-31-мамыр күндері Түркістан қаласында «ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 30 жыл» толуына орай шахмат және бильярдтан ардагерлер арасында облыстық жарыс өтті. Аталған жарысқа бильярдтан екі, шахматтан екі ардагерден қатысты.
Спорттың бильярд түрінен қатысқан Жігерген ауыл округінен Жамашев Шамшиддин атамыз – І, Қазығұрт ауыл округінен Досанбаев Кәрібай атамыз – ІІІ орынды иеленді.
Алдағы уақытта да қазығұрттық спортшыларымыздың жеңісті күндері көп болсын.

Абзал ӘКІМБАЙ,
аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімінің әдіскері.

76         Спартакиада

Түркістан облысының құрылғанына 4 жыл және «23-маусым – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне» орай, ағымдағы жылдың 6-8 маусым аралығында спорттың 7 түрінен (шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, жүзу, тоғыз құмалақ, бильярд, қазақ күресі) облыстық спартакиадалық жарыстар өткізілді. Қазығұрт ауданы әкімінің орынбасары С.Тұрсынқұлов бастаған 32 мемлекеттік қызметші спортшыларымыз Түркістан қаласында өткен жарыстарға қатысып қайтты.
Нәтижесінде ауданымыздың қызметкерлері кіші футболдан – І, қазақ күресінен 75 кг салмақ дәрежесінде Б.Болғанов – ІІІ орынды иеленді. Жеңісіміз құтты болсын!

Абай СЕРКЕБАЕВ,
аудандық мәдениет, тілдерді дамыту,
денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы.