«Спорт бізді біріктіреді!»

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 10:11 Жарияланды Спорт Оқылды 1633 рет

Ұлы Жеңістің 72 жыл толуына орай аудандық орталық стадионында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында кіші футбол және шахматтан мектеп оқушылар арасында «Спорт бізді біріктіреді!» атты аудандық ашық турнир болып өтті.


Жастарды бұқаралық спорт арқылы біріктіру, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, спорт түрлерін өскелең ұрпаққа дәріптеу, олардың бос уақытын тиімді пайдалануын және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында барлық ауыл округінен мектеп оқушылары мен жасөспірімдер қатысты. Жалпы кіші футболда 18 команда жасыл алаңда бір-бірімен кездесіп, тартысты ойын өрнегін көрсетсе, ал шахматтан 13 жасөспірім бақ сынасты. Бұл шараға Жандар Төлендіұлы бас төрешілік етті.
Ойындар нәтижесінде кіші футболдан «Болашақ» мектеп-гимназиясының командасы – І, «Ақжар» жалпы орта мектебінің командасы – ІІ, «Айнатас» (Комсомол) жалпы орта мектебінің командасы – ІІІ орынды қанжығаларына байлады.
Шахматтан өткен жарыста І-орынды Тоқтақұлов Бағдат, ІІ-орынды Әбітай Шерхан және ІІІ-орынды Аймахан Дастан және Бимұратұлы Бақтыбек иемденді. Жүлде алған командалар аудандық «Жастар ресурстық орталығының» Алғыс хатымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

А. БАЙТҰРСЫНОВ,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы.