РАХМАНБЕРДІ ӘБДІРАЙЫМОВТЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 10:13 Жарияланды Спорт Оқылды 1571 рет

Шарапхана елді мекенінің орталық стадионында футболдан қоғам қайраткері, «Октябрь революциясы», екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендері мен бірнеше медальдармен марапатталған Рахманберді Әбдірайымов ағаны еске алуға арналған аудандық турнир болды. Ашылуына оның ұлдары Нұрлан мен Рашид, Шарапхана ауыл округі ардагерлер кеңесінің мүшелері Қ.Кенжалы мен Ш.Досмұрзаев қатысты.Шарапхана - копия


Турнирге 16 команда қатысты. Олар төрт топқа бөлініп, айналмалы түрде ойын өткізілді. Екі күнге созылған жарысқа қатысушылар іріктеліп, төрт команда ақтық ойынға жолдама алды.
Жарыстың жабылуы мен марапаттау іс-шарасына аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Қ.Бұхаров, ауыл округінің әкімі А.Қуатбаев, ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Каленов, ауыл имамы Б.Есболов қатысты. Нәтижесінде «Шарапхана» командасы І орынды алып, ауыспалы кубок пен 200 мың теңге, «Жаңабазар» командасы ІІ орынды иемденіп, 100 мың теңге, «Қаһарман» командасы ІІІ орын тұғырына көтеріліп, 70 мың теңге және «Рабат» командасы ІV орынды қанағат етіп, 50 мың теңге сыйлыққа ие болды. «Қаһарман» командасынан Ә.Сәдібековке «үздік қорғаушы», жаңабазарлық Досжан Мейманға «үздік жартылай қорғаушы», шарапханалық Мұса Жасұланға «үздік қақпашы» атақтары беріліп, арнайы диплом мен ақшалай сыйлық табыс етілді. Жеңімпаз спортшылар мен командаларды Нұрлан Әбдірайымов, Рашид Әбдірайымов және Б.Тұрғараев марапаттады.
«Түгейболат» қайырымдылық қорының төрағасы, заң ғылымдарының докторы Бекет аға алдағы уақытта «Бабалар рухына тағзым» кешенінің маңайынан Рахманберді Әбдірайымов атындағы спорт кешені бой көтеретінін жеткізді.

Ж.НҰРЖІГІТ,
Шарапхана ауыл округі.