Салауатты өмір салты дәріптелді

Сейсенбі, 04 Шілде 2017 15:11 Жарияланды Спорт Оқылды 1971 рет

Жақында Халықаралық нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күніне орай, аудандық спорт кешенінде аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен 18-29 жас аралығындағы жастар арасында қазақ күресінен аудандық турнир болып өтті.


Жастарды бұқаралық спорт арқылы біріктіру, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, спорт түрлерін өскелең ұрпаққа дәріптеу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауын іске асыру, аудан көлемінде қазақ күресін насихаттау және спортшылардың шеберлігін арттыру, спортшылар арасында достықты нығайту мақсатында барлық ауыл округтерінен жастар қатысты. Жалпы бұл шарада Наушабеков Нұрболат бас төрешілік етіп, жастарымыз 55, 60, 66, 74, 74 келі салмақ дәрежелері бойынша бақ сынасты.
Қазақ күресінің 55 келі салмақ дәрежесі бойынша Құрбанов Айдос – І, Қошқар Абзал – ІІ, Өмірқұл Ермахан – ІІІ орынды, 60 келі салмақ дәрежесі бойынша Камал Мейіржан – І, Мырзахметов Ернұр – ІІ, Назарбек Құдайберген – ІІІ орынды, 66 келі салмақ дәрежесі бойынша Амангелді Нұрлан – І, Орынбаев Ермахан – ІІ, Сейсембаев Сейітхан – ІІІ орынды, 74 келі салмақ дәрежесі бойынша Хавазов Нажимиддин – І, Асқар Дәулет – ІІ, Рысбаев Асхат – ІІІ орынды, 74 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша Сейдулла Нұрбек – І, Құдайбергенов Камал – ІІ, Есенғалиев Болат – ІІІ иемденді. Жүлде иегерлері аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің алғыс хатымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

М. АБДУЛЛАЕВА,
аудандық «Жастар ресурстық орталығы»
КММ-нің психологы.