ЕРКЕБҰЛАН АЛТЫННАН АЛҚА ТАҚТЫ

Дүйсенбі, 31 Шілде 2017 10:29 Жарияланды Спорт Оқылды 1068 рет

Еркебұлан Абдулла – самбо күресінен түрлі турнирлерге қатысып, үнемі жүлдегер болып, Қазығұрт ауданының ғана емес, облысымыздың және еліміздің атын шығарып келеді.

Нурболат


Жақында Өзбекстанның Ташкент қаласында жастар арасында самбо күресінен Азия чемпионаты өтті. Оған жерлесіміз Еркебұлан Абдулла Қазақстан ұлттық құрама командасының мүшесі ретінде қатысты. Ол 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ақтық сайыста тәжік елінің палуанын таза жеңіп, бірінші орын алып, алтыннан алқа тақты. Сөйтіп, Қазақстан Республикасының әнұраны орындалып, еліміздің даңқын аспандатты.
Еркебұланның бабын келтіріп, еліміздің намысын қорғайтын азамат етіп тәрбиелеп жүрген жаттықтырушысы, ауданымыздағы №3 балалар және жасөспірімдер спорттық мектебінің бапкері Нұрболат Наушабековке де алғыс айтуға болады.

«Қазығұрт-ақпарат»