ЖАНАБАЗАР АЛДА КЕЛЕДІ

Дүйсенбі, 23 Қазан 2017 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 990 рет

Жастар корпусын дамыту жобасы аясында 18-29 жастағы жастар арасында «Спорт – бізді біріктіреді» атты спорттық шара ұйымдастырылды. Ойыншылар «Жас қанат» спорт кешенінде шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисінен бақ сынасты.
Ойын нәтижесінде шахматтан Қ.Имомәлиев – І, Д.Стамбек – ІІ, Б.Елтай – ІІІ орынды, ал, дойбыдан А.Дүйсебек – І, А.Байтұрсынов – ІІ, Д.Айболаев – ІІІ орынды, тоғызқұмалақтан Ж.Баймен – І, Н.Аяқпан – ІІ, Б.Ақайдар – ІІІ орынды, үстел теннисінен Нұрғазы Әбдібай – І, Ержігіт Тәңірберген – ІІ, Нұрхан Байтұрсынов – ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаздар аудандық «Аналар – асыл жандар» қоғамдық бірлестігінің алғыс хатымен марапатталып, кубоктар табыс етілді.

66

 

А. БАЙТҰРСЫНОВ,
аудандық «Жастар ресурстық
орталығы» КММ-нің инспекторы.