Облыстық турнир өтті

Дүйсенбі, 21 Мамыр 2018 00:00 Жарияланды Спорт Оқылды 1031 рет

   Қазығұрт аудандық спорт кешенінде қазақ күресінен 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында аудан спортының дамуына еңбегі сіңген ардақты азамат, Қазақстан Республикасының спорт шебері Арғынбай Кенжебаевты еске алуға арналған 15-ші облыстық турнирі өтті.

33

Дәстүрлі іс-шараны аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Құралбек Бұхаров ұйымдастырды. Оған облыс бойынша 13 команда қатысты. Аталмыш додада Орынбасар Теңлесбай мен Досан Мейрамбек – І, Абылайхан Дүйсенов, Ермахан Роман, Жанболат Аралбай – ІІ, Ернұр Жарылқасын, Әлібек Қазыбек, Ақжол Ыбрайым ІІІ – орын иегерлері атанды.

Жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Ә.СҮЙЕУБЕКОВА.