Шынықсаң – шымыр боларсың

Дүйсенбі, 07 Қараша 2016 08:50 Жарияланды Спорт Оқылды 1780 рет

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Ащыбұлақ» жалпы орта мектебінде «Оқушыларды үздіксіз дене тәрбиесімен шұғылдануға баулу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында аудандық семинар өтті.

sportmektep

Семинар жоспарына сәйкес, дене шынықтыру пәні мұғалімдері Е. Кенжебаев, Ш. Мүталиев, У. Инатиллаев, М. Исақов сабақ өткізді. Шараға ауданымыздың 35 мектебінен дене шынықтыру пәні мұғалімдері қатысты.
Е. Кенжебаевтың «2000-3000 метр қашықтыққа жүгіру жаттығулары»Ш. Мүталиевтың «Допты алып жүру жаттығулары» сабақтары жоғары бағаланды.
Тұрбат елді мекеніндегі «Жаңатірлік» жалпы орта мектебінің мұғалімі Қ.Мұсырманқұлов У. Инатиллаевтың «Кедергілер арқылы жүгіріп өту» атты сабағына қатысып, оқушыларға берілген жүктемені анықтау мақсатында 9-сынып оқушысы Ғ. Боранбайдың тамыр соғысы жиілігін әр 3 минут сайын өлшеп, анықтау парақшасына жазып отырды. Өз сөзін қорыта келе, оқушыларға жүктеменің дұрыс берілгендігін айтып, сабақ жоғары бағалады.
Дене тәрбиесі пәні мұғалімдері В. Инатиллаев, Е. Кенжебаев, Ш. Мүталиев және М. Исақов аудандық білім бөлімінің Грамотасымен марапатталды.

«Ащыбұлақ» жалпы орта мектебінің
дене шынықтыру пәні бірлестігі.

Тағыда осы категорияда: Шахмат тақтайшасындағы тартыс »