Шахмат тақтайшасындағы тартыс

Дүйсенбі, 14 Қараша 2016 10:25 Жарияланды Спорт Оқылды 27908 рет

Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шахматтан мұғалімдер арасында Қазығұрт ауданының біріншілігі өтті.

 

Жарысқа аудан мектептерінен 50-ге тарта шахматшы жиналды. Ерлер арасында І орынды 7 турдан 7 ұпай жинаған Б. Дәулетов («Комсомол» ЖОМ), ІІ орынды 5,5 ұпаймен Ғ. Айтенов («Қаржан» ЖОМ), ІІІ орынды 5,5 ұпаймен Н. Оралбаев (Макаренко атындағы ЖОМ), ал, әйелдер арасында 5 ұпаймен І орынды А. Шушбаева («Болашақ» мектеп-гимназиясы), ІІ орынды 4 ұпаймен Б. Ертаева (Жамбыл атындағы ЖОМ), ІІІ орынды 3,5 ұпаймен Н. Құрбанәлиева (Қ. Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі) иеленді.
Жарысқа аудандық білім бөлімі кәсіподақ комитетінің төрағасы А. Қанатбаев пен Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері демеушілік жасады.

П.МОЛДАБЕКОВ,
ұйымдастырушы-педагог.igra-shakhmaty2