«Айнатас» командасы – жеңімпаз

Сәрсенбі, 16 Қараша 2016 10:40 Жарияланды Спорт Оқылды 2049 рет

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына  орай Елшібек батыр атындағы мектеп-лицейінде волейболдан жасөспірім қыздар арасында ауданның ашық біріншілігі өтті.

1408955853 gran-pri

 


І орынды Айнатас ауылындағы «Комсомол» жалпы орта мектебінің «Айнатас» командасы қанжығалады. Маржан Бижанова мен Асылжанды Сыпабекті ерекше  атап өтсек болады. Өйткені, олар біріншіліктің  «Үздік ойыншысы» атанды.

Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен біріншіліктің мақсаты –   дене тәрбесі мен спортты  әрі қарай дамыту, жасөспірімдерді Отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге баулу, волейболға  жастарды  тарту, жас  спортшылырдың тәжірибесін шыңдау, «Спорт есрткіге қарсы!» ұранын кеңінен насихаттау.

Исатай ҚАСЫМБЕКОВ,

жаттықтырушы.