Турнир Тәуелсіздікке арналды

Жұма, 30 Желтоқсан 2016 09:46 Жарияланды Спорт Оқылды 2013 рет

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нұрахмет Бөртеевтің ұйымдастыруымен спорттың үстел теннисінен ұлдар және қыздар арасында аудандық турнир болды. Оған 16 команда қатысты. Турнирді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қ.Бұхаров ашып, жарысқа қатысушы оқушыларға сәттілік тіледі.

 

Нәтижесінде ұлдар арасында Оразбай Мырзазия (Жамбыл атындағы мектеп) – І, Зафар Махмудов (Тураб Тула) – ІІ, Самандар Махмудов (Тураб Тула) – ІІІ орын алса, қыздар арасында Ақерке Дәуітбаева (А.Байтұрсынов атындағы мектеп) – І, Адина Асанбай (А.Байтұрсынов) – ІІ, Жансұлу Мошқал («Ынталы») – ІІІ орынды еншіледі.

Несібелі ЕШАНҚҰЛОВА,
А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары.