Футболдан біріншілік өтті

Дүйсенбі, 21 Мамыр 2018 00:00

Жуырда ауданның 90 жылдығына орай футбол күні қарсаңында «Жас спортшылар нашақорлыққа қарсы күрес» ұранымен 2003-2004 жылы туылған жасөспірімдер арасында біріншілік өтті.

22

Облыстық турнир өтті

Дүйсенбі, 21 Мамыр 2018 00:00

   Қазығұрт аудандық спорт кешенінде қазақ күресінен 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында аудан спортының дамуына еңбегі сіңген ардақты азамат, Қазақстан Республикасының спорт шебері Арғынбай Кенжебаевты еске алуға арналған 15-ші облыстық турнирі өтті.

33

ЖАНАБАЗАР АЛДА КЕЛЕДІ

Дүйсенбі, 23 Қазан 2017 00:00

Жастар корпусын дамыту жобасы аясында 18-29 жастағы жастар арасында «Спорт – бізді біріктіреді» атты спорттық шара ұйымдастырылды. Ойыншылар «Жас қанат» спорт кешенінде шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисінен бақ сынасты.
Ойын нәтижесінде шахматтан Қ.Имомәлиев – І, Д.Стамбек – ІІ, Б.Елтай – ІІІ орынды, ал, дойбыдан А.Дүйсебек – І, А.Байтұрсынов – ІІ, Д.Айболаев – ІІІ орынды, тоғызқұмалақтан Ж.Баймен – І, Н.Аяқпан – ІІ, Б.Ақайдар – ІІІ орынды, үстел теннисінен Нұрғазы Әбдібай – І, Ержігіт Тәңірберген – ІІ, Нұрхан Байтұрсынов – ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаздар аудандық «Аналар – асыл жандар» қоғамдық бірлестігінің алғыс хатымен марапатталып, кубоктар табыс етілді.

66

Спорт – бізді біріктіреді

Дүйсенбі, 23 Қазан 2017 00:00

Жастар корпусын дамыту жобасы аясында 18-29 жастағы жастар арасында «Спорт – бізді біріктіреді» атты спорттық шара ұйымдастырылды. Ойыншылар «Жас қанат» спорт кешенінде шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, үстел теннисінен бақ сынасты.
Ойын нәтижесінде шахматтан Қ.Имомәлиев – І, Д.Стамбек – ІІ, Б.Елтай – ІІІ орынды, ал, дойбыдан А.Дүйсебек – І, А.Байтұрсынов – ІІ, Д.Айболаев – ІІІ орынды, тоғызқұмалақтан Ж.Баймен – І, Н.Аяқпан – ІІ, Б.Ақайдар – ІІІ орынды, үстел теннисінен Нұрғазы Әбдібай – І, Ержігіт Тәңірберген – ІІ, Нұрхан Байтұрсынов – ІІІ орынды иеленді.
Жеңімпаздар аудандық «Аналар – асыл жандар» қоғамдық бірлестігінің алғыс хатымен марапатталып, кубоктар табыс етілді.

ҮШЕУІ ҮЗЕҢГІ ҚАҒЫСТЫРЫП КЕЛЕДІ

Дүйсенбі, 09 Қазан 2017 00:00

ФУТАудан біріншілігінің 6-турында мынадай нәтижелер тіркелді:
«Қ.Әбдалиев» – «Жігерген» 2-2 «Қазығұрт-1» – «Қарабау» 3-2
«Жаңабазар» – «Қазығұрт-2» 3-0 «Шарапхана» – «Қызылқия» 3-0
«Алтынтөбе» – «Шарбұлақ» 0-1 «Тұрбат» – «Ардагер» 4-3

ІХ-ТУРДЫҢ ОЙЫН КЕСТЕСІ
7-қазан күні сағат 14:00-де «Қазығұрт-2» – «Қарабау» командасы кездессе, 15:30-да «Қазығұрт-1» – «Қызылқия» командалары ойын көрсетеді.
Ал, сағат 17:00-де «Алтынтөбе» – «Жігерген» командалары өз ара бақ сынайды.
8-қазан күнгі ойындарға тоқталсақ, сағат 14:00-де «Тұрбат» – «Шарбұлақ», сағат 15:30-да «Рабат» – «Шарапхана», сағат 17:00-де «Жаңабазар» – «Ардагер» командасы теңбіл доптан тартысқа түскелі отыр. Барлық командаларға сәттілік тілейміз!

Б. ОРЫНБАСАР,
аудандық дене шынықтыру және
спорт бөлімінің бас маманы.

Теңбіл доп додасы

Дүйсенбі, 14 Тамыз 2017 09:59

Өткен сенбіде ел ішінде салауатты өмір салтын қалыптастырып, жастарға спортты насихаттау мақсатында футболдан аудан біріншілігі басталды. Былтыр бұл дүбірлі доданы аудан әкімі Т.Телғараев бастама етіп көтерген болатын. Жарысқа 12 ауылдың командалары қатысады. Сонымен І-турдың нәтижелері:
«Жаңабазар» – Қарабау 8 – 0
Шарапхана – Жігерген 1 – 0
Қызылқия – Шарбұлақ 4 – 0
Қазығұрт-2 – Тұрбат 0 – 3
Қазығұрт-1 – Алтынтөбе 0 – 1
Қ. Абдалиев – Ардагер 3 – 1
Алдағы ІІ-турдың ойын кестесі:
11-тамыз
1-ойын сағат 17:30-да Қазығұрт-1 – Тұрбат, 2-ойын сағат 18:50-де Ардагер – Қазығұрт-2.
12-тамыз
Сағат 18:00-де Алтынтөбе – Қ. Абдалиев.
13-тамыз
1-ойын сағат 16:30-да Қызылқия – Жігерген, 2-ойын сағат 17:40-та Қарабау – Шарапхана.
3-ойын сағат 18:50-де Жаңабазар – Шарбұлақ командалары ойнайды.
Жарысты ұйымдастыруға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйытқы болып отыр. Талап қатаң. Ойындар әр аптаның сенбі және жексенбі күндері өтеді.
Б. ОРЫНБАСАР,
аудандық дене шынықтыру және
спорт бөлімінің бас маманы.5e0a8910bd3e195207c9071756190fd6

ЕРКЕБҰЛАН АЛТЫННАН АЛҚА ТАҚТЫ

Дүйсенбі, 31 Шілде 2017 10:29

Еркебұлан Абдулла – самбо күресінен түрлі турнирлерге қатысып, үнемі жүлдегер болып, Қазығұрт ауданының ғана емес, облысымыздың және еліміздің атын шығарып келеді.

Нурболат

Салауатты өмір салты дәріптелді

Сейсенбі, 04 Шілде 2017 15:11

Жақында Халықаралық нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес күніне орай, аудандық спорт кешенінде аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен 18-29 жас аралығындағы жастар арасында қазақ күресінен аудандық турнир болып өтті.

Шарапхана елді мекенінің орталық стадионында футболдан қоғам қайраткері, «Октябрь революциясы», екі мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендері мен бірнеше медальдармен марапатталған Рахманберді Әбдірайымов ағаны еске алуға арналған аудандық турнир болды. Ашылуына оның ұлдары Нұрлан мен Рашид, Шарапхана ауыл округі ардагерлер кеңесінің мүшелері Қ.Кенжалы мен Ш.Досмұрзаев қатысты.Шарапхана - копия


Турнирге 16 команда қатысты. Олар төрт топқа бөлініп, айналмалы түрде ойын өткізілді. Екі күнге созылған жарысқа қатысушылар іріктеліп, төрт команда ақтық ойынға жолдама алды.
Жарыстың жабылуы мен марапаттау іс-шарасына аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Қ.Бұхаров, ауыл округінің әкімі А.Қуатбаев, ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Каленов, ауыл имамы Б.Есболов қатысты. Нәтижесінде «Шарапхана» командасы І орынды алып, ауыспалы кубок пен 200 мың теңге, «Жаңабазар» командасы ІІ орынды иемденіп, 100 мың теңге, «Қаһарман» командасы ІІІ орын тұғырына көтеріліп, 70 мың теңге және «Рабат» командасы ІV орынды қанағат етіп, 50 мың теңге сыйлыққа ие болды. «Қаһарман» командасынан Ә.Сәдібековке «үздік қорғаушы», жаңабазарлық Досжан Мейманға «үздік жартылай қорғаушы», шарапханалық Мұса Жасұланға «үздік қақпашы» атақтары беріліп, арнайы диплом мен ақшалай сыйлық табыс етілді. Жеңімпаз спортшылар мен командаларды Нұрлан Әбдірайымов, Рашид Әбдірайымов және Б.Тұрғараев марапаттады.
«Түгейболат» қайырымдылық қорының төрағасы, заң ғылымдарының докторы Бекет аға алдағы уақытта «Бабалар рухына тағзым» кешенінің маңайынан Рахманберді Әбдірайымов атындағы спорт кешені бой көтеретінін жеткізді.

Ж.НҰРЖІГІТ,
Шарапхана ауыл округі.

Қазақстандық полицияның 25 жылдық мерекесі қарсаңында Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық ішкі істер бөлімдерінің арасында «Парасатты полицей» атты жайдарман жарысы болды. Жайдарманға облыс көлемінде 23 команда қатысты.