Шахматшыларымыз өрледі

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 10:12

Жуырда жасөспірімдер арасында Шымкент қаласында шахматтан облыстық «Ақбоз ат» жарысы өтті. Бұл жарысқа Қазығұрт ауданынан №1 балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебінің (директоры К. Телікбаев) шахматшылары Б. Сапар, Б.Мырзахмет, Ы.Куаныш, Т.Разақ, С.Шаукен және А.Амангелді қатысты. Барлық қарсыластарын ұтып, І-ші орынды жеңіп алған жерлестеріміз Астана қаласына республикалық «Ақбоз ат» жарысына аттанды. Бұл жарыста да барлық қарсыластарын ұтып, тек бір ойында жеңіліс тапқан шахматшыларымыз Б.Сапар, Б.Мырзахмет, Ә.Тіленші, А. Шаукен ІІ-ші орынды жеңіп алды. Жеңістеріңіз құтты болсын, жерлестер!

«Қазығұрт-ақпарат»

«Спорт бізді біріктіреді!»

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 10:11

Ұлы Жеңістің 72 жыл толуына орай аудандық орталық стадионында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында кіші футбол және шахматтан мектеп оқушылар арасында «Спорт бізді біріктіреді!» атты аудандық ашық турнир болып өтті.

Қазығұрттықтар топ жарды

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 10:11

Оңтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы ФОК спорт кешенінде бокстан 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында VIII спартакиада болды. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорттық мектептері арасында өткен бұл жарысқа облыс көлемінде 25 команда, 225 спортшы қатысты.
Ауданымыздың орталығындағы №2 балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебінің аға жаттықтырушысы Сәбит Қасымбеков дайындаған «Қазығұрт» командасынан 80 кілә салмақ дәрежесінде Бақдәулет Құрал, 57 кіләда Ердос Нұрақбай және 48 кіләда Әмірхан Тоқсанбаев алтыннан алқа тағып, мерейімізді асырды. Командалық есепте қазығұрттық спортшыларымыз топ жарып, І орынды иемденсе, «Сайрам» командасы ІІ орынды, «Шардара» командасы ІІІ орынды алды.

Қайрат ЖОРАБЕКОВ,
№2 балалар-жасөспірімдер спорттық мектебі, директор орынбасары.

Бақтияр қоладан алқа тақты

Сәрсенбі, 24 Мамыр 2017 10:08

Самбо күресінен спорт шеберлігіне үміткер, №3 балалар мен жасөспірімдер спорттық мектебінің бапкері Бақтияр Төреқұловтың Сынтас елді мекеніндегі Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінде шәкірттерді екі топқа біріктіріп, қазақ күресіне баулып, тәрбиелеп жүргеніне бес жылдай уақыт болды. Оның өзі де самбо күресінен Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғап, түрлі турнирлерге қатысып, үнемі жеңімпаздар қатарынан көрініп келеді.

Бокс706
Таяуда ғана Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде самбо күресінен спорт шеберлері арасында республикалық чемпионат болды. Бақтияр Төреқұлов 40-44 жас аралығындағы 74 келі салмақ дәрежесінде чемпионатқа қатысып, ІІІ орынды иемденіп, қоладан алқа тақты. Бір айтарлық жай, оның ағасы сарыағаштық Әлжан Төреқұлов осы чемпионатқа Оңтүстік Қазақстан облысы атынан қатысып, 50-54 жас аралығындағы 82 келі салмақ дәрежесінде ІІ орын алып, күміс медалін иемденді.

«Қазығұрт-ақпарат».

Тұрбаттықтар турнир өткізді

Дүйсенбі, 15 Мамыр 2017 09:40

IMG-20170502-WA0005

Тұрбат ауылында мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған 1980-жылы туылғандардың ұйымдастыруымен футболдан жылда өтетін дәстүрлі турнир болды. Оған биылғы мектеп бітірушілерден ардагерлерге дейін бас-аяғы 24 команда қатысты. Екі күнге созылып, ақтық ойынға қатысушы үздік командалар анықталған жарыс өте тартысты өтті.
Турнир нәтижесінде 1-орынды 1994-жылы туылғандар иемденіп, мерейлері үстем болып, 100 мың, 2-орынды жеңген Сапарбек Жаналиев пен Нұрлан Қадыр бастаған «Ардагер» командасы 70 мың, 3-орынды иеленген 1991 жылы туылғандар 50 мың сыйлықты алса, үздік ойыншылар да арнаулы сыйлықтармен марапатталды.

«Қазығұрт-ақпарат».

 

Қазақтың ұлттық ойындарының жастарға тигізетін тәрбиелік мәні орасан зор және де бұл – дене тәрбиесінің баға жетпес құрамы болып саналады. Ұлттық ойындар тек ойын-сауық қана емес, ол – спорт, өмір сүру үшін маңызы бар үлкен тәрбие жолы. Сонымен қатар, ойындар ерлікті, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты тағы басқа мінез ерекшеліктерін қалыптастырады.

Аймақтық жарыс өтті

Жұма, 31 Наурыз 2017 09:24

«Майбұлақ» жалпы орта мектебінде даңқты қолбасшы, генерал-майор Сабыр Рақымовтың туғанына 115 жыл толуына орай ұлағатты ұстаз, зейнеткер Тәліпбай Қабыланов атындағы дәстүрлі шахмат-дойбы ойынынан аймақтық жарыс болды.

Қос шәкірті топ жарды

Жұма, 03 Ақпан 2017 09:46

Жақында жасөспірімдер арасында спорттың дзю-до түрінен ауданаралық жарыс ұйымдастырылған болатын.

3332

«Болашақ» мектеп-гимназиясында спорттың дзю-до түрінен жарыс ұйымдастырдық. Онда 150 үміткер бақ сынап, нәтижесінде 51 жасөспірім I, II және III орындарды иемденді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлық тарту етілді.

Алты жолдама жеңіп алдық

Жұма, 27 Қаңтар 2017 09:21

Жуырда Шымкент қаласында шахматтан облыстық шахмат федерациясы президентінің кубогы өтті. Бұл жарыс Қазақстан біріншілігіне іріктеу болды. Нәтижесінде әр түрлі жас деңгейіндегі жасөспірім шахматшыларымыз Гауһар Жанысбек, Ақжүніс Аманкелді, Аружан Шаукен, Бекжан Мырзахмет, Ажар Шаукен, Сандуғаш Шаукен жолдаманы жеңіп алды.